Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық құқықтағы шарт

Автор:   •  Март 29, 2021  •  Курсовая работа  •  5,063 Слов (21 Страниц)  •  649 Просмотры

Страница 1 из 21

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЗАҢ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

Пән: ҚР азаматтық құқығы. Жалпы бөлім  

                         Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы шарт

        

                   

    Орындаған: Хамитов С.К

 ЮҚ 19-01 тобы

                                                           Тексерген: Альмухамбетов Ж.Н

Нұр-Сұлтан [pic 1]

2020 жыл[pic 2]

ЖОСПАР

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

  1. Азаматтық құықтағы шарт ұғымы...................................................................4
    1.1. Азаматтық құықтағы шарт еркіндігі.........................................................6
    1.2. Азаматтық құықтағы шарттың мазмұны мен формасы..........................8
  2. Азаматтық құықтағы шарттардың елеулі ережелері.....................................10
  3. Азаматтық құықтағы шарттардың түрлері ....................................................14
  4. Азаматтық құықтағы шарт жасасу түсінігі.....................................................21
  5. Азаматтық құықтағы шарт жасасу мазмұны мен тәртібі..............................23
  6. Азаматтық құықтағы шартты өзгерту және бұзу...........................................24
  1.  Азаматтық құықтағы шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдары.........................................................................................................26

Қорытынды..............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................28

[pic 3]

КІРІСПЕ

Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті ретінде заң шеңберінде адамдардың әрекетттерін реттеу. Ал оларды бұзу, заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (contractus) рим кұқығы үш түрлі мағынада:

  1. құқық қатынастарының туындауы ретінде;
  2. құқықтық қатынастың өзі ретінде;
  3. ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шартқа отырудың  құқықтық қағидаттары бар. Шартқа отыруда тараптар ерікті, сонымен қатар шартқа отырғаннан кейін белгілі бір заңдылықтарды орындау қажеттілігі туындайды, яғни шарттың құқықтық рәсімделуі. Шарттың тараптары болып кез келген тұлға табылады, бірақ бұл жағдайда әрекетқабілеттік аса маңызды рөлді атқарады. Шартқа отыруда тараптар, шарт жағдайларын анықтап алуы қажет. Шарттың ережелерін тараптар өз қалаулары бойынша белгілейді.

Негізінен, азаматтық-құқықтық шарт әрекетінің аясы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық  құқықтық шарттар азаматтардың  қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше рөлді атқарады. Шарт жасасу  азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

Кез келген шарт, түсіндіруді қажет етеді, яғни шарт мазмұны тараптарға айқын болуы керек және де шарттардың нысаны жазбаша, ауызша да болуы мүмкін.

  1. Шарт ұғымы

ҚР АК-ның 378-бабының 1-тармағында белгіленгендей eкі нeмесe oдaн дa көп aдaмның aзаматтық құқықтары мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Шaрт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.

ҚР АК-ның 148-бабының 1-тармағына сәйкес, мәмілелер бір жақты, екі немесе көп жақты (шaрттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және көп жақты мәмілелер туралы (ҚР АК-ның 373-бабының 2-тармағына сәйкес), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, ҚР АК-ның 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.

...

Скачать:   txt (69.4 Kb)   pdf (187.3 Kb)   docx (29.9 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club