Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси алfысөздердi аудару ерекшелiктерi

Автор:   •  Май 20, 2019  •  Реферат  •  1,016 Слов (5 Страниц)  •  699 Просмотры

Страница 1 из 5

САЯСИ АЛҒЫСӨЗДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дүйсенбаева Жанерке Ержанқызы

магистрант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қ.

Шенгелбаева Нұржамал Рахымжановна

научный руководитель, ф.ғ.к,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қ.

Саяси мәтіндерді аудару бүгінгі таңда өте жоғары сұранысқа ие, өйткені саясат – бұл адамзаттың ажырамас бөлігі. Саяси терминдердің, атаулардың, газет клишелерінің болуы мәтінді аудару барысында қиындықтар туғызады. Мәтіннің адекваттылығын беру ғана емес, сонымен қатар аударма кезінде әсер ету мен сендіру элементтерін де сақтау маңызды.

Саяси сала адамзат қоғамымең туындауымен пайды болып және онымен әрдайым қатар дамып келеді. Қазіргі жағдайда қоғамдық-саяси мәтіндерді аудару насихат құралы және саяси күрес құрал ретінде ерекше маңызға ие. Ағылшын тілінде сөйлейтін аудиторияға бағытталған жыл сайын шығарылатын қоғамдық-саяси мәтіндердің көлемі айтарлықтай үлкен және халықаралық байланыстардың дамуына қарай өсіп келеді.

Саяси мәтін тілі эмоцияға толы болып келеді, бұл оны көркем әдебиет тіліне жақындатады. Онда бейнелі салыстырулар, метафоралар, идиомалар, әзіл элементтері, мысқыл және т.б. кездеседі. Мұның бәрі саяси мәтін аудармашысының алдына қосымша міндеттер қояды.

Саяси мәтін саяси және мемлекеттік жағдайларға байланысты арнайы терминдерге толы: біз мұнда саяси партиялардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың атауларын және олардың қызметіне байланысты терминдерді кездестіреміз. Қоғамдық-саяси терминдер кең таралған.

Саяси мәтінінің дұрыс аудармасы - оқырманға аударма мәтіннің мазмұнын нақты беріп қана қоймай, түпнұсқаның барлық эмоциоялық элементтерін, сондай-ақ оның саяси бағытын жеткізуі тиіс.

Саяси мәтіндердің қолданылу аясы әртүрлі. Осыған байланысты бірнеше ол түрге бөлінеді:

1. Парламенттік алғысөздер,

2. Партиялық съездер мен отырыстар,

3. Сайлау науқаны,

4. Қоғамдық наразылық, демонстрациялар (көше демократиясы)

5. Халықаралық кездесулер мен форумдар [2].

Маңызды алғысөзерді аудару кезінде уақыт шектеулілігі жағдайында негізгі рөл атқаратын маңызды компоненттерге назар аудару қажет:

1. Нағыз оратор, сөйлеуді дайындау барысында, тыңдаушылар туралы ойлайды, көпшілік үшін аса маңызды тақырыптарды қисынды тәртіпте қозғайды. Ол әлеуметтік контекст факторларын: аудиторияның демографиялық, әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ескереді.

2. Сайлау алдындағы алғысөзінде кандидат жасырын жолмен өзінің қарсыласының беделін түсіргісі келеді. Ол өз қарсыласының жанжалы туралы көпшілік есіне сала алады. Аудармашы оны дұрыс түсіндіруі үшін оратордың ой-пікірін білуі өте маңызды.

3. Дебат барысында бір оратор басқасын өтірікші деп айыптауы мүмкін ("Mr.Jonson-you are a liar"), бұл жағдайда оқиғаның екі даму нұсқасы бар. Тәжірибесіз оратор ақтала бастайды – " I 'm not a liar". Тәжірибелі оратор теріс жауап бермейді, ақталудың позитивті түрін пайдалана алады: "I have always been honest in my dealing with the public...".

4. Теріс пікірлерді болдырмай, мүмкіндігінше оң мәселелерді көтеру - кез келген саясаттың мақсаты.

5. Көптеген саясаткерлер прагматиктердің бейнесін жасайды, сондықтан әзілден алшақ болуға тырысады. Рас, өз мансабын әзілкештік арқылы жасайтын мамандар да бар. Әзіл-сықақ саясаткерлерінің сөздерінде басқа тілде бірдей берілуге болмайтын ерекше бейнелілік, әсемдік болуына байланысты аудару өте қиын. Бұл жағдайда кейде "генерализация" және "қалдырып кету"тәсілдерін қолдануға болады.

6. Нағыз үгіт-насихат сөзі, әдетте, әртүрлі эмоциоялық өрнектерге: синонимдерге, антонимдерге, сөз бірліктеріне толы.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (151.7 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club