Есеп оқу практикасынан өту туралы «Республикалық ветеринарлық зертхана» Павлодар облыстық филиалының Шарбақты
Автор: Kenes_Baimurat • Июнь 15, 2023 • Отчет по практике • 2,115 Слов (9 Страниц) • 264 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университеті
"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасы»
Есеп
Оқу практикасынан өту туралы
6В09101 "Ветеринарлық санитария"
Мазмұны
Кіріспе 3
Зерханамен ,мекемемен танысу қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу 5
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы 6
Аспаптармен және жабдықтармен танысу,оларды жұмысқа дайындау 7
Ветеринарлық мекемелер немесе зерхана қызметкерлерінің қызметімен танысу 9
Зерханалық зерттеу әдістерін меңгеру 11
Қан,сүт,зәр үлгілерін алу жәнек зерттеуге дайындауға жүргізу 11
Жануарлардан алынатын шикізатты қабылдау және тіркеу 13
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................................................15
Кіріспе
Біз оқу практикасын өте келе ветеринарлық клиникалық жұмыс істеу тәртібімен,жұмыс істеу қағидаларымен және ерекшеліктерімен таныстық. Сонымен қатар өзіміздегі факультетіміздің зертханасының жұмыс істеу техникасымен таныса отырып,әртүрлі құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін меңгердік.Практика өту барысында көп тәжірибе жинадық.
Зерханалық тәжірибе мамыр айының 31-і мен маусым айының 13-і аралығында өтті. Тәжірибенің негізгі мақсаты: меңгерген теориялық білімді тиянақтап, оны тәжірибеде қолдануды үйрене отырып , клиникадағы жұмыспен және де ондағы құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектерді жасауды үйрену.Оқу-тәлімі кезінде меңгерген теориялық білімді пайдалана отырып ,зертханада тәжірибелік жұмстар жүргіздік.
Оқу практикасының мақсаты студенттерді теориялық білімдерін тереңірек меңгеруге дайындау, кәсіби дағдыларға үйрету және ғылыми зерттеулер әдістемесін игеру, сондай-ақ өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану болып табылады.
Студенттер үшін оқу практикасының негізгі міндеті пәндердің тиісті бөлімдері бойынша білімді жүйелеу, тереңдету және бекіту, оқу пәндері арасында байланыс орнату және пәнаралық мәселелерді шешу болып табылады.
Оқу практикасы кезінде ветеринарлық қызметтің құрылымымен және ұйымдастырылуымен, сонымен қатар емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізумен танысу және иелеріне жануарларды зерттеу және өңдеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету жүргізіледі.
Студенттер микробиологиялық, вирусологиялық және биохимиялық зерттеулерге арналған зертханаларға патологиялық материалдарды алу, орау және жіберу тәсілдерін пысықтайды; шикізатты қабылдайтын бөлмелердің санитарлық жағдайын бақылауды үйренеді.
Оқу практикасында биоматериалдарды тексеру, алдын алу шараларын жүргізу кезінде мал дәрігерлік істегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері меңгеріледі.
Практикадан өту барысында теориялық білімді бекіту және жануарлардың әртүрлі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу және клиникалық құжаттарды жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгеру жүргізіледі.
Негізгі пәндерді білу студенттерге, болашақ ветеринарлық - санитарлық сарапшыларға, шикізатты ұстаудың оңтайлы жағдайларын жасау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізуге, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтауға, олардың жағдайына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға, әр түрлі ұйымдастырушылық, құрылыс, ветеринарлық-санитарлық мәселелерді шешу кезінде өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алу бойынша жұмыстарды жүргізуге көмектеседі.
Зертханамен (мекемемен, кәсіпорынмен) танысу, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алу.
Зертханамен,мекемемен танысу қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу
«Республикалық ветеринарлық зертхана» Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық ветеринарлық зертханасы Шарбақты ауданында орналасқан
Халықты қабылдау және қызмет көрсету күнделікті 8:00-ден басталады.
Зерханада келесі қызмет түрі көрсетілуі мүмкін:
- Зертханалық зерттеулер;
Мекемемен танысып, біз қауіпсіздік техникасы туралы ақпаратты меңгердік.
Бөлімге немесе зертхананың басқа да өндірістік үй-жайына кірер алдында қызметкер арнайы киім (халат, медициналық қалпақ немесе Ақ орамал), ал бактериологиялық және вирусологиялық бөлімдерге кірер кезде, бұдан басқа арнайы аяқ киім киюге міндетті.
...