Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпеннің гранулематозды ауруларының патологиялық анатомиясы

Автор:   •  Февраль 22, 2020  •  Реферат  •  5,587 Слов (23 Страниц)  •  554 Просмотры

Страница 1 из 23

АҚ «Оңтүстік қазақстан медицина академиясы»

«Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Өкпеннің гранулематозды ауруларының патологиялық анатомиясы

Орындаған: Есентаева Д.Ғ.

Тобы: В-ЖМҚА-05-16

Қабылдаған: Абильдина Қ.Б.

Шымкент 2019

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Қолданыдған әдебиеттер

Кіріспе

   Бұл бөлімде негізінде өкпенің стромасын, яғни эндотелийдің базальды мембранасы және эпителиальді жасушалардан, коллаген талшықтарынан, эластикалық құрылымдардан,протеогликандар, фибробластардан, тоқ жасушаларынан, сонымен қатар лимфоциттер мен моноциттерден тұратын альвеола қабырғасының интерстициальді тінін, негізінен өкпенің стромасын зақымдайтын көбінесе диффузды және әдетте созылмалы өзгерістермен сипатталатын инфекциялық емес аурулар тобы қарастырылған.

   Өкпенің интерстициальді аурулары - бұл өкпе альвеола қабырғасының және оны қоршап жатқан интерстициальді тіннің қабынулық зақымдалуымен сипатталынатын сырқаттардың үлкен тобы.

   Өкпенің интерстициальді ауруларының классификациясы этиологиясына байланысты: белгілі және белгісіз себепті деп, ал әр топты екі топ астына жіктейміз (интерстициальді тінде гранулеманың болуы мен болмауына байланысты).

   Өкпенің интерстициальді аурулары (ӨИА) –тұрақты адекватты емді қажет ететін клиникалық тұрғыда ауыр өкпелік – жүректік жеткіліксіздігімен көрінетін, ұқсас клиникалық көріністері бар және патологияның соңында қайтымсыз өкпелік фиброз және «сотовое легкое» дамитын аурулар тобы.

   Бүгінгі таңда ӨИА – ң әртүрлі түрлерінің, соның ішінде гранулематозды аурулардың патоморфологиялық ерекшеліктері мен патогенездік сұрақтары толығымен зерттелмеген. Олар альвеолаішілік және интерстициальді өзгерістерінің сипатымен, сонымен қатар әртүрлі түрлеріне тән ұқсас гистологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Ұқсас клиникалық көріністер мен рентгенологиялық белгілер де кездеседі. Аталғанның бәрі осы аурулардың бір топқа бірігуімен негізделген. (өкпенің барлық бейинфекциялық ауруларының 15 % шамасында).

   Жоғарыда аталған жағдайларды бағыттай отырып, өкпенің гранулематозды ауруларының клиникалық морфологиясына арналған осы оқу – әдістемелік құралдың құрылымы мен тағайындалуы белгіленді. Жиі кездесетін гранулематозды аурулармен қатар этиологиясы белгісіз гранулематозды аурулардың патоморфологиялық интерпретациясына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың эпидемиологиялық, этиологиялық, патогенездік, асқынулар мен ақыры, сонымен қатар қазіргі классификациялық сұрақтары қарастырылады.

Өкпенің гранулематозды аурулары

   Өкпенің гранулематозды ауруларын этиологиясы белгісіз аурулар тобының қатарына біріктіреді. Оларды көптеген тіндер мен жүйелерде дамитын гранулеманың болуы біріктіреді.

   Гранулема (немесе гранулематозды инфильтрат) – макрофагтар мен олардың туындыларынан (эпителиальді жасушалар мен көпядролы алып жасушалар) тұратын ошақты инфильтрат. Сонымен қатар инфильтрат құрамына лимфоциттер, эозинофильдер, нейтрофильдер және фибробластар кіреді.

   Гранулеманың пайда болуы - нашар еритін субстанцияға тіннің жергілікті жауабы. Бұл феноменнің механизмі толығымен анық емес, бірақ даму барасында жасушалық иммунитет қатысады. Теріде нашар еритін субстанцияның үнемі болуы Т-жасушаларды белсендендіреді,олар цитокиндерді өндіреді; цитокиндер макрфогатардың осы аймаққа енуін,белсенуін және көбеюін қамтамасыз етеді. Белсендендірілген макрофагтар енген агентті фагоциттеп, бұзады.

...

Скачать:   txt (86 Kb)   pdf (229.3 Kb)   docx (35.2 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club