Азаматтық және кәсіпорын ғимараттарды электрмен жабдықтау
Автор: destinA • Сентябрь 9, 2020 • Реферат • 4,587 Слов (19 Страниц) • 912 Просмотры
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына «Қазақстан-2030» стратегиясына байланысты биылғы жылғы жолдауда дамудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Соның он екінші бағытында электрэнергетикалық ресурстарды дамыту және атом энергетикасының негіздерін жасау туралы айтылады.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай обылыстар мен Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе болып тұр.
Біріншіден, көршілес елдердің қуаттарын тарту арқылы өзіміздің энергиясы мол және энергиясы тапшы өңірлеріміздің арасында электр қуатын бөлу мәселесін теңдестіре шешіп, энергия үнемдемейтін технологияларға көшіуіміз қажет.
Екіншіден, электр энергетика саласын дәйекті түрде жаңарту қуаттардың тозуы мен жетімсіздігі проблемасын шешу жаңа өндірістерді дамыту жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен электр энергиясын беретін желілерді кеңейту мен қайта жаңғырту үшін жағдай туғызу қажет.
Үшіншіден, энергия көздерін әртараптандыру еліміздің бүкіл аумағындағы тұрақты дамуды ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында атом энергиясын дамытуды талап етемін. Сөйтіп, Қазақстан атом электр энергиясы құрлысының техникалық экономикалық мінездемесін жасау қажеттігі туып отыр.
Төртіншіден, Норвегия мен Швецияның үлгісі бойынша энергетикалық одақ шеңберінде іргелес жатқан мемлекеттермен энргетикалық биржа құру мүмкіндігін де қарастыру қажет.
Электрмен жабдықтау жүйесі деп эелектр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату үшін арналған құрылғылар комплексін айтады .
Халық тұрмысы мен өндірісте электрлендірудің шапшаң өсуі энергетикалық саланың дамуын қажет етеді, электрмен жабдықтау сенімділігіне талаптарды арттырады. Халық тұрмысының және халық шаруашылығының барлық салаларында электр энергияны қолдану және тарату, өндірісті электрлендіру техникалық прогрестің маңызды факторларының бірі.
Электр энергияның негізгі тұтынушы өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, қалалардың және ауылдардың коммуналдық шаруашылықтары болып келеді. Осыдын келіп өндіріс объектілеріне электр энергияны тұтынудың 70% қолданылады.
Халық шаруашылығының барлық саласында әсіресе әр-түрлі білдектер мен механизмдердің электр жетектері үшін, панжайларды жарықтандыруда, ал соңғы жылдарда әр-түрлі электр технологиялық қондырғыларда электр энергия қолданылады. Электр энергия көмегімен технологиялық үдерістермен автоматты басқару орындалады. Халық шаруашылығының барлық саласында электр қабылдағыштарының үлкен тобын жалпы өнеркәсіптік механизмдер жетектері құрайды-көтеретін тасмалдаушы машиналарда, ағынды-тасмалдау жүйесінде, компрессорларда, сораптарда, желдеткіштерде қолданылады.
Іылыми-техникалық дамудың үдеуіне байланысты электр энергияны тұтыну халық тұрмысы мен өндірістің барлық салаларында қолданылатын озық техника арқасында айтарлықтай жоғарлады. Қазіргі заманғы халық тұрмысын және өндірісті электр энергияның қолданылуынсыз елестету мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғаннан көреміз, сенімді сапалы электр энергиямен жабдықтаусыз қандай-да бір өндірістің алға басуы мүмкін емес. Ауылды және қалалық аумақты, өндіруші кәсіп орынды электрмен жабдықтау өз ерекшелігі бар. Ішіндегі негізгі-әртүрлі салыстырмалы аралыққа шашыраған, көп мөлшерді тұтынушыға элекр энергияны жеткізу. Сондықтан осндай тұтынушыларды электрмен жбдықтаудағы экономикалық тиімділік мәселесін рационалды шешу өте маңызды.
Соңғы кездегі нарықтық экономика жағдайында тұтынушыға ұсынылған электр энергияның сапасы мен элекртмен жабдықтау сенімділігі жайында өте өкір сұрақтар қйылады.
Жаңа үлгідегі жабдықтарды қолдану электр энергиямен жабдықтау шығынды азайтып, бір уақытта сенімділік пен сапаны арттырады.
Кәсіпорынды электрмен жабдықтау жүйесі өзімен қоректендіру орталығынан қабылдағыштарға дейін электр энергия тартылуының және берілуінің күрделі кешенді құрылғылары болып келеді.
Электрмен жабдықтау жүйесі өндіріс технологиясымен кәсіпорынның құрылыс бөлігімен және жоспарлаумен тығыз байланыста. Бұл электрмен жабдықтау жүйесіне келесі негізгі талаптарды белгілейді: қажетті мөлшерде сенімділікті қамтамасыз ету; бар алаңқайлардағы электр тұтынудың жоғарлауымен және кәсіпорынның капиталды кеңеюімен байланысты жүктеменің өсу мүмкіндігімен қамтамасыз ету; пайдаланудың қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және қауіпсіздігі.
...