Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөз байлығын саралаудың негіздері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2022  •  Реферат  •  1,174 Слов (5 Страниц)  •  217 Просмотры

Страница 1 из 5

                                              [pic 1]

                Абай атындағы қазақ ұлттық педогоикалық университеті

         Академик С.Қирабаев атындағы филология және көп тілді білім беру

                                                          Институты

      Сөж

Тақырыбы:       Сөз байлығын саралаудың негіздері 

                                                                               Орындаған : Нурстан Ақерке

                                                                       Тексерген : Қобланова Айман

                   

                         Сөз байлығын саралаудың негіздері

      Тіл – адамның тілдік қоғамдастықтың  санасында сәулеленген ақиқат  дүниені бейнелеудің, оларды жинақтап,жүйелеп,әрі қарай байыта отырып, қо,амдық ой-сананы дамытудың  қарым-қатынас жасаудың теңдесі жоқ әмбебап құралы.

     Мағына  дегеніміз – халықтың ой-санасындағы білімі,танымы,,таным әрекетінің нәтижесі. Санадағы мағынаны сөзбен  «байлап» беру арқылы нақтылау ,шындыққа,ақиқатқа айналдыру –түсіндірме сөздіктің негіщгі қызыметінің бірі.

   Ұлттық әдеби  тілдің сөз байлығын барынша жинақтау,әрбір сөздің мағыналарын ,мағыналық реңтері мен стильдік  ерекшеліктерін молынан қамту  және олардың мазмұнын ашып көрсету, ұлттық  әдеби тілдің қазіргі кезеңдегі нормалық сипатын таныту тәрізді мақсат Сөздіктің негізгі әлеуметтік қызыметі. Сөздікте берілетеін ақпарат сипаты алуан түрлі болған сайын оның әлеуметтік мәні арта түспек. Өйткені оқырманның  Түсіндірме сөздікті өзінің тіл жөніндегі ақпаратын тексеру я болмаса білігі мен білімін кеңейту үшін пайдалатыны белгілі. Сөздіктен алуға болатын ақпараттың мазмұны түрлері де әр алуан болады.

    Танымдық ақпарат. Сөздік кеңінен қолданылатын ,сондай-ақ сирек жұмсалатын сөздердің мазмұнындағы мәдении,материалдық байлықпен байланысты ақпараттарды белгілі бір тәртіппен жүйелі беруді көздейді. Көптеген сөзде, әсіресе тұрақты сөз орамдарында ұлттың мәдениеті,тарихы, дүниетанымы,дәстүрлі шаруашылығымен байланысты ақпараттар олардың мағына-мазмұнында жинақталған. Сөз мазмұнындағы мұндай ақпараттар  түсіндірмеде айқындалып, көрнекі материалдар арқылы нақтыланып отырды.

       Ең алдымен, қазіргі әдеби тілдің лексика-фразеология жүйесіндегі жұртшылыққа кеңіректараған сөздерді барынша қамти отырып, Сөздік ішінара әдеби тіл нормасынан тыс жатқан,бірақ көркем әдебиетте жиірек кездесетін кейбір жергілікті ерекшеліктерді де арнайы белгілерарқылы көрсетуге тиіс болды. Бұларға арнайы ж е р г. деген белгі қойылды. Сондай-ақ сөйлеутілінде жиі кездесетін, бірақ әдеби тіл жүйесінен тысқарылау жатқан қарапайым сөздерге де Сөздікте біршама орын берілді.

      Нормалауыштық ақпарат. Сөздіктің мақсаты - қазақ тілінің сөз қазынасын, мағына байлығын молырақ қамти отырып, ұлттық әдеби тілдің осы заманғы сөз жүйесіндегі норманы көрсету арқылы оқырманға қалыптанған норма көнінде ақпарат беру. Оқырманға эксплицитті түрде берілетін мұндай нормалауыштық ақпарат сөз қазынасындағы бірліктерді ретке келтіріп, тәртіпке салу арқылы жүзеге асатыны белгілі.Сөздік өзінің мазмұны, мақсаты мен міндеті жағынан ұлттық әдеби тілдің сөздігі болып табылады. Сөздік түзуде, оның көрнекі (иллюстрациялық) материалдарын сараптауда әдеби тіл нормасын көрсету негізгі ұстанымдардың бірі ретінде алынды. Ал Сөздікте жергілікті, қарапайым, жарыспалы т.б. элементтердің енгізіліп, оларға тиісті белгілердің қойылуын мүндай сөздерді талғаусыз, кез келген жерде жұмсауға болмайтынын, белгілі мақсатпен ғана қолданатынын ескерту үшін берілген деп түсінген жөн. Сондай-ақ жергілікті сөздердің бөрі емес,болашақта әдеби тілдің кәдесіне жарайтындай, әлеуеті барлары ғана Сөздікке енгізілді.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (89.3 Kb)   docx (29 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club