Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық

Автор:   •  Февраль 7, 2019  •  Реферат  •  848 Слов (4 Страниц)  •  540 Просмотры

Страница 1 из 4

Құқықтық тәртіп – бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол, бірінші-ден, құқық нормаларында көрсетілген; екіншіден, құқық нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады; үшіншіден, мемлекеттің құралдарымен қамтамасыз етіледі; төртіншіден, азаматтардың өмірлік қызметі үшін қолай-лы жағдайлар жасалынады; бесіншіден, заңдылықтың қорытындысы болып табылады.

Құқықтық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының шындығы, сонымен бірге демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың салтанаты оған байланысты.

Құқықтық тәртіп « қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық неде? Егер құқықтық тәртіп құқық нормалары-ның талаптарын іске асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормала-ры, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер іс-қимылда-рының нәтижесі. Сондықтан қоғамдық тәртіптің ұғымы құқықтық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қорытынды: кез-келген құқықтық тәртіпті бұзушылық сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып табылады. Бірақ та құқықтық тәртіп бұзылмаса да, кейбір жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқықтық тәртіп мемлекет тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың, мысалы, дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды қолдануға әкеп соқтырады. Мысалы, адамның әдепсіз қылықтары қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе оған тек қоғамдық айыптау, сөгіс қолданылуы мүмкін.

Сөйтіп, құқықтық тәртіп дегеніміз құқық субъектілерінің мемлекет аумағындағы қоланылып жүрген барлық құқық нормаларын сақтау мен орындауға негізделген қоғамдық қатынастардың ықшамдалған жай-күйі. Егер заңдылықтың нәтижесі құқықтық тәртіп болса, ал қоғамдық тәртіп – бұл тәртіптің нәтижесі.

Тәртіп дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан құқық нормалары мен моральға, сонымен қатар қандай да болмасын ұйымдардың талабына сай келетін адамдардың нақтылы мінез-құлық тәртібі.

Құқықтық тәртіп, құқықтық мемлекеттің азаматтарының әрекеттерімен, қылықтарының негізгі ең маңызды бөлігін құрайды.

Құқықтық тәртіп – адамдардың құқық нормаларының ұйғарымына сай тәртібі. Онда, адам баласының бостандығымен қарым қатынастары іске асырылады. Азаматтардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, барлық құқық субъектілерінің құқықтары, тек сол уақытта сай болады, егер олар құқық нормаларында белгіленген қимылға, не болмаса міндеттілікке сай болса.

Құқықтық тәртіп, қоғамдық қажеттілік және қоғамға пайдалы құбылыс, азаматтық қоғамның жөнді қызметінің объективті алғы шарты болып есептеледі. Құқықтық ұйғарымдармен келісілген тәртіп, тек бостандықты ғана емес, оған сай қоғамдық ұйымдастырушылық қатынасты, олардың құқықта көрсетілген тәртіпке бағынуын қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, құқыққа сай қоғамдық қатынастардың ортасын кеңейтуге және құқықтық реттеудің сапасын арттыру арқылы бір қалыпты-лыққа талпынады.

1.2 Құқықтық тәртіптің түрлері

Құқықтық тәртіп дегеніміз - тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің маңызды екі түрі бар: құқықтық тәртіп

...

Скачать:   txt (11.9 Kb)   pdf (38.1 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club