Отчет по практике в «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Автор: 99643 • Май 1, 2020 • Отчет по практике • 7,015 Слов (29 Страниц) • 501 Просмотры
[pic 2][pic 3][pic 4]
Төмендегі құжаттың міндеті – Топтың операциялық және қаржы қызметінің нәтижелеріндегі үрдістер мен елеулі өзгерістерді түсініп, бағалауда көмектесу болып табылады. Осы шолу Топтың аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген және оны аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігімен және ілеспе ескертулермен бірге қараған дұрыс. Барлық қаржылық деректер мен оларды талқылау Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына («ХҚЕС») сәйкес дайындалған аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделеді. Топтың есеп саясатына сәйкес, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компанияларға салынған инвестициялар үлестік қатысу әдісімен ескеріледі, демек, жол бойынша шоғырландырылмайды («үлестік қатысу әдісімен ескерілетін кәсіпорындар»).
Ерекше ескерілген жағдайларды есептемегенде, теңгемен көрсетілген барлық сомалар миллиардпен көрсетілген. Цифрлер дөңгелектенген, алайда, үлестік көрсеткіштер дөңгелектегенге дейінгі іс жүзіндегі көрсеткіштер қолданылып, есептелген.
МАЗМҰНЫ
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ 4
2. НЕГІЗГІ МАКРЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР 6
2.1. Мұнай мен мұнай өнімдерінің нарықтың бағаларының өзгеруі 6
2.2. Шетелдік валютаның айырбастау бағамының өзгеруі 6
2.3. Мұнай мен газ тасымалдау тарифтері 7
2.4. Өңдеу тарифтері 8
2.5. Салық салу 8
3. ТОПТЫҢ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ 11
3.1. Мұнай мен конденсат өндіру 11
3.2. Газ өндіру 11
3.3. Мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдау 12
3.4. Мұнайды теңіз флотымен тасымалдау 13
3.5. Газ тасымалдау 13
3.6. Көмірсутегі шикізатын өңдеу 14
3.7. Мұнай мен газды сату 14
4. ТОПТЫҢ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ 16
4.1. Кіріс 16
4.2. Шығыстар 17
4.3. Өтімділік пен күрделі шығындар 20
- ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
[pic 5]
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Қазақстанда және одан тыс жерде мұнай мен газды геологиялық-барлау және өндіру, сондай-ақ мұнай, газ бен мұнай өнімдерін тасымалдау, өңдеу, маркетингі жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тікелей интеграцияланған компания.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы №248 қаулысының негізінде құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұнай-газ кәсіпорны болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру нәтижесінде құрылды. Біріктіру нәтижесінде барлық активтер мен міндеттемелер, оның ішінде осы компаниялар иелік еткен барлық кәсіпорындардағы қатысу үлестері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа берілді.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (90%) пен Қазақстанның Ұлттық Банкі (10%+1 акция) ҚМГ акционерлері болып табылады. Топ Қазақстан Республикасының мұнай мен газ конденсатын өндіру нарығының төрттен бірін алып отыр, сондай-ақ елдегі мұнай өңдеуде, мұнай мен табиғи газды құбырмен тасымалдауда үстем орынға ие.
Бүгінгі таңда, мыналар Топтың неғұрлым ірі компаниялары (компаниялар тобы) болып табылады:
- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (мұнай мен газ барлау және өндіру)
- «ҚазТрансОйл» АҚ (мұнай тасымалдау)
- «ҚазТрансГаз» АҚ (газ тасымалдау және сату)
- «ҚазМұнайТеңіз» АҚ (теңіз мұнай операциялары)
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (мұнай өңдеу)
- «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (мұнай өңдеу)
- KMG International N.V. (Румыния және Қара теңіз бен Жерорта теңіз бассейндері елдеріндегі мұнай өңдеу, мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі).
Қазақстан мұнай мен газ конденсатының расталған қорлары бойынша 12-ші орында, табиғи газ қорлары бойынша 22-ші, ал мұнай мен газ өндіру бойынша 17-ші орында.
...