Заттек алмасуының типтік бұзылыстары
Автор: diaskylyshbek • Ноябрь 5, 2020 • Контрольная работа • 572 Слов (3 Страниц) • 527 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
В. Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
Коллоквиум № 3 «Заттек алмасуының типтік бұзылыстары» бөлімі
Билет № 6
Тапсырма 1. Зардап шегуші К., 42 жаста, альпинизммен айналысады, тауға шығу кезінде жабдықтарын түсіріп алған, бірақ ары қарай биікке шығуын жалғастыруға шешім қабылдады. 5800 м биіктікке жағдайының күрт нашарлауынан ары қарай көтерілуін тоқтатқан, алайда жерге төмен түсе де алмаған.
Зертханалық зерттеулер деректері:
РаO2 = 58 мм сын.бағ.
SaO2 = 61%
PvO2 = 29 мм сын.бағ.
SvO2 = 38%
ҚОС = 22,5көл%
Hb = 185 г/л
pH = 7,52
SB = 20,9 ммоль/л
АВ = 13,6 ммоль/л
BE = -1,2 ммоль/л
1. Зертханалық зерттеулердің көрсеткіштерін түсіндіріңіз және зардап шегушіде қандай типтік патологиялық процестер дамығанын көрсетіңіз. Қорытынды жасаңыз. Жауаптарыңызды дәлелдеңіз.
2. Осы жағдайда РаСO2, Hb-нің оттегіге ұқсастығы және тіндерде HbO2 диссоциациясы қалай өзгереді? Бұл жағдайда рН ығысуын жою механизмдері қандай?
3. Зардап шегушіде электролит алмасуының қандай бұзылыстары туындауы мүмкін? Олардың салдары қандай?
Тапсырма 2. 30 жасар жүкті әйел, бауырдың жіті майлы дистрофиясымен реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Анамнезінде – 1 типті қантты диабет.
Объективті: Науқас қозған,есеңгіреп жатыр, ірі треморлар және бұлшықеттердің құрысулық тартылуы байқалады. Терісі және сілемейлі қабықтары сарғыш. Пульсі - 100 мин-1, артериялық қысымы - 90/60 мм сын.бағ.
...