Саясаттану пәнінен дәріс кешені
Автор: Shoibekovamika • Октябрь 29, 2022 • Курс лекций • 42,111 Слов (169 Страниц) • 159 Просмотры
Саясаттану пәнінен дәріс кешені
Дәріс 1. тақырып Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Дәрістің жоспары:
1. Саясаттанудың пәні мен обьектісі.
2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, үрдістер жөніндегі ғылым.
3. Саясаттанудың пәнін аныктаудағы негізгі амалдар.
Негізгі ұғымдар:
Адам, тұлға, жеке басқа табынушылық, бихевиоризм, идеал, идеология, келісім, конфликт, мәміле, саясат, саясат-ғылым, саясат субьектілері, обьект, саясаттану, субьективтік, тоталитаризм, ішкі саясат, күш қолдану саясаты, парадигма.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кіріспе. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас барысындағы өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясаттың белгісі таптық, партияның мемлекеттің мүдделері мақсат – міндеттерінің жиынтығы деп айтуға болады.
- Саясаттанудың пәні мен обьектісі.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси әректті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.
Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек, өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны: оның айқындаушы бергілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық өмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат – міндеттері, олардың зандылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады.
Кез-келген ғылым сияқты саясаттанудың да өзінің объектісі мен мәселелері бар. Зерттеу мәселесі мен объектісінің арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Зерттеу мәселесі – объектінің негізгі маңызды белгілерінің, қасиеттерінің бейнесі. Ғылымның зерттеу объектісі деп объективті нақтылықтың түрлі жақтары алынады. Бір объектіні түрлі ғылымдар, әрқайсысы ӛз қырынан, өз әдістері бойынша зерттеуі мүмкін. Саясаттанудың зертеу объектісі – қоғамның саяси өмірі және ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер, яғни саяси нақтылық болып табылады. Қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік тәжірибелік процесс. Табиғатқа қарағанда қоғамдық өмірдің субъектісі, яғни оның жасаушысы бар. Субъект қандай болса, белгілі бір дәрежеде тарих та сондай. Тарихи катаклизмдер, әлеуметтік эволюциялар – адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі, әлеуметтік күштердің, орасан зор бұқараның өзара қатынастарының нәтижесі. Қоғамдық ӛмірдің бұл жағын «саяси нақтылық» деген түсінікпен анықтаймыз. Саяси нақтылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктеліс жағдайындағы үлкен топтар қатар ӛмір сүріп, бір-бірімен әрекет жасайды, топтар мүдделерін ӛзара үйлестіре отырып, шешімдер қабылдау және оларды жүзеге асыру қажеттілігі пайда болғандықтан, топтар арасындағы қатынастар саяси сипат алады. Саяси қатынастар субъектілер арасындағы қатынастар болғандықтан субъектілік сипат алады. Сондықтан саяси нақтылықтың маңызды әлеуметтік мәселесі – осы субъектілердің мүдделерін үйлестіру және соның негізінде қоғамның тұтастығын сақтау, прогрестің шарты ретінде – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Саясаттану саяси нақтылықтың шығу негіздерін, оның қоғамдағы орнын, құрылымын, пайда болу заңдылықтарын, дамуын, қызметін қарастырады.
...