Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Практическая работа  •  1,093 Слов (5 Страниц)  •  264 Просмотры

Страница 1 из 5

Тақырыбы: Бауыр ауруларының  патологиялық анатомиясы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр ауруларының жіктелуі: гепатоз, гепатит, цирроз.
  2. Бауырдың токсикалық  дистрофиясының морфологиясы.
  3. Вирусты гепатиттердің жіктелуі мен морфологиялық сипаттамасы, оның асқынуы мен нәтижесі. Алкогольды гепатиттің морфологиясы.
  4. Бауыр циррозының жіктелуі мен морфологиясы, асқынуы, өлім себептері.

Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс):  

а) Бауырдың токсикалық  дистрофиясы. Сипаттау керек: ағзаның  көлемін, тығыздығын, сырткы   беткейінің   қалпын, капсуласының   жағдайын, тіннің   кесіндідегі  түрін. Аурудың кезеңін және  шамамен даму мерзімін белгілеп, қандай аурулар кезінде дамитынын атаңыз. Аурудың нәтижелері мен асқынуларын, өлім себептерін атаңыз.

б) Бауырдың порталық циррозы. Көңіл аударыңыз: ағзаның көлемінің кішірейгеніне, тінінің тығыздалуына, диафрагмалық және висцералдық  беткейлерінің біркелкі еместігіне, капсуласының қалпына, бауыр тінінде қалыптасқан көлемі әр түрлі түйіндерге. Аурудың себептерін, нәтижелері мен асқынуларын, сонымен қатар өлім себептерін атаңыз.    

Микропрепараттарды қарап, суретін салу:

а) Жедел вирусты гепатит (Г-Э бояуы). Табу қажет: гепатоциттерде дамыған дистрофияның түрін, бауыр бөлікшесінің анағұрлым зақымданған жерін, коагуляциялық некроз ошақтары мен Каунсильмен денешіктерін, қабыну сіңбелерінің орналасқан жерін.  

б) Бауырдың порталық  циррозы (Г-Э бояуы). Сипаттаңыз: бауырдың бөлікшелік құрылымын; жалған бөлікшелердің сипатын; дәнекер тіннің сипаты мен орналасуын; порталық жолдардағы лимфоцит-гистоциттік сіңбелерді.  

Тақырыбы: Асқазан және өңеш ауруларының патологиялық анатомиясы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өңештің қабынулық аурулары – морфологиялық көрінісі,  салдары мен асқынулары.
  2. Гастриттің жіктелуі, патологиялық морфологиясы, нәтижелері, асқынулары.
  3. Асқазан мен онекіелі ішектің жара ауруының өршу мен ремиссия кезіндегі  морфологиялық өзгерістер.
  4. Асқазан мен онекіелі ішектің жара ауруының нәтижелері  және асқынулары.

Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс):  

а)  Асқазанның жедел жарасы. Сипаттау керек:  асқазан қабырғасындағы жараның пішінін, өлшемін, жиектері мен түбінің қалпын. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек.

б) Асқазанның созылмалы жаралары. Сипаттау керек: асқазан қабырғасындағы жаралардың пішінін, өлшемін, жиектері мен түбінің қалпын. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек.

Микропрепараттарды қарап, суретін салу:

а) Асқазанның созылмалы жарасы  (г-э бояуы). Көрсету керек: жараның кардиалды және пилорикалық бөлімдеріне қараған жиектердің қалпын, жара түбінің қабаттарын: некроз қабаты, грануляциялық тін қабаты, фиброзды қабаты. Аурудың кезеңін атау керек.

б) Созылмалы атрофиялық гастрит (г-э бояуы). Анықтау керек: асқазанның шырышты қабығының жұқаруын, бездер санының азаюын және де олардағы ішектік метаплазия белгілерін, стромада өскен дәнекер тінді. Сонымен қатар, стромадағы қабыну сіңбелерін, олардың жасушалық құрамын және қабыну үрдісінің белсенділігін.  

Тақырыбы: Аш және тоқ ішек ауруларының  патологиялық анатомиясы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тоқішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі,  салдары мен асқынулары.
  2. Ащыішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі,  салдары мен асқынулары.
  3. Аппендициттің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі,  салдары мен асқынулары.

Макропрепараттарды талқылау (кіші топтардағы жұмыс):  

а) Флегмоналы аппендицит. Сипаттау керек: өсіндінің өлшемін,серозды қабығы мен  шажырқайының түсін. Мүмкін болатын асқынуларын және нәтижелерін атау керек.

б) Крон ауруы. Сипаттау керек: мықынішектің күрт қалыңдауы мен ісінуін; «таспен қаланған жол» сияқты өзгерген шырышты қабықты. Осы салыстыру неге байланысты айтылғанын түсіндіріңіз. Сонымен қатар, шырышты қабықта орналасқан жаралардың орналасуы мен тереңдігін. Аурудың асқынулары мен нәтижелерін атаңыз.

...

Скачать:   txt (17.5 Kb)   pdf (83.1 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club