Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Технологии"

Автор:   •  Февраль 8, 2018  •  Шпаргалка  •  7,399 Слов (30 Страниц)  •  753 Просмотры

Страница 1 из 30

14. Айдау стансасының технологиялық үлгісі деп нені айтайды?Бас айдау стансасы бас жоспарының сұлбасысын түсіндіріңіз. Бас айдау стансасында мұнай фильтрлер камерасынан өтіп, механикалық қоспадан тазарады. Өлшеу мен есептеу тораптарынан өтіп, коллектормен манифольд (ысырмалар, кері клапандар, фильтр сияқты жабдықтар орналасатын алаңқай, немесе мекенжай) арқылы резервуарлардың біріне тұнуға барады. Одан әрі тегеурін сораптар мұнайды негізгі сораптар желісіне жібереді. Реттегіш клапан тораптарынан соң жоғары қысымдағы мұнай қырғыш жіберу тораптарынан, магистралға айдалады. Аралық сорап стансасында тегеурін сораптар мен резервуар паркы болмайды, бірақ оның қосылу торабында қырғыштар, немесе бөлгіштерді қабылдап-жіберу қондырғылары, сол сияқты айналып өту желілері болады. Бұл желілер арқылы аралық сорап стансасы жұмыс істемеген кезде магистралды құбырөткізгіштің мұнайы өтеді.

Мұнай айдауды қамтамасыз ететін байланыстырушы жүйелердің үлгісін айдау стансасының технологиялық үлгісі деп атайды.

Құбырөткізгіштегі мұнай қысымын тудырып отыратын айдау стансалары төмендегі бөліктерден тұрады.

1. Бас айдау стансасы: онда магистралды  және тегеурін сорап цехтері, 2-3 тәуліктік мұнай қоры болатын резервуар паркі, мұнайды есептеу тораптары, қысымды реттеу тораптары, сақтандырғыштары бар тораптар, технологиялық құбырөткізгіш болады;

2. Аралық айдау стансасы; оның бас стансадан айырмашылығы, онда тегеурін сорап цехтері, резервуар паркы және мұнайды есептеу тораптары болмайды.

11. Арын деген не?Сораптың арындық (жұмыстық) сипаттамасы деп не аталады? Айдау стансалары мен сораптарды сипаттағанда жұмыс қысымының орнына арын ұғымын қолданады. Мұнай мен мұнай өнімдерінің қысымы  құбырөткізгіш бойында үздіксіз азайып отырады (негізіне кедергі әсерінен, сол сияқты биіктік өзгеруінен). Тік орналасқан құбырөткізгіш бойымен қысымның әсерінен сұйықтың көтерілу биіктігі арын деп аталады (немесе пьезометрдегі), ол Н, немесе h әрпімен белгіленеді:

[pic 1],                                                        (27)

мұндағы P -  қысым,  ρ- мұнай, немесе мұнай өнімдерінің тығыздығы, g=9,81м/с2, [h]=м, [P]=МПа, Па, атм (1МПа≈10атм), [ρ]=кг/м3. Арынды метр арқылы өлшенген қысым деп санауға болады. Қысымды арын арқылы беру есептің ыңғайлы шығуына және көрнекі болуына көмектеседі.

Сорап (i-сорап) тудыратын арынның  оның берілісіне тәуелділігі сораптың арындық (жұмыстық) сипаттамасы деп аталады:

Hi= Hi (Q).                        (29)

Сорап стансасының арындық (жұмыстық) сипаттамасы да тура осы сияқты анықталады. Ол сипаттама стансадағы сораптардың арындық сипаттамаларымен және сораптардың қосылу әдісімен анықталады. Егер стансадағы бірнеше сорап тізбектей жалғанса, онда олардың шығаратын арындары қосылады (мысалы 3 сорап үшін): Hст(Q)= H1 (Q)+ H2 (Q)+ H3 (Q). Сораптар бірдей болса, онда Hст(Q)= 3H1 (Q). Егер стансаның берілісін көбейту керек болса, онда бірнеше сорапты паралель қосады. Бұл жағдайда (мысалы 3 сорап үшін): Hст(Q)= H1 (Q1) = H2 (Q2) = H3 (Q3) және Q= Q1+Q2+Q3. Сораптар бірдей болса, онда Q= 3Q1 және Hст(Q)= H1 (Q / 3). Сол сияқты  п – бірдей сорап тізбектей жалғанса, онда Hст(Q)= пH1 (Q), ал паралель жалғанса, онда Hст(Q)= H1 (Q /п). Жалпы жағдайларда сорап стансасының арындық  сипаттамасын графиктік, немесе аналитикалық әдіспен табады. Құбырөткізгіштегі барлық стансалардың қосынды  сипаттамалары жеке стансалардың арындарын қосу арқылы анықталады. Сораптың арындық сипаттамасы әдетте график түрінде, немесе өрнек түрінде беріледі. Ортадан тепкіш сораптардың арындық сипаттамасы арнайы каталогтарда болады. Онда арынның (Н), қуаттың (N), п.ә.к. (η) және рұқсат етілген кавитациялық қордың (Δhдоп) беріліске (Q) тәуелділігі беріледі.

...

Скачать:   txt (92.1 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (760.4 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club