Клебсиеллалар. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенетикалық рөлі. Экологиясы
Автор: A200400 • Февраль 14, 2020 • Реферат • 1,861 Слов (8 Страниц) • 1,010 Просмотры
«Астана Медицина Университеті » АҚ
Ш.И Сарбасова атындағы микробиология,вирусология және иммунология кафедрасы
Клебсиеллалар. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенетикалық рөлі. Экологиясы. Ауруханаішілік инфекциялардағы рөлі. Зертханалық диагностикасы. Алдын алуы және емдеуі.
Қабылдаған:Асемова Гулжан
Топ:214 ЖМ
Орындаған:Алтынбай Ақерке
Нұр-Сұлтан 2020
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенетикалық рөлі.
2. Экологиясы және эпидемиологиясы
3. Ауруханаішілік инфекциялардағы рөлі
4. Зертханалық диагностикасы.
5. Алдын алуы және емдеуі.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Әлемде шартты-патогенді микроорганизмдерден туындаған аурулар кеңінен таралған, олардың ішінде клебсиелла жетекші орынға ие. Халықаралық конгресстің нозокомиалдық инфекциялар жөніндегі мәліметтері бойынша 2011 жылы ауруханаішілік инфекциялар кезінде клебсиеллалардың үлес салмағы 50-ші жылдары госпитальдық инфекциялардың барлық санынан 10,5%-ға дейін спорадиялық жағдайлар. Өлім-жітім бойынша клебсиеллез инфекциясы жаңа туған нәрестелерде Pseudomonas aeruginosa тудырған аурулардан кейін екінші орынды алады.
Клебсиеллалар тобы ғалым Клебстың атымен тығыз байланыста. Ол 1875 жылы фибриозды пневманиядан қайтыс болған адамдардың бронхиялды қыртысынан, өкпесі мен бауырынан және омыртқа жұлынанынан өзінің анықтауынша «жұмыр коктар» тапқан және оларды monas pulmonale деп атаған. 1882 жылы Фридлендер фибриозды пневмания кезінде сырт қабыршығы бар бактериялар тапқан. Бұл бактериялар тобына Клебсиеллдер деген атты 1885 жылы Тревизан берді.
Клебсиеллалар тыныс алу жолдарын, буынның, мидың қабынуы, конъюнктиваның жынысты-зәршығару ағзаларының қабынуын, сепсис, операциадан кейінгі асқынулар тудырады, аурудың генеризацияланған сепитико-пиемиялық түрі кейде өлімге алып келеді. Клебсиеллалар адамның және жануарлардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.
Негізгі бөлім
Клебсиеллалар Klebsiella туыстастығының өкілі. Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae Klebsiella туыстастығы бірнеше түрлерге бөлінеді: klebsiella pneumoniae,klebsiella mobilis , klebsiella oxytoca , klebsiella planticola,klebsiella terrigena. Адамға патогенді түрі - klebsiella pneumoniae
Морфологиясы
Клебсиеллалар грам тepic, шеттері жұмырланган, қысқа таяқшалар, мөлшері өте құбылмалылығына байланысты капсуласыз клебсиеллалалардың мөлшері-0,3-0,6 ,5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалалардың, көбінесе мөлшері-3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады. Жуан полисахаридтті капсулалар айқын көрінеді. Төменгі температуралардың, өттің, антибиотиктердің, мутагендердің сарысудың, фаггтардың әсерімен капсулалы формаларын бөліп алуға болады. Жағындыда жалғыз немесе жұптасып орналасады.
Дақылдандырылуы.
Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37ᵒС. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілегейлі колониялар түзеді. Ет пептонды сорпада клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлі қабықша пайда болады. Жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көбейеді.
Биохимиялық белсенділігі.
...