Шпаргалка по "Фтизиатрии"
Автор: Nurly3112 • Май 30, 2023 • Шпаргалка • 4,310 Слов (18 Страниц) • 362 Просмотры
1.Туберкулезге қарсы диспансер. Құрылымы. Міндеттері.
Туберкулезге қарсы диспансер-бекітілген аумақта, халыққа туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын, мамандандырылған Денсаулық сақтау мекемесі.
Диспансердің құрылымы: тіркеуді, мамандандырылған қабылдау кабинеттерін (фтизиатриялық, офтальмологиялық, отоларингологиялық, стоматологиялық, урологиялық, гинекологиялық, сүйек-буын, хирургиялық) қамтитын диспансерлік бөлімше (ересектер мен балаларға арналған); әлеуметтік, заң және психологиялық көмек кабинеті; қақырықты жинауға арналған кабинет; сәулелік диагностика кабинеті; ұйымдастыру-әдістемелік кабинет.
Туберкулез диспансерінің негізгі міндеттері:
1) профилактикалық іс-шараларды жүргізу. 2) жыл сайынғы кешенді жоспар құру, оны денсаулық сақтау бөлімін бекітуге ұсыну, оны жүзеге асыру және орындалуын бақылауды ұйымдастыру. 3) Туберкулездің ерте көріністері бар науқастарды уақтылы анықтау. 4) амбулаториялық және стационарлық жағдайларда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуді жүргізу. 5) туберкулездің эпидемиологиясын зерделеу (халықтың инфекциясы, сырқаттануы және ауыруы, клиникалық емделуі, қайталануы, өлім-жітім). 6)аудан мекемелері мен халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары. 7) Халыққа қызмет көрсетудің негізгі көрсеткіштерін жыл сайын талдау негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін зерделеу.
2.Туберкулезді ерте табу әдістері. Ересектерде туберкулез диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу. Туберкулезге күдік болған кезде: 1)МГӘ1 ТБ(-) Микроскопия2 ҚКБ; Рентгенография және қорытынды; Кең спектрлі антибиотиктер;Қайталанған рентгенография; Нәтижесінде жақсару болса -Дәрігердің қорытындысы- Туберкулез жоқ.Нәтижесінде жақсару болмаса--Қайталанған микроскопия ККБ-:Фтизиатр дәрігерінің кеңесі-Туберкулез жоқ немесе туберкулез бар. Қайталанған микроскопия ККБ+:Туберкулез
2)МГӘТБ(+) Микроскопия ҚКБ(-),МГӘТБ(-) Микроскопия ҚКБ(+), МГӘТБ(+) Микроскопия ҚКБ(+)= Туберкулез.
Ересектерде туберкулез диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу.
1) туберкулездің зертханалық диагностикасы: молекулярлық-генетикалық әдіс және қақырық жағындысының микроскопиясы. Бір порциядан молекулярлық-генетикалық әдіспен зерттеу жүргізіледі, оң нәтиже болған жағдайда екінші порциядан жағынды микроскопиясы жүргізіледі.
2) туберкулез ауруының жоғарғы қауіпі бар халықтың арасындағы флюорография;
3) тәуекел тобындағы балалардағы туберкулинодиагностика (туберкулин Манту сынамасы, рекомбинантты туберкулезді аллерген сынамасы);
молекулалық-генетикалық әдісі және қақырыққа микроскопиялық зерттеу адамдарға екі аптадан артық жалғасатын жөтел және: 1) салмақ тастау; 2) тершеңдік; 3) кеуде қуысындағы ауырсыну;) қан түкіру;5) жалпы әлсіздік және тез шаршау; 6) ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі.
3. Диспансеризация. Диспансерлік топтар.
Диспансеризация аурулардың дамуын және оның ары қарай өршуін алдын алуға, адамның еңбекке қабілеттілігін қалыптастыруға және өмірін ұзартуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Диспансерлік топтар: Нөл (0) тобы-туберкулезге күмәнді белсенділігі бар адамдар.
1) МСАК жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн туберкулезге күдік туғызатын адамдар; 2) туберкулезге қарсы ұйымдарда диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын анықтауды және ажырату диагностикасын жүргізу керек адамдар.
Нөл (0) топтың адамдарына туберкулезге қарсы препараттарды тағайындауға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулез анықталса, ол IА топқа ауыстырылады. Туберкулин сынамасы анықталған кезде, бала III Б тобына ауыстырылады.
...