Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыл шаруашылығы егіншілік пәнінен курстық жумыс

Автор:   •  Январь 29, 2019  •  Курсовая работа  •  2,200 Слов (9 Страниц)  •  1,391 Просмотры

Страница 1 из 9

Кіріспе

1. Тарау. Аймақтың топырақ – климат жағдайларының сипаттамасы

2. Тарау. Ауыспалы егістердің тәсімін, көшу жоспарын және ротация кестелерін құрастыру.

2.1. Аймаққа ұсынылған танаптық және мал азықтық ауыспалы егістер.

2.2. Алғы егістерді негіздеу.

2.3. Танаптық және мал азықтық ауыспалы егістердің тәсімдерін құрастыру.

2.4. Ауыспалы егістерге көшу жоспарларын және ротация кестелерін құрастыру.

2.5. Ауыспалы егістердің өнімінің шығуы және қарашіріктің балансы бойынша тиімділігін бағалау.

3. Тарау. Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.

3.1. Танаптық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.

3.2. Мал азықтық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.

4. Тарау. Арамшөптермен күрес шараларының жүйесі.

4.1. Танаптардың ластану картасын жасау.

4.2. Алдын алу күрес шаралары.

4.3. Агротехникалық күрес шаралары.

4.4. Химиялық күрес шаралары және үстемелеп бүрку үшін техника мен гербицидтердің қажеттілігін есептеу.

Қорытындылар мен ұсыныстар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымшалар.

Кіріспе

Егіншілік – келешек мамандарға топырақтың құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылғы дақылдарын өсірудің жалпы мәселелері туралы білім беретін маңызды агрономиялық пән. Бұл пәнді оқудың нәтижесінде студент топырақтың құнарлылығын арттыруды, арамшөптермен күресуді, ауыспалы егістерді жоспарлауды, енгізу және игеруді, топырақ өңдеу тәсілдерін, олардың сапасын бақылауды, егіншілік жүйелердің негіздерін үйреніп, оларды іске асыру жолдарын жасауға дағдылануы керек. Бұның нәтижесінде студенттің агрономиялық ой өрісі қалыптасады, келешек маман ретінде көптеген шаралардың өндірісте қолдануын шеше алуға мүмкіндік алады. Егін шаруашылығының басқа салалардан басты ерекшелігі – тек жасыл өсімдіктерге бейорганикалық заттардан күн сәлесінің қатысуымен органикалық заттар түзіледі (фотосинтез процесі), яғни күннің кинетикалық энергиясына өсімдік органикалық заттарының потенциалды энергиясына айналады. Күн қуатының жер бетіне түсуі жыл және тәулік барысында әр түрлі болуына байланысты егін шаруашылығының тағы бір ерекшелігі – оның маусымдығы болады. Ал бұл ерекшелік егін шаруашылығында орындалатын процестерді дер кезінде және жоғары сапада орындау қажеттілігін талап етеді. Егін шаруашылығы көп територияны алып жатады, осыған байланысты бұл салада қолданылатын машиналардың көбі өз жұмысын қозғалу кезінде атқарады. Өсімдік өнімдері ұзақ сақтауға жарамайтындықтан оларды жылда өндіріп тұруға тура келеді, яғни саланың ендігі бір ерекшелігі – оның үзіліссіздігі, яғни жұмыс істеудің толлассыз жүріп отыруы.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек» - деген болатын. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ««Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес,

...

Скачать:   txt (31.4 Kb)   pdf (63.7 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club