Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

Автор:   •  Июнь 6, 2020  •  Отчет по практике  •  4,193 Слов (17 Страниц)  •  377 Просмотры

Страница 1 из 17

Кіріспе

Өндірістік тәжірибені «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кенқияқмұнай» мұнайгаз  өндіру басқармасында өттім.

Өндірістік тәжірибені өту мерзімі: 01.06.2020-19.06.2020 жыл аралығы.

Өндірістік тәжірибе  мақсаты – теориялық негізде алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану.

Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер орындалды:

  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кенқияқмұнай» МГӨБ-сы Жарғысымен және құрылтайшылық құжаттарымен танысу;
  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кенқияқмұнай» МГӨБ-сы негізгі қызмет бағытымен танысу;
  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Кенқияқмұнай» МГӨБ-сы қызметін талдау.

Өндірістік тәжірибе есебі кіріспеден, бағдарламаға сәйкес бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Есепте кәсіпорынның  жалпы тарихы, өндірістік бөлімшелердің құрылу тарихы, негізгі және айналым құралдары туралы талдаулар қарастырылады.

I Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

  1.  Жалпы бөлім

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ — мұнай бен газды іздеу, өңдеу, тасымалдауға дайындайтын Қазақстанның ірі мұнайгаз компанияларының бірі. Бұл мекеме Ақтөбе облысында Жаңажол, Кенкияк тұз асты, Кенкияк тұз үсті және Солтүстік Трува кен орындарын өңдеп, Каспи маңы ойпатының Орталық болгында мұнай іздеумен айналысады, көмірсутек өнімін шығару көлемі бойынша республиканың алдыңғы қатардағы операторларының «бестігіне» кіреді. Осылайша, 2009 жылы компания жылдық көмірсутек шығару бойынша 6-миллиондық шекараны сәтті өтті. 1997 жылы осы активті, әлем бойынша алдыңғы қатардағы энергетикалық корпорацияларының «ондығына» кіретін, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы иеленгелі бері (China National Petroleum Company — CNPC), инвестициялық бірігулердің есебінен мекеме қызметінің тарихында, дамудың жаңа айналымы басталды.

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ тарихы, СССР мұнай өнеркәсібінің Министрлігінің 1981 жылдың 10 наурызындағы №157 Бұйрығымен құрылған, «Ақтөбемұнай»  бұрынғы советтік өндіріс бірлестігінің (ӨБ) көп жылдық өмір сүруінен басталады. Оның құрылуының басты себебі 1978 жылы ірі Жанажол мұнайгаз конденсаты кен орнының ашылуына өнеркәсіптік өңдеу қажеттігі болды.Жаңажолдан басқа СССР Үкіметі құрылған ӨБ-ке Ақтөбе облысының Кеңкияк, Шығыс Ақжар, Ақшат, Жағабұлақ, Мәртөк, Шеңгелші және басқа көмірсутек құрылымдарында жер қойнауын пайдалану құқығын берді. Бұл «Ақтөбемұнай» Ақтөбе облысында көмірсутегін шығару бойынша жалғыз оператор болатынын білдірді. Алайда, келесі әлеуметтік-саяси жағдайлар мен әлеуметтік экономиканың ыдырауы компанияға өңірдегі жалғыз мұнайгаз операторы болып қалуына жол бермеді: 1992 жылдан бастап бұл жерде басқа мұнайгаз мекемелері пайда бола бастады. 1993 жылы «Ақтөбемұнай» ӨБ мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында акцияландырылып, 90,5 % акция қаржы Министрлігі тұрпатында мемлекеттің иелігіне көшті, ал қалған 9,5% пакет еңбек коллективінің мүшелеріне тегін берілді. Келешектегі тарихында мекеме жарғысында бірнеше атау болды – «Ақтөбемұнай» ААҚ-н бүгінгі  «CNPC-Актөбемунайгаз» АҚ дейін, ал 1994 жылдан 2002 жылдар аралығында мемлекет өз акцияларын кезең-кезеңмен әр-түрлі инвесторларға сатты. 1997 жылы үлкен дебиторлық және кредиторлық берешектерге, өнім логистика каналдарын жоғалтып, тоқырауына, негізгі қорлардың моральдық және техникалық тозуына,  көп айлар бойы қызметкерлерге еңбекақыларын беруді кідіруге байланысты «CNPC-Актөбемунайгаз» АҚ-ң жағдайы нашар болды, компанияның акциялары әлемдегі ірі мұнайгаз бірлестігінің бірі CNPC тендер арқылы сатылды.    Осылайша, 1997 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Мемкеңесінің вице-министрі ЛИ Ланьциннің қатысуымен  «Актөбемұнайгаздың» акцияларын сату-алу туралы Келісімге» қол қойылды, содан кейін 1997 жылдың 26 қыркүйегінде  CNPC пен үкімет арасында «Ақтөбе облысындағы Жаңажол, Кенқияқ тұз үсті кен орындарында көмірсутегі бойынша операциялар жүргізу туралы Келісімге» қол қойылды.  Осы сәттен бастап Қазақстан Үкіметі мен CNPC арасындағы қарым-қатынас тарихы басталды, CNPC келесі 20 жыл ішінде ақтөбелік жобаның дамуына $4 млрд кем емес инвестиция салуға жазбаша міндеттеме берді.

...

Скачать:   txt (62.6 Kb)   pdf (554.6 Kb)   docx (334.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club