Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер санаттары

Автор:   •  Апрель 12, 2021  •  Реферат  •  3,011 Слов (13 Страниц)  •  1,940 Просмотры

Страница 1 из 13

Реферат

Н  2-1-37-2021

1 баспа 05.01.2021

[pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра:  ___________Жерге орналастыру және кадастр_______

_Жерге орналастыру және кадастрды құқықтық қамтамасыздандыру пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:   Жер санаттары

Студент   Избасарова Жазира

                        (аты-жөні)

Курс ________2__________

Топ   6В07311 - ЖКжЖМБ

Оқытушы   Ахметов Е.С.

(аты-жөні)

Тараз 2021 ж.

Жоспар:

Кіріспе

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.
  2. Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылды елді мекендердің) жері.
  3. Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және өзге де шаруашылық мақсатына арналған жер.
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер.
  5. Орман қорының жері.
  6. Су қорының жері.
  7. Босалқы жер.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсаттарына байланысты ең негізгі 7 жер санаттарына бөлінеді.

Бұл санаттар «Жер кодексінде»:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
  2. Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылды елді мекендердің) жері;
  3. Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және өзге де шаруашылық мақсатына арналған жер;
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
  5. Орман қорының жері;
  6. Су қорының жері;
  7. Босалқы жер болып бөлініп бекітілген.

Жердің құқықтық реттелуі оның қай санатқа және қай аймаққа жатуына, пайдалануына қарай негізделіп айқындалады. Жоғарғыдағы бөлініске сай, бірінші категориядағы жер санатына ауылшаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осы мақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұл санат жалпы қордың 34.4%-ын құрайды. Оған ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарға, серіктестіктерге, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына және басқа да шаруашылық құрылымдарына, жеке меншікке сатылған, уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген жерлер жатады. Бұған ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатын ауылшаруашылық алқаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым) қатар, ауылшаруашылығымен өз міндеттерін ойдағыдай атқаруға қажетті ішкі шаруашылық жолдар, суландыру жүйелері, байланыс, құрылыстар және басқалары орналасқан жерлер кіреді.  

1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

Ауылшаруашылығы жерлері ретінде ауылшаруашылық қажеттіліктеріне және  сол  мақсатқа  арналып  берілген  жерлерді есептейді.

Осы бөлінулерді  жеке-жеке қарастырып көрейік:

- ауылшаруашылық алаптары – жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімдерін  өндіруге  арналған жер алабы. Бұл өз кезегінде жыртылған (айдалған) жер, тың жер көпжылдық өсімдіктер отырғызатын жерлер, шабындық және жайылым жерлер деп бөлінеді. Жыртылған жер жүйелі түрде өңделіп, ауылшаруашылық дақылдарын және көпжылдық шөптер егу үшін пайдаланылатын ауылшаруашылық алабы. Ауылшаруашылық  алабына шабындық  және жайылымдық  жерлер, сонымен қатар жерді  тыңайту үшін уақытша егілетін өсімдіктің және бау бақша ішіндегі аралық жерлер жатпайды.

Көп  жылдық  екпе ағаштар отырғызатын жер-бұл жеміс- жидек, техникалық немесе емдік өсімдіктер отырғызылатын арнайы жасанды ауылшаруашылық алабы. Бұлардың құрамына бау – бақша,жүзімдік-жидектік питомник және плантациялар жатады. Шабындық жүйелі түрде шөбі орылатын ауылшаруашылық алап.  

Жайылым-жүйелі түрде малды жаятын және шөбі орылмайтын,егістікке пайдаланылмайтын ауылшаруашылық алап.

Орман алабы жыра-сайлар,дөңдер өзендер мен көлдер,жағалаулар, ну-тоғайлар қаптаған орман алқабы-жер бетінің немесе құрылымдық орындарды ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін арнайы отырылғызылған ағаш- талдар жолағы.  

...

Скачать:   txt (46.2 Kb)   pdf (369.4 Kb)   docx (170 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club