Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гепатит ауруларындағы патологиялық-морфологиялық аурулар

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,539 Слов (7 Страниц)  •  843 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспары:

1.Гепатит симптомдары        
  1.1. этиологиясы
  1.2. дамуы

2.Гепатит ауруларындағы патологиялық-морфологиялық аурулар        
  2.1. Емі

3.Гепатиттен сақтандыру шаралары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Бауыр аурулары

Бауыр ауруларын жіктегенде оның ұлпаларында дамыған патологиялық процестің өзгерістерін негізге алады.

Нозологиялық түрлері: ұлпаның қабынуы – гепатит; ұлпаның азғындауы – майлы және амилоидты гепатоз; бөлшек аралық дәнекер ұлпаның склерозы мен гепатоцидтердің атрофиясы – цирроз; өт қабының қабынуы – холецистит; бауырда қатерлі ісік – бауыр ісігі; Бауырдың эхинококкозда, лептоспирозда  басқада ауруларда бұл аурулуардың зақымдануын бауыр синдромы деп атайды.

Кейбір авторлар бауыр ұлпаларында қабыну, азғындау және цирроздық процестерде бауырдың патологиялық жағдайын гепатопатия деп атайды.

Гепатит – ауырсынумен және бауырдың көлемінің ұлғаюымен, паренхиматозды сарғаюмен, ас қорытудың бұзылуымен және токсикозбен сипатталатын, оның диффузды қабыну – азғындауымен зақымдалатын бауырдың полиэтиологиялық ауруы. Жіті және созылмалы өтеді. Жіті гепатит 3 аптаға созылады және аурудан айығады. Немесе тиімсіз емдегенде созылмалы түрге ауысады.

Гепатит – иттерде өте жиі кездесетін ауру. Ол бауырдың нозологиялық ауруларының 53,1%-54% орын алады. Оның 7,6-7,8%-ы жіті, ал  45,5-46,2%-ы созылмалы гепатитке келеді.

Жіті  гепатитке шалдыққандардың 71%-ы төбеттер, 29% қаншықтар. Ал созылмасы гепатиттің 22% -ы төбеттерге, 37,8%-ы қаншықтарға келеді.

Этиологиясы. Гепатитті жануарларда гепатотропты микроорганизмдер, экзо және эндотоксиндер, кейбір дәрі-дәрмек препараттары және аллергендер туғызады.

Құрамында ДНК- бар Adenoviridae тұқымынан иттер мен терісі бағалы аңдарда гепатит туғызады, ал Hepadnaviridae тұқымы суырда, үйректерде және құтандарда гепатит туғызады. Патогенді лептоспиралар, салмонеллалар, пастереллалар, бруцеллалар және де қарапайымдылар – бабезиялар, пироплазмдар, тейлерийлер, эймерилер, токсоплалзмалар ж.т.б. бауыр қабынуын туғызады.

Сырттан келіп түсетін улардан бауырды зақымдайтындарға  улы өсімдіктердегі алколоидтар, минералды удар – пестицидтер, дефолианттар, минералды тыңайтқыштар, ауыр металдар, кеміргіштер мен өсімдіктерден қорғайтын препараттар ж.т.б. жатады. Жануарларға аса қауіптісі саңырауқұлақтардың төменгі тұқымдары (Claviceps, Stachybatrys, Dendrodochium, Aspergillus, Fusarium, Penicillium, Mucor) зақымданған азықтармен азықтандыру.

Эндотоксиндер жануар организмінде ас қорыту жолдарында шірікті процестерден және зат алмасуы бұзылуынан пайда болады.

Дәрі –дәрмектік гепатиттер аз орын алады. Олар ұзақ мерзім, көп мөлшерде эритромицин, тетрациклин, гризеофульвин, стрептомицин, линкомицин, кортикостероидті және басқада гепатотоксикалық препараттар қолданғаннан болады.

Жіті гепатиттер жүйесі аллергияларда және қан сарысуы ауруларында аутоиммунды аурулар ретінде кездеседі.

Дамуы. Гепатотропты микроорганизмдер гепатоцидтерде өсіп-өніп, олардың токсиндері және зат алмасу өнімдері патогенді әсер етеді. Гепатотропты қасиеті жоқ  өнімдерімен әсер ете алмайтын бауырға олардың улары зат алмасуы өнімдерімен және ұлпалардың ыдырауымен әсер етеді. Қан паразитарлы ауруларда көп мөлшерде бос билирубиннің пайда болуы мен қоздырғыштардың ыдырауынан пайда болған өнімдер негізгі роль атқарады.

Гельминттер мен олардың балаң құрттары, токсикалық өнімдері бауырды механикалық зақымдайды. Зат алмасуынан пайда болған, азықпен сумен келіп түскен, микроорганизмдер мен паразиттер бөлген токсиндер әсерінен бауырдың бөлшек аралық дәнекер ұлпасы қабынады, азғындайды, гепатоцидтер өліеттенеді және ыдырайды.

Бауыр ұлпасының диффузды зақымдануынан оның негізгі қызметі бұзылады – аммиак түзу, уларды бейтараптау, оларды қаннан ұстап алу, глюкурон қышқылымен коньюгирлеуі және билирубинмен бірге ішекке бөлу ж.т.б.

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (180.4 Kb)   docx (34.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club