Қанайналым бұзылыстары. Иммунды процесстердің бұзылуы. Аллергия
Автор: Жазира Абенова • Февраль 5, 2023 • Лекция • 3,208 Слов (13 Страниц) • 229 Просмотры
Дәріс № 2.
Тақырыбы: Қанайналым бұзылыстары. Иммунды процесстердің бұзылуы.Аллергия.
Қан айналымының бұзылыстары 3 топқа бөлуге болады:
1) қан толуының бұзылуы: толақандылық және қаназдық;
2) қан тамырының қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы: қан кету (қан
құйылу) және плазморрагия;
3) қанның ағымы мен реологиясының бұзылуы: стаз, сладж-феномені, тромбоз
және эмболия.
Қан айналымының бұзылуын көптеген түрлері бір-бірімен патогенездік тығыз байланыста болады, мысалы, қан кету, плазморрагия және ісіну толақан-дылықпен байланысты, қан аздық эмболиямен және тромбозбен байланысты, тромбоз стазбен және веналық толақандылықпен байланысты. Қан айналымы-ның бұзылуы көптеген клиникалық синдромдардың негізінде жатыр, мысалы жедел және созылмалы жүрек шамасыздығы, қантамыр ішілік қанның шашы-ранды ұю синдромы (ҚШҰ-синдром), тромбоэмболиялық синдром. Олар шоктың негізінде жатыр.
3 жасқа дейінгі балаларда, нәрестелерде, ұрықта жергілікті және жалпы толақандылық, қан аздық, қан құйылу, стаз, ересек адамдарға қарағанда жеңіл және жиі кездеседі, бұл қан айналымының регуляциялық (реттелу) механиз-мінің жетілмеуіне байланысты. Тромбоз және инфаркт, ересек адамдарға қара-ғанда жас балдарда өте сирек дамиды. Көбінесе, қан айналымының бұл бұзы-лыстары жүрек-қантамыр жүйесінің ақауларына байланысты дамиды және оларға екіншілік сепсистік инфекцияның қосылуымен жүреді немесе кейбір жедел жұқпалы ауруларда дамиды (дифтерия, вирустық миокардит және т.б.).
І. Толақандылық (гиперемия).
Артериялық және веналық толақандылық түрлерін ажыратады.
І.1. Артериялық толақандылық.
Артериялық толақандылық дегеніміз – артериялық қанның ағымының көбеюі салдарынан тінде, ағзада қан толудың жолдары.
Артериялық толақандылықтың жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады.
Жалпы артериялық толақандылық – айналымдағы (циркуляциядағы) қанның көлемінің ұлғаюы немесе эритроциттердің санының көбеюі кезінде байқалады. Мұндай жағдайда, тері жамылғысының, кілегейлі қабаттың қызыл түске боялануы және артериялық қан қысымының көтерілуі болады.
Көбінесе артериялық гиперемия жергілікті сипатта болады және әр түрлі себептерден дамиды.
Сондай-ақ, физиологиялық және патологиялық артериялық толақан-дылық түрлері бар.
Физиологиялық артериялық толақандылық – физикалық және химиялық факторлар әсер еткенде, ұялғанда, ашуланғанда (рефлекторлық гиперемия), ағзалардың қызметі күшейген жағдайда (қызметтік гиперемия) пайда болады.
Патологиялық артериялық толақандылық. Этиологиясы мен даму механизмдердің ерекшеліктеріне қарай келесі түрлерін ажыратады:
- ангионевроздық (нейропараличтік);
- коллатералдық;
- анемиядан (ишемиядан) кейінгі гиперемия;
- вакаттық;
- қабынулық;
- артерио-веналық жыланкөз фонындағы гиперемия.
Маңыздылығы – патологиялық артериялық толақандылықтың маңыз-дылығы оның түрлерімен анықталынады: коллатеральдық гиперемияның маңызы зор, себебі, артериялық бағана бітелген жағдайда, компенсаторлы қанайналымды қамтамасыз етеді. Қабынулық гиперемия – қабынудың, қорғаныс-бейімделу реакцияларының міндетті компоненті. Бірақтан, вакаттық гиперемия кессон ауруының себебі болады.
...