Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астықтың қасиеттері

Автор:   •  Октябрь 18, 2020  •  Реферат  •  14,534 Слов (59 Страниц)  •  1,487 Просмотры

Страница 1 из 59

Дәріс 1.

Тақырыбы. Астықтың қасиеттері

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Астықтың физика-биохимиялық және технологиялық қасиеттері

2. Бидай мен қара бидай дәндерінің технологиялық қасиеттеріне баға беретін көрсеткіштер

3. Дәнді дақылдардың технологиялық қасиеттері

Астықтың технологиялық қасиеттері негізінде үш топқа жататын көрсеткіштер:

1. Астықтың жалпы сапалық көрсеткіштері – дәмі, иісі, түрі-түсі, ылғалдылығы, сондай-ақ шөп-шалаң, жұқпалы аурулармен және зиянды жәндіктермен зақымданған дәндердің мөлшері,  2,0х20 мм електен өткен  заттар;

 2. Дәнді ұнтақтауға әсерін тигізетін көрсеткіштер – дәннің шынылығы, ірілігі, біркелкілігі, көлемдік өлшемі, 1000 дәннің массасы, күлділігі, тығыздығы;

3. Наубайханалық көрсеткіштер – мөлшері мен сапасы, газ шығару және ұстап тұру қабілеті, еленген ұнның қасиеттері, сынақ нанның бағалары, т.б. қасиеттері арқылы бағаланады. Астыққа жалпы баға беруге арналған көрсеткіштер – оның ұн тартуға жарамдылығын көрсететін жалпы қасиеттері. Бұл көрсеткіштер негізгі (тұрақты) көрсеткіштер және ең төменгі шекті көрсеткіштер деп екіге бөлінген. Егер астықтың сапалық көрсеткіштері белгіленген көрсеткіштерден кем немесе артық бол са,

Диірменге жіберілген астықтың ылғалдылығы  13,5%-дан  аспауы тиіс. Егер одан артық болса, ұн тарту үдерісі қиындайды да, зауыттың жұмыс өнімділігі төмендейді, электр энергиясының шығыны өседі және оның сапасы кемиді. Егер ылғалдылығы 13,5%-дан төмен болса, оны дайындау кезінде жоғарылатуға болады. Бұл қосымша ылғалдау ұн дайындауда оның қабыршықтарын айыруды жеңілдетіп және ұнның шығымын көбейтіп, сапасын жақсартуға мүмкіншілік береді. Астықты жалпы бағалағанда, оның кұрамындағы ұсақ дәндерді де есепке алады. Ұсақ дәнге 2,0х20 және 2,2х20 мм електерден өткен дәндерді жатқызады. Мұндай бидайдан алынатын ұнның түсімі төмендеп, сапасы нашарлап, кебегінің шығымы өседі. Сондықтан оны бөліп алып, құрама жем шығаруға пайдаланады. Астыққа жалпы баға беру үшін шектік көрсеткіштерден басқа негізгі (тұрақты) көрсеткіштер қолданады.

1.2. Дәннің ұн тартуға әсер ететін көрсеткіштері

Төменде берілген бұл көрсеткіштер дәнді ұнтақтап, ұнға айналдыру кезінде ұнның шығымы мен сапасына, электр энергиясының шығынына үлкен әсер етеді. Олар: Дәннің шынылығы.Бидай мен қара бидайдың эндоспермінің құрамы дәннің құрылысына, ал дәннің құрылысы өз кезегінде ұн тартуға дайындауға, ұнның түсіміне көп әсер етеді. Эндоспермнің құрамына байланысты бидай дәні шынылығына қарай үш топқа бөлінеді: 1. Шынылығы 60%-дан жоғары; 2. 40%-дан 60%-ға дейін; 3. 40%-дан төмен астық партиялары.

Бірінші топқа жататын дәндер салыстырмалы түрде қаттылау болады да, оны ұсату үшін көп энергия жұмсалады, одан ұнтақтау жүйесінде көп және сапасы жоғары жарма алынады. Ал шынылығы  үшінші топқа жататын дәндер жұмсақ болғандықтан, жеңіл ұнтақталады, электр энергиясы аз жұмсалады, ұнның шығымы өседі. Астықты ұн тартуға дайындау кезінде шынылығы әртүрлі астық партияларын араластырып, шынылығы орташа 50-60% қоспа ұн тартылатын партиялар дайындайды. Дәннің ірілігі және біркелкілігі.Ұсақ дәнге қарағанда ірі дәнде ақуыздың мөлшері көптеу, сапасы жоғарылау болады. Ұсақ дәнмен салыстырғанда  ірі дәннің күлділігі төмендеу эндоспермнің көлемі үлкен келеді. Ұнтақтау кезінде ірі дәннен жоғары сапалы көп жарма алынады. Ірілігі бойынша біркелкі дәнді тазалау және ұн тартуға дайындау, ұнтақтау едәуір жеңіл түседі. Сонымен қатар, олар диірменнен жақсы өтеді. Салмағы жоғары бидай мен қара бидайдың дәндері ірі, толық, біркелкі, эндосперм мөлшері үлкен болады. Ондай дәндерден ұнтақтау кезінде көп мөлшерде жоғары сапалы ұн алынады. Сондықтан бұл көрсеткішті шығымды есептеп анықтау үшін қолданады. 1000 дәннің массасы. Бұл көрсеткіш дәннің ірілігін, біркелкілігін көрсетеді.  Сондықтан оны дәннің ұнға айналу қасиетінің көрсеткіші деп есептейді. Егер 1000 дәннің массасы жоғары болса, онда одан алынатын ұнның түсімі де көп болады. Дәннің тығыздығы. Ол ірілігімен, 1000 дәннің массасымен және оның химиялық құрамымен тығыз байланысты. Сондықтан дәннің технологиялық қасиеттерінің катарында өзіндік орны бар. Дәннің күлділігі. Бұл көрсеткіш дәннің құрамындағы минералдық заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде минералдық заттар әртүрлі орналасады. Көбіне олар дәннің алейрон қабатында, қабыршақтарында, тұқым бөлшегінде орналасады, ал эндоспермде олардың мөлшері аз болады. Бұл заттар дәнді ұнтақтаған кезде қабыршақтармен бірге кебекке шығып кетеді де, ұнның күлділігі төмендейді. Сондықтан ұнның сапасын оның күлділігі арқылы бағалайды. Бұл тек жорамал баға болып есептеледі. Дәннің күлділігі дақыл өскен топырақтың химиялық құрамына, ауа райына және дәннің сұрыпына байланысты өзгеріп тұрады. Жұмсақ және қатты бидайдың күлділігі 1,44-2,10%, алейрон қабаты мен қабыршақтарының күлділігі 5,76-9,12%  аралығында болады. Дәннің эндоспермінің күлділігі (бидай) 0,36-0,60% болса, қара бидайдікі 0,36-0,7% болады. Дәнді тартудағы негізгі міндет – эндоспермін таза бөліп, күлділігі төмен ұн алу. Қазіргі уақытта диірмендерде  70%-ға дейін, күлділігі эндоспермнің күлділігіне жақын, жоғары сапалы ұн тартылады. Қара бидайды диірменде тарту көрсеткіштері бидайға қарағанда, едәуір төмен. Қара бидайдың шынылығы 15-40%, салыстырмалы тығыздығы 1000 дәннің массасы 10-40 г, яғни бидайға қарағанда аз. Сондықтан оны ұнтақтау кезінде қабыршақтарынан айырып алу өте қиын және энергияны көп қажет етеді. Қара бидайдан алынатын ұн мөлшері мен сапасы да бидайдікінен төмен. Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер. Олар дәннің технологиялық қасиеттерін бағалауға керекті көрсеткіштердің ішіндегі, ерекше маңыздысы. Ол көрсеткіштер келесі сапалық межелер арқылы сипатталады.

...

Скачать:   txt (221.8 Kb)   pdf (765.7 Kb)   docx (369 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club