Ойық жаралы колит
Автор: Kami03 • Декабрь 9, 2019 • История болезни • 5,455 Слов (22 Страниц) • 858 Просмотры
Ауру тарихы
Науқас: Арманов Мирас Қанатұлы 16.09.1960
Клиникалық диагноз: Ойық жаралы колит, үздіксіз-рецидивтенуші ағым, А3,Е3-тоталды колит, S2, белсенділігі 2 дәреже.
Бәсекелесуші біріншілік склерозданушы холангит. Порталды гипертензия. Созылмалы панкреатит, латентті ағымы, экскреторлы жеткіліксіздігімен өршу сатысы.
2 типті қант диабеті, орташа ауырлық дәрежесі, компенсация сатысы.
Паспорттық бөлім
- Науқас аты-жөні: Шаубаев Ахмедулла Махумович
- Ұлты: қазақ
- Жынысы: ер
- Туылған жылы: 16.09.1960
- Жұмыс орны: жұмыссыз
- Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрьский ауданы, Пожарский көшесі, 12 үй
- Түскен күні: 05.11.2018.
- Стационарға жолдаған ұйым: №1 Емхана
- Алғашқы диагнозы: Спецификалық емес ойық жаралы колит, баяу үдеуші ағым, орташа ауырлық дәрежесі, белсенділігі 2 дәреже.
Созылмалы панкреатит, латентті ағымы, экскреторлы жеткіліксіздігімен өршу сатысы.
2 типті қант диабеті, орташа ауырлық дәрежесі, компенсация сатысы.
- Клиникалық диагноз: Ойық жаралы колит, үздіксіз-рецидивтеуші ағым, А3,Е3-тоталды колит, S2, белсенділігі 2 дәреже.
Бәсекелесуші біріншілік склерозданушы холангит. Порталды гипертензия. Созылмалы панкреатит, латентті ағымы, экскреторлы жеткіліксіздігімен өршу сатысы.
2 типті қант диабеті, орташа ауырлық дәрежесі, компенсация сатысы.
Шағымдары.
Науқас тері қышуына, тамақ қабылдаумен байланысты емес қабырға астындағы ауырсыну сезіміне, қорытылмаған ас қалдықтары бар, шырыш, қан аралас ботқа тәріздес нәжістің тәулігіне 3-4 рет болуына, іштің кебуіне, шұрылдауына, ауыздағы күйік дәмі болуына, кешкі терлеу, әлсіздік, шаршағыштық, мұрыннан қан кету, түнгі ұйқысыздыққа шағымданады.
Anamnesis morbi.
2002 жылы орташа ауырылық дәрежелі Флекснер дизентериясымен ауырған. Жазылғаннан кейін науқаста энтералды көріністер сақталды, соған байланысты тексерістен өтіп, эндоскопиялық және морфологиялық нәтижелер бойынша спецификалық емес ойық жаралы колит диагностикаланды. 2003 жылы науқас гастроэнтерологиялық бөлімде 5-АСК препараттарымен, эубиотиктермен монотерапиялы емдеу нәтижесінде жағдайының жақсаруы бақыланады. Кейін базисты терапияны қысқа курстармен дефекацияның жиілеуіне байланысты қабылдап отырған(сирек). 2010 жылы артралгия, қызба қосарланып, жүйелі көрініс ретінде бағаланып, ГКС тағайындауға көрсеткіш болды. Сол уақыттан бастап цитолиз, СФ жоғарылауы, тері қышынуы анықталды. Аталған симптомдар пайда болуына байланысты 2014 жылы Астана қаласы ҰҒМО тексеріліп, overlap-синдром: БСХ және ОЖК (өт жолдар МРТ) анықталды. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін салофальк 1,5 г/тәу, УДХҚ қабылдауын жалғастырған. Салофальктың 3,0 г/тәулігіне демеуші дозасын күнделікті қабылдайды. Бірнеше рет ОКА гастро бөлімшесінде емделген. Соңғы рет 2017 жылы плазмаферез сеанстары жүргізілді. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін тәулігіне сульфосалазина 3.0 г, УДХҚ 750 мг қабылдауын жалғастырды. Емдеу нәтижесінде дефекация жиілігі қысқарып, нәжісте патологиялық қоспалар жойылды, тері қышуы сақталды.
Қазіргі жағдайының нашарлауы 4 айдан бері астенизация жоғарылауы, дефекация жиілеуі, нәжісте қанның пайда болуымен көрінді. Тексеру барысында қабынудың белсенді көріністері, анемия анықталды. Клиникалық көріністерінің айқындылығына, амбулаторлы ем нәтижесінің болмауына байланысты, комплексті терапия қажет болуына байланысты гастроэнтерологиялық бөлімшеге госпитализацияланды.
Anamnesis vitae.
Науқас 1960 жылы Баянауыл ауданында, отбасында бесінші бала болып дүниеге келген. Дамуы мен өсуі қалыпты жасына сәйкес болған. 10 жылдық мектепті бітіріп, әскер қатарына алынған.Үйленген 2 баланың әкесі.
...