Саяси режимдер
Автор: assel021226 • Февраль 11, 2022 • Реферат • 320 Слов (2 Страниц) • 701 Просмотры
3 апта. Семинар
Тақырып №7 Саяси режимдер
- Саяси режим түсінігі мен түрлері.
«Саяси режим» ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Түрлері:
Демократиялы.
Анти-демократиялы.
Анти-демократиялы түрлері:
Авторитаритарлы.
Тоталитарлы.
- Тоталитарлық саяси режим.
Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған.
- Авторитралық саяси режим.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді.
...