Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызылорда облысының суармалы алқаптарының табиғи климаттық ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 17, 2019  •  Реферат  •  1,402 Слов (6 Страниц)  •  811 Просмотры

Страница 1 из 6

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділіктерінің төмендігі, Қызылорда облысының суармалы жерлерінің тозуы мен суару кезеңінде су тапшылығының өсуіне байланысты. Сырдария өзенінің төменгі саласында орналасқан суармалы топырақ қабатында, тұз қоры шектен тыс мөлшерде жиналып, олардың тұздануы мен сортаңдануын қамтамсыз етіп, өсімдіктердің өсіп-дамуын тежейді. Сондықтан, Қызылорда жағдайында, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, топырақтың тамыр өсетін қабының сортаңдану мен сорлану дәрежесін шекті мөлшерге дейін төмендетуді қажет етеді.

Қызылорда облысы жағдайында, топырақ қабатындағы тұз қорының мөлшері, күріш дақылын өсіру арқылы төмендетуге болады. Себебі көптеген ғалымдардың пікірінше, күріш дақылы өсіп дамуы барысында көп мөлшерде судың қажет болуы, топырақ қабатындағы тұздың шайылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан суармалы жерлерде күріш дақылы бірден бір топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартатын дақыл болып саналады.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында егін шаруашылығының дамуы, оның ішінде күріш шаруашылығының дамуы Сырдариядан алынған суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Соңғы жылдары Қызылорда су шаруашылығы мәліметі бойынша күріштің маусымдық суару мөлшері гектарына 25 000 – 27 000 м³/га азаймай отыр. Тек күріш өндірісіне ғана емес, Сырдариядан алынған суды үнемсіз, ысыраппен пайдалануға әкеліп соғады. Біздің ойымызша күрішке берілетін су мөлшері топырақ сортаңдылығына тікелей байланысты. Мәселен соңғы жылдары облысымызда күріш көлемі 75 – 80 мың га жерді алып жатқан болса, олардың сортаңдылығы бір деңгейде емес.

Елімізде Қызылорда облысы күріш өндірудің негізгі орталығы. 1960-1965 жылдардан жүргізілген мелиорациялау жұмыстарының негізінде осы аймақта 250 мың гектарға жуық инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік салынған. Соған байланысты өңірде күріш өндірудің жаңа технологиясы зерттеліп, енгізілген. Соңғы жылдары дақыл өнімділігі әр гектар егістіктен 45-50 центнер аралығында болды. Алайда, осы саланың одан әрі дамуына Сырдариядан алынған суды барынша үнемді, тиімді пайдалану қажеттілігі алға шығып отыр. 2015 жылдың қыркүйек айынан осы ғылыми жұмыс орындалып келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Қызылорда облысы суармалы алқаптарында күріш дақылының маусымдық суару мөлшерін әрбір ірі суармалы алқаптары топырақ-мелиоративтік, гидрогеологиялық және сортаңдану көрсеткіштеріне сәйкес тиімді мөлшерін анықтау.

Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері: Әрбір суармалы алқаптар үшін күріштіктегі топырақтың тұздар көлемінің мөлшерін анықтау, күріш дақылының өсу дәуіріне сәйкес оның топырақтағы көлемі мен құрамына байланысын зерттеу.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны: Түгіскен суармалы алқабы, Қызылорда суармалы алқабы, Қазалы суармалы алқабы.

Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары:

1. Қызылорда суармалы алқаптары топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеу негізінде олардың күріш дақылы өсу кезеңінде өсімдікке көрсетер қолайсыз ықпалдары анықталды.

2. Күріш атызында судың төмен қарай топырақтан сүзілуі ондағы артық тұздар көлемін суармалы алқаптан тыс жерлерге алып кетуге жоспарланады. Біздің талдауларымыз өңір күріш алқаптарында топырақтан төмен қарай судың сүзілуі тұздар көлемімен байланыспағаны анықталды.

3. Талдаулар нәтижесі күріш егісінің суға қажеттілігін анықтауда егіс топырағының механикалық құрамы және оның сортаңдану дәрежесін ескермейтіні анықталды.

4. Жүргізілген зерттеулерді сараптай келе, күріш атызы топырағының тиімді тұз режимі негізінен күріш өсімдігі түптегенге дейінгі мерзімде іске асатыны анықталды. Сондықтан күріш түптеп болғаннан кейін топырақтан төмен қарай сүзілетін судың көлемін барынша азайту қажеттілігі

...

Скачать:   txt (21.5 Kb)   pdf (53.6 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club