Өндірістік тәжірибе өту туралы қорытынды есеп
Автор: Dosan2002 • Март 29, 2023 • Отчет по практике • 1,438 Слов (6 Страниц) • 438 Просмотры
Өндірістік тәжірибе өту туралы қорытынды есеп
КІРІСПЕ
Мен, 2 курс құқықтану мамандығының студенті Зекен Досан Азаматұлы өндірістік тәжірибемді мамырдың 31 мен 11 маусым аралығында өткерген болатынмын.
Жалпы, өндірістік тәжірибе дегеніміз бұл бейіндік теорияны ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмір шындығын жақсы білетін білікті жұмыскерлерді даярлау үшін қажет оқу процесінің міндетті компоненті болып табылады. Практиканттарға(яғни, бізге) нұсқаушылардың бақылауымен кәсіпорын жұмысын іштен зерттеуге, құжаттарды зерделеуге және талдауға, материалдар жинақтауға мүмкіндік беріледі.
Өндірістік практиканың басты мақсаты - теориялық білімді бекіте отырып, нақты еңбек жағдайында кәсіби шеберлік пен дағдыларды дамыту болып табылады. Көбінесе бұл дайындықтың бөлігі студенттің болашақ мансабына бастау ретінде болады.
Мен өз тәжірибемді Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөлімінде атқардым. Өндірістік практиканың бастауы, оқу тәжірибесінен кейін қатар өткен себептен, таныстыру жұмыстары(қауіпсіздік техникасы, регламент, киім үлгісі, жұмыс істеу тәртібі, міндеттері) өтпей, бірден тәжірибе жұмысы басталып кетті.
Негізінен, тәжірибе барысында бірнеше нормативтік құқықтық актілерді оқып, олармен танысу жұмыстарын атқардым. Олар:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
- Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.
Осы заңдармен танысу арқылы өзімнің ойлау қабілетімді жаңа деңгейге жеткізіп, көптеген ұғымдармен танысып, қолдану процесінде көптеген жетістіктерге жете білдім. Осы арқылы болашақта осы салада жұмыс істеген жағдайда осы алған білімдерін көп көмегін тигізетініне нық сеніммен айта аламын.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жұмыс барысына тоқталатын болсам ол екі апта бойы атқарылған жұмыстар:
- Кезекшілік бөлімнің мұрағатында істермен танысу, атқарылатын жұмыс, оларды қалай рәсімдеу, істі шешу жолдарымен танысу арқылы білімді арттыру.
- Мұрағаттағы атқарылатын барлық жұмыстарды меңгеру, жұмыс істеу принципін тану.
- Кезекшілік бөлімінің жедел басқару бөлімінде бақылаушы ретінде бөлімнің атқаратын жұмысымен танысу. Қамалған тұлғалардың құқықтарымен, олармен қарым-қатынас тәртібін, қызметкерлердің міндеттерімен таныса отырып, келіп түскен шағымдарын жауап беру тәртібін, оларға көмек көрсетуге кететін уақыт пен жұмыс істеу сапасын бақылау әрекеттері.
- Қала бойынша осы ауданға тиесілі жерлердегі камералармен бақылау оларды зерделеу, келіп түскен шағымдарды кодтауды үйрену, рапорт толтыру
- Істерді бөлімшелерге(Анықтау, тергеу, қылмыстық полиция бөлімдеріне) рапорттарымен әр бөлімнің басшысы немесе көмекшілеріне табыстау арқылы табысталған істерді тіркеу кітапшасына олардың тіркелуін бақылап, сол кітапты жедел басқару бөліміне жеткізу.
- Мұрағат пен сақтау бөлмелеріндегі енді қажет емес құжаттарды жойылуға жіберу, көмекші рөлін атқару.
- Жәбірленушілерді немесе оның атынан әрекет ететін мүдделі тұлғаларды шағымдарына байланысты бөлімшелерге жеткізіп, табыстау процесі.
Осы жұмыстар арқылы мен өзіме көптеген тәжірибе жинай алдым деп айта аламын. Яғни, бұл жұмыстарды атқара отырып, кезекші бөліммен толықтай таныстым деп айта аламын.
...