Қой малының қызметі
Автор: 032801 • Декабрь 14, 2022 • Реферат • 789 Слов (4 Страниц) • 241 Просмотры
Қой малының қызметі
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың еті, жүні, сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне жарата білген. Кең даланы шарлап, көшіп-қонған халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың пірі киесі бар. Соның ішінде қой атасы - Шопан ата. Қазақ тіліндегі «шопанның» нақ мағынасы – бақташы, қойшы. Қазақ халқы малды жақсы көрген, балаларын да осы төлдерін атағанындай жақсы көрген. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Төрт түлігіміздің ішінде жуастықтың, момындықтың, бейбітшіліктің баламасы ретінде алынған - қой малы. Қазақ тіліндегі «шопанның» нақ мағынасы – бақташы, қойшы
Қойдың жасына, жынысына байланысты атаулар
№ | Жасы | Жынысы | |
Еркек | Ұрғашы | ||
1 | Жаңа туылған төл | Қозы | |
2 | Ерекелетіп айтылуы | Қошақан | |
3 | Мерзімінен ерте туылғаны | Марқа қозы | |
4 | Мерзімінен кеш туылғаны | Көрпелдеш (көпей) қозы | |
5 | Алты айға толған қозы | Ісек қошқар | Тоқты |
6 | Екі жастағы тоқты | Ісек қошқар | Тұсақ |
7 | Үш жастағы жоғары | Ісек, азбан | Саулық |
8 | Алты, жеті жастағысы | Азбан | Сары қарын қой |
9 | Он екі жастағысы | Азбан | Тоқтаған қой |
Қой туралы мақал-мәтелдер
- Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
- Қойшы көп болса, қой арам өлер.
- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
- Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
- Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір
- Қой семізі — қойшыдан.
- Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады. - Қайығына қарай ескегі,
Қойына қарай кескегі. - Қойдың басы —
Құданың асы. - Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды. - Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын. - Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді. - Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян. - Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық. - Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды. - Күн батса қойға соқпақ табылады.
- Қойдың іші - береке,
Жылқының іші — мереке. - Қойын алдырып, қорасын бекіткен бекер.
- Қой сүті - қорғасын.
- Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр. - Аулы араластың,
Қойы қоралас. - Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
- Семірткен қойың осы ма?
Құйрығы қайда досым-ау? - Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
- Мойнындағы қарыздан қой да өледі.
- Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.
- Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас. - Қорыққанға қойдың басы да қос көрінер.
- Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді. - Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
- Бай союға қой таппай,
Жатақтың лағын сұрапты. - Ала қойды бөліп қырыққан жүнге жарымайды.
- Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды. - Ешкі өзі туа алмай жатып,
Қойға кіндікшешелікке барыпты. - Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді. - Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.
- Ақсақ қой артынан маңырайды.
- Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.
- Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар. - Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар. - Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар. - Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер. - Жұт қырған қара қойын, қарасирақ.
Жалаң аяқ, қыл мойын, қарасирақ.
Табанақта жер ауып, суын кешкен.
Елден ұзап, бауырлық бауын кескен.
Қой малына қатысты фразеологизмдер
- Қойға шапқан қасқырдай - қырып жою, тас-талқан қылу
- Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады – тыныштық, бейбітзаман орнады мағынасында
- Сенген қойым сен болсаң - үміт етіп, сенген адамы ойлаған жерінен шықпай, көңілі қалғанда айтылады
- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды - мезгілінен кешеуілдеу, ерте туып, кеш қалу
- Жылқыдай жусатып, қойдай өргізді - айтқанына көндіріп, айдауына жүргізді
- Алалы жылқы, ақтылы қой - мыңғырған мал, табын-табын жылқы, қотан-қотан қой
- Қой аузынан шөп алмас – момын, жуас
- Қой терісін жамылды – ішкі ниетін жасырды, бүркемеледі
- Қозы түс – танертенгі уақыт
- Қой жасы – ер баланың 15 жастан асып, қой бағатын жасы
- Қойдан қоңыр- моп-момақан, жұп-жуас
- Қой көзді – әдемі келген көз
- Қой мойын – қойдың мойнындай әдемі мойын
- Қой торы – өте жуас әрі шабан мініс аты
- Қой тіс – бір өңкей уақ тіс
- Тоқты қысыр қалмайтын жер – берекелі жер
- Қойша жусап тыңдады – именіп, жасқанып, құлақ түрді
- Қой ішіндегі марқа – өте жарамды, ерекше артық
- Қойдай қырды – жайратып салды
- Қойдай өргізіп, қозыдай көгендеді – дегеніне көндіріп ұстады
- Қойдай өрді – қаптады, лек-легімен жөнелтілді
- Қойдай тоғытты – үйіріп, айдап салды
- Қойдай шулады – қайғы-зарға батып, азан- қазан болды
- Қой күйектен шықты – ұрықтанды
- Қой боғындай қорғасын – мылтық оғы
- Қой болды (қой болдыға айналды) – басын бастап, аяғын сиырқұйымшақтандырып жіберді, созбұйдағы салды
- Қойдай бөріктірді – у-шу, азан-қазан еткенде, дүрліктіре зобалаң салғанда айтылады
- Қойдай жусатты – дегеніне жатқызып-тұрғызып биледі
- Қозыдай көгендеді – шетінен тізді, танауынан тізді
- Қоздаған қойдай маңырады – зарлады, еңіреді
- Қозыдай маңырап, табысты – шұрқырасып жолықты
...