Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты
Автор: 465676 • Февраль 6, 2026 • Практическая работа • 6,569 Слов (27 Страниц) • 7 Просмотры
Практикалық жұмыс №1. Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты
Жұмыстың мақсаты: компьютерлік жүйенің өнімділігінің негізгі метрикаларын: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақытын меңгеру және ЖЕСҚ жылдамдығын тестілеу, ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызу.
Әдістемелік нұсқаулар
Everest Ultimate Edition — компьютердің аппараттық және бағдарламалық конфигурациясы туралы ақпаратты көруге арналған бағдарлама. Бағдарлама компьютердің конфигурациясын талдайды және жүйеде орнатылған құрылғылар – процессор, жүйелік тақшалар, видеокарталар, аудиокарталар, жады модульдері және т.с.с., сондай-ақ олармен қолданылатын командалар жиыны, олардың сипаттамалары туралы ақпарат, оларды өндірушілер, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету, операциялық жүйе конфигурациясы және орнатылған драйверлер туралы толық ақпаратты береді.
Бағдарламада мәтіндердің жеткілікті толық жиыны бар:
- жадыдан оқу – жедел есте сақтау құрылғысынан процессорге деректерді жіберу жылдамдығын тестілейді;
- жадыға жазу;
- жадыда көшіру – жадының бір ұяшығынан басқасына процессордың кэші арқылы деректерді жіберу жылдамдығын тестілейді;
- жадыны тоқтату – процессормен жедел есте сақтау құрылғысынан деректерді оқудың орташа уақытын тестілеу.
Жұмысты орындауға тапсырмалар
Тапсырма 1. Компьютер туралы барлық ақпаратпен танысу.
1. Зерттелетін компьютердің терезенің оң жағындағы негізгі параметрлерінің тізімінен жазыңыз:
- компьютер типі;
- операциялық жүйе типі;
- компьютер атауы;
- пайдаланушы атауы;
- орталық процессор (ОП) типі;
- жүйелік тақша типі;
- жүйелік тақша чипсетінің типі;
- жедел (жүйелік) жады саны мен типі;
- видеоадаптер типі;
- монитор типі;
- дисктік жинақтауыш типі мен көлемі;
- Зерттелетін ДК бар басқа енгізу-шығару құрылғыларын тізбектеңіз. Тапсырма 2. Зерттелетін компьютердің ОП танысу.
- Оң жақ терезедегі тізімнен ОП негізгі параметрлерін жазыңыз:
- ОП типі;
- ОП ядросының (псевдоним) атауы;
- ОП степингі;
- Нұсқаулар жиыны;
- Алғашқы жиілік;
- ОП кэш жадысының өлшемі мен сипаттамасы;
- ОП физикалық параметрлері: Корпус типі;
Корпус өлшемі;
Транзисторлар саны;
Кристалл өлшемі;
Ядро қоректендіргішінің кернеуі; Кернеу
Типтік сыйымдылық;
и) Максималды сыйымдылық.
- Процессордың ағымды жиілігін жазыңыз.
- Процессордың алғашқы жиілігін ағымдымен салыстырыңыз. Тапсырма.
- ДК аналық (жүйелік) тақшасымен танысыңыз.
- Жедел есте сақтау құрығысының модульдерінің қасиетімен танысыңыз.
- Аналық тақша чипсетімен танысыңыз.
- ДК деректерін сақтау жүйесімен – тұрақты есте сақтау құрылғысымен (ТЕСҚ) танысыңыз.
- Енгізу-шығару порттарының тақшасында бар құрылғылармен танысыңыз.
- Жедел есте сақтау құрылғысының жылдамдығына тестілеу жасаңыз.
- Алдыңғы пункттердің нәтижесі бойынша ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызыңыз.
Бақылау сұрақтары
- ЭЕМ құрудың негізгі принциптері, Дж. фонНейман құрылымы.
- ЭЕМ дәстүрлі архитектурасы және фон Нейман принципі.
- ДК құрылымдық сұлбасын салыңыз, барлық компонеттердің міндетін түсіндіріңіз. Орталық процессор, негізгі сипаттамалары. Жады жүйесі: құрамы, міндеті. DRAM жедел жады: құрылымы, негізгі параметрлері. Жүйелік магистраль: анықтамасы, міндеті, параметрі.
Практикалық жұмыс №2. Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау. Файлдар және каталогтармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: жиі пайдаланылатын командалар мысалында Microsoft Windows операциялық жүйесінің командалық жолдарын тәжірибелік оқу, Far Manager файлдық менеджері мысалында меню типті ОЖ интерфейсімен тәжірибелік танысу, Windows графикалық интерфейсінің мүмкіндіктерін тәжірибелік меңгеру.
...