Қанайналым бұзылыстары
Автор: Gulnur_1998 • Декабрь 19, 2018 • Лекция • 280 Слов (2 Страниц) • 882 Просмотры
Қанайналым бұзылыстары:
1) ағзалардың қанға толуының өзгеруі (артериялық қантолым, веналық қантолым, қаназдық);
2) тамырлар өткізгіштігінің өзгеруі (қан кету, қан құйылу, плазмаррагия)
3) қан ағысының және реологиясының бұзылыстары (стаз, тромбоз)
Loading…
Артериялық қантолым (гиперемия) дегеніміз, ағзаның артериялық жүйесінде циркуляциядағы қан мөлшері артуынан ағзаның шамадан тыс қанға толуы.
Жалпы және жергілікті болуы мүмкін.
Артериялық жалпы гиперемия дегеніміз қанда эритроциттер санының көбеюі; кейде бұл үдеріс қанның айналымдағы көлемінің артуымен қатар жүреді.
Бұл патология біршама сирек кездеседі.
Биіктікке көтерілгенде (альпинисттерде), таулы аймақтар тұрғындарында, өкпе патологиясы бар адамдарда байқалады.
Клиникалық белгілері:
- тері мен шырыш қабаттар қызарады,
- артериялық қысым жоғарылайды.
Артериялық жергілікті гиперемия– ағзаға немесе тіндерге артериялық қанның артық мөлшерде ағып келуі.
Бұл гиперемия физиологиялық және п
Бұл гиперемия физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
●Физиологиялық гиперемияның мысалдары: адам ұялған кезде беттің қызаруы, теріде жылулық немесе механикалық тітіркендіру орындарында қызарған аймақтардың пайда болуы.
●Патологиялық гиперемияның түрлері (6):
1)Ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия – вазомоторлық бұзылыстарда байқалады (тамыр кеңейтетін нервілердің
...