Дендралогия бойынша оқу практикасы
Автор: ArdakAdil • Сентябрь 13, 2022 • Отчет по практике • 3,135 Слов (13 Страниц) • 268 Просмотры
Жоспар:
1.Кіріспе
Ашық тұқымдылар
2.Негізгі бөлім
1.Шырша туралы жалпы мәлімет
2.Шыршаның медицинада көмегі
3.Шырша түрлері
3.Қорытынды
Кіріспе:
Ашық тұқымдылардың пайда болу Ең алғаш ашық тұқымдылар 350 млн. жыл бұрын девон кезеңінің соңында пайда болды. Дәлірек айтсақ ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. Тас көмір кезеңінің басында жойылып кеткен ертедегі папортниктәрізділерден пайда болған. Мезозой эрасында — тау түзілу дәуірінде, материктердің көтерілуі және климаттың құрғауы кезінде – ашық тұқымдылар көбейе бастады.
Ашық тұқымдылардың жалпы сипаттамасы. 600 шамасында түрлері болса, оның 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді. Ағаштектестерге жатады, алайда бұта тектестерде кездесді. Жапырақтары ине тәрізді. Мәңгі жасыл өсімдіктер. Гүлі және жеміс болмайды. Негізгі тамыры болмайды. Әр түрлі жынысты өсімдіктер. Ұрықтану судың қатысуынсыз жүреді. Аталық гаметалары – қозғалыссыз спермалар. Көбеюі тұқым арқылы жүзеге асады.
Ашық тұқымдылардың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. Ашық тұқымдылардың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. Ашық тұқымдыларға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. Ашық тұқымдылар – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. Ашық тұқымдылардың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
Тұқыммен даму ерекшеліктері. 1. Неліктен бұл өсімдіктер тобы «ашық тұқымдылар» деп аталған? Ашықтұқымдыларда тұқым жеміс қабырғасымен жабылмаған. Олар бүрде, қабыршақта орналасады, яғни ашық. Тұқымның пайда болуы – споралы өсімдіктерден артықшылығын көрсететін, үлкен эволюциялық алға басу 2.Бұның артықшылығы неде? Тұымда артық қор заты болады және ұрық қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен жақсы қорғалған. 4. Ашық тұқымдыларда тұқым қайда түзіледі? Тұқым түрі өзгерген, қысқарған, генеративті өркен – бүрінде түзіледі.
Негізгі бөлім:
Шырша туралы жалпы мәлімет
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы, яғни бүрі орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.
...