Есеп шығаруда пәнаралық байланысты қолданудың маңызы
Автор: Mr_vip_serik • Октябрь 19, 2018 • Статья • 855 Слов (4 Страниц) • 628 Просмотры
Есеп шығаруда пәнаралық байланысты қолданудың маңызы
Қизатолла Серікбек
«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия»КММ-сінің
математика пәні мұғалімі
Н.Винер: «Математика – жастар ғылымы. Басқаша болуы мүмкін де емес. Математикамен айналысу – ақылдың айрықша гимнастикасы, оған жастық шақтың бүкіл оралымдылығы мен бүкіл төзімділігі керек», - деп айтқандай, бүгінгі ғылым мен техника дамыған кезеңде оқушыға белгілі көлемде білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.
Оқушының математикалық ойлау қабілетін дамыту, теориялық білімін тереңдету, практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, оларды бұл ғылымның сырын ұғуға икемдеу мақсатында есеп шығару кезіндегі пәнаралық байланыстың маңызын ашып түсіндіру қажет.
Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай -ақ пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге ортақ болып келеді.
Оқу процесінде пәнаралық байланыстарға сүйеніп отыру көптеген жалпы қортындылар жасауға мүмкіндік береді.
Алгебрада “Сандар тізбегі” тарауын физикамен, байланыстыру мүмкіндігі мол. 9-сыныптың алгебрасында қозғалысқа байланысты есептер көптеп кездеседі. Мұндай есептер көп жағдайда шығармашылықпен ойлауды қажет етеді, себебі оның жауабының күтпеген жерден кенеттен, яғни қарапайым, әрі қызықты болуында, өйткені олар онша көңіл аударылмайтын физикалық және математикалық қағидаларға сүйенеді. Осындай есептердің кейбіреулерін қарастырайық.
1-есеп. Дене қандай да бір биіктіктен еркін құлап келе жатып бірінші секундта 4,9 м, ал келесі әрбір секундтарда 9,8 м-ге артық қашықтықты жүріп өтеді. Егер дененің түсу уақыты 10 с болса, құлау биіктігін анықтаңдар (1- сурет).
[pic 1]
1-сурет
Есептің шарты бойынша бұл есеп арфметикалық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табуға әкеледі. Арфметикалық прогрессияның бірінші мүшесі , айырмасы , .[pic 2][pic 3][pic 4]
Сонда
[pic 5]
Жауабы: Дененің 10 с уақытта құлау биіктігі 490 м.
2-есеп. Өзен ағысының, қайықтың ағысқа қарсы және ағыс бойымен алынған жылдамдықтары арифметикалық прогрессия құрайды. Қайық 72 км қашықтықты екі бағытта 12 сағ 48 мин-та (12,8 сағ) өтсе, онда қайықтың және өзен ағысының жылдамдығын табыңдар (2- сурет).
[pic 6]
2- сурет
Шешуі:
Өзен ағысының жылдамдығын [pic 7], қайықтың жылдамдығын [pic 8] деп алсақ, онда қайықтың ағысқа қарсы жылдамдығы [pic 9] және ағыс бойымен алынған жылдамдығы [pic 10] болады. Сонда арифметикалық прогрессия қатары [pic 11] болады. Арифметикалық прогрессияның қасиеті бойынша [pic 12] болғандықтан,
...