Павлодар облысының ауыспалы егістерде топырақты өндеу жүйесінің және арамшөптермен күресуді жоспарлардың агротехникалық негіздері
Автор: Madina1-0 • Март 30, 2022 • Курсовая работа • 4,310 Слов (18 Страниц) • 383 Просмотры
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық униветситеті» КеАҚ
Агрономия факультеті
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы
[pic 1] [pic 2]
[pic 3]
Егіншілік пәні бойынша
курстық жұмыс
Тақырыбы: Павлодар облысының ауыспалы егістерде топырақты өндеу жүйесінің және арамшөптермен күресуді жоспарлардың агротехникалық негіздері
Орындаған: Агрономия факультетінің
3-ші курс студенті
Төлебаева Алина.
Тексерген : Егіншілік және өсімдік
шаруашылығы кафедрасының доценті
Жумагулов И. И.
НУР-СУЛТАН – 2022
Мазмұны
Кіріспе
1. Тарау. Аймақтың топырақ – климат жағдайларының сипаттамасы
2. Тарау. Ауыспалы егістердің тәсімін, көшу жоспарын және ротация кестелерін құрастыру.
2.1. Аймаққа ұсынылған танаптық және мал азықтық ауыспалы егістер.
2.2. Алғы егістерді негіздеу.
2.3. Ауыспалы егістерге көшу жоспарларын және ротация кестелерін құрастыру.
3. Тарау. Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
3.1. Танаптық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
3.2. Мал азықтық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
4. Тарау. Арамшөптермен күрес шараларының жүйесі.
4.1. Алдын алу күрес шаралары.
4.2. Агротехникалық күрес шаралары.
4.3. Химиялық күрес шаралары және үстемелеп бүрку үшін техника мен гербицидтердің қажеттілігін есептеу.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Топырақ — табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Топырақтың негізгі қасиеті-қүнарлылығы. Топырақтың осы қүнарлылығы арқасында одан сан қилы өсімдіктер нәр алып, өсіп-өніп, бүкіл жануарлар дүниесі мен адамзатқа да қорек алады.
Павлодар облысы топырақтары (12,4 млн. га) үш топырақ аймақшаларына (оңтүстік - 1 6 - қара, қою және ашық қоңыр топырақтар) бөлінген (Р. Жампейсов); апдыңғы екі топырақ аймақшаларында астық шаруашылығы дамыған, ішкі аймақшалық (шабындық кейіпті) топырақгар кең тараған.
Облыс аумағының топырақ жамылғысының негізін қүңгірт қарақоңыр (45,1%), кебірлер (20%), шалғынды қара-қоңыр (9,7%), оңтүстік қаратопырақ (6,1%), шалғынды (5,2%), жайылмалық топырақтар (2,6%), сортаңдар (2,6%), шалғынды-қаратопырақты (1,9%), қүмды (1,5%), шөлейтті белдем топырағы (4,1%), өзге топырақтар (1,2%) қүрайды .
Шалғынды топырақтар өзендердің жайылмаларында, кейбір ойпатты жерлерде кездеседі. Ертіс өзенінің сол жағалауын сортаңдар мен қүмбалшықтар топырақ жамылғысын қалыптастырса, оң жағалауы қүрамы жеңіл механикалық жыныстар (қүм, қүмайт, қүмбалшықты) болып келеді. ¥сақ шоқылы таулы өңірлер топырақ жамылғысынан біршама айрылған. Тау беткейлерінде борпылдақ жыныстар, үшкіртастар: үштік механикалық қүрамы ауыр ашық қарақоңыр және кебірлердің қалыптасуына сыртқы факторлар әсер еткен облысымыздың солтүстік- шығыс бөлігі Бараба және Қүлынды жазықтарының түйіскен жерінде оңтүстік қаратопырақ, шалғынды топырақтар және кебірлер басымырақ келеді. Қайыңды, қайыңцыкөктеректі шоқтар өскен жауын-шашын біршама мол түсетін (360 мм) өңірде өсімдік басқан көлдер, табақ тәрізді ойыстар маңы батпақтанған кейбір жерлерінде сортаңданғақ әктенғен топырақтар басым келеді. Сортаң топырақтар (шақат) Ертістің оң жағалауында Әжіболат, Борлы көлдері маңында таспалы қарағай орманы арасында кездеседі. Шақаттар жер бетінің жамылғысы, бетіне сары, ақ болып шығып жататын, өсімдік дүниесіне кедей, суы тартылып қалған көлдер маңында шоғырланған.
- Тарау. Аймақтың топырақ – климат жағдайларының сипаттамасы
Павлодар облысының климаты күрт континентті болып келеді, қысы суық (5-5,5 ай), жазы ыстық, қысқа (3 ай) қүрғақ желдер, жауын-шашыннын аз түсуімен ерекшеленеді. Климатының қалыптасуына географиялық ц ендік, күн радиациясымен қатар, атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Ерте көктемгі, күзгі үсік, жеткіліксіз жауыншашын мөлшері, аңызақ желдер, шаңды қүмды дауылдар, көктайғақ, қыс айларындағы аязды күндер, халық шаруашылығында қолайсыз жағдайлар тудырады. Орташа жауын- шашын түсімі оңтүстік батыс бөлігінде 280-300 мм, солтүстік-шығысындагы Железин, Қашыр аудандарында 300-360 мм, аумақтың қалған жерлерінде 200-250 мм-ге дейін, азая береді.
...