Қой цистицеркозы
Автор: Ranoiunusova • Январь 22, 2021 • Реферат • 1,117 Слов (5 Страниц) • 578 Просмотры
Қой цистицеркозы
Бұл гельминтозға көбінесе қой, сирек жағдайда ешкі, қарақұйрық және түйе ұшырайды. Паразит көпіршіктері (етқұрт) күйіс малының бұлшық еттеріне орналасып, оны зақымдайды. Цестодалардың ақтық иелері: ит, түлкі және қорқау қасқыр. Ларвоцисталар аралық иелерінің, яғни күйістілердің бұлшық еттерін, жүрек еті мен тілін, көк етін зақымдайды.
Қоздырғышы. Таспа құрттың ересек сатысын Таепіа оуі» деп атайды, оның тұрқы 1 м-дей, ал ет құртының балаң сатысын Сузіісегсиз о у із дейді. Цистицерктің түсі ақ не сарғыштау келеді, аукымы тары немесе күріш дәніндей.
Өсіп, өнуі. Мал қрт жүмыртқаларын көбінесе жайылымда шөп, су арқылы жұқтырады. Ас қорыту жүйесінде жұмыртқадан босаған онкосфера ішектің қан тамырына еніп, қан мен бірге бұлшық еттерге, ағзаларға тарайды. Өздеріне қолайлы орынға жетісімен, олар цистицеркке айналады, 2,5-3 ай ішінде жұқпалы сатысына жетеді. Ит, басқа жыртқыштар цистицерктерге толы етпен қоректеніп, ет құртын жұқтырады. Ет қоректілердің денесінде 1,5 айда балаңқұрт ересек сатысына дейін жетіледі. Құрттың тіршілік мерзімі шамамен бір жыл.
Эпизоотологиясы. Қазақстанда қой цистоцеркозының эпизоотологиясы толық зерттелінбеген. Кейбір деректерге қарағанда бұл гельминтозды таратушы қарақұйрықтар.
Аурудың өрбуі. Цистицеркоздың патогенезі де жете зерттелінбеген. Бірақ, бұл гельминтозға шалдыққан мал арықтап, ет - жүн өнімдері, сау малмен салыстырғанда 25% кемитіні анықталған.
Сырт белгілері. Ауру қойдың тәбеті нашар, қоңы төмен, ауыз, танау, көздің кілегей қабықтары бозарған.
Өлекседегі өзгерістер. Зерттелмеген.
Диагностикасы. Малдың тірі кезінде цистицеркозды анықтау өте қиын. Тек, арнайы әдебиеттерде аллергиялық реакцияларды пайдалануға болатыны туралы деректер бар. Өлексенің немесе сойылған малдың бұлшық еттерінен, сонымен қатар жүрек пен тілден құрт көпіршіктерін тауып, диагноз қоюға болады.
Емі. Әлі зерттелінбеген.
Сақтандыру. (қараңыз: ит пен басқа жыртқыпггар тениидоздарына қарсы қолданылатын сауықтыру шаралары).
Ит пен басқа жыртқыштар тениидоздарына және тұяқты лардың ларвалды цестодоздарына қарсы қолданылатын сауықтыру шаралары
Адам мен үй және кейбір тағы тұяқтыларға ларвалды цестодоздарды яғни цистицеркоздарды (жылауық, етқұрт), ценуроздарды (айналма, бұлшық ет ценурозы), эхинококкозды (бершімек) таратушылар негізінен ит, ішінара түлкі, қасқыр, шиебөрі т.б. Ал, альвеококкозды таратушы жабайы ет қоректілер болып саналады. Тенииде құрттарының биологиясына байланысты аталған гельминтоздардан сауықтыру дауалары екі үлкен күрделі бағытта жүргізіледі: а) малды жәйе оны күтетін адамдарды иттердің нәжісімен таралатын таспа құрт жұмыртқаларынан сақтандыру; ә) иттерге ларвоциста көпіршіктерімен залалданған мал ағзаларын жегізбеу.
А. Малды жылауық, айналма, бершімек т.б. цестодоз ауруларынан сақтандыру жолдары. Қой және сиыр өсіретін шаруашьшықтар тек қажетті иттерді ғана үстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірыңғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына «төл құжат» беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жүмыстар жүргізеді. Иесіз, қаңғыбас бүралқы иттердің барлығын қүрту шарт. Иттерді құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткізілуі тиіс. Дегельминтизацияны топтастырып жүргізу (15-20 итті) арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндайда тек жұмыс істелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделеді. Аталған шараны жүзеге асыру үшін иттерді жері тегіс, тақыр, елді-мекеннен, жолдан, суаттан алыстау, шеткерілеу орналасқан алаңға жинау керек. Иттерді дәрілер алдында шынжырмен темір немесе ағаш қазыққа мьқтап байлаған жөн. Дәрі берерде тұмсығын арнаулы қысқышпен қысып, басын ұстап отырады. Иттердің ішек цестодаларына қарсы, тиімділігі әрқилы көптеген антигельминтиктер
...