Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Клебсиеллалар патогенділігі. Этиологиялық патогендік ролі

Автор:   •  Март 17, 2018  •  Реферат  •  1,622 Слов (7 Страниц)  •  1,676 Просмотры

Страница 1 из 7

 Клебсиеллалар патогенділігі. Этиологиялық патогендік ролі. Экологиясы. Ауруханаішілік инфекция дамуындағы ролі. Лабораториялық анықтауы. Алдын алу және емдеу.

[pic 1]

Жоспар

  1. Кіріспе: Клебсиелалар туралы түсінік
  2. Негізгі бөлім:Клебсиелалар                                                                                          
  1. Клебсиеллалардың морфологиясы
  2. Дақылдық қасиеті
  3. Антигендік құрылымы
  4. Патогенділігі
  5. Экологиясы
  6. Патогенезі мен клиникасы
  7. Зертханалық диагностикасы
  8. Алдын алуы және емдеуі
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:

Клебсиеллалар

       Бактерияның аталуы 1875 жылы алғаш рет ашқан неміс бактериологы Э.Клебс атымен байланысты. Ол фибринозды пневмониядан қайтыс болған адамдардың бронхиалды қыртысынан, өкпесі мен бауырынан және омыртқа жұлынынан «жұмыр коктарды» тапқан және оларды monas pulmonale деп атаған. 1882 жылы Фридлендер фибринозды пневмония кезінде сырт қабыршағы бар бактериялар болатынын анықтаған. Бұл бактериялар тобына клебсиеллалар деген атты 1885 жылы Тревизан берді. Қазіргі кездегі нақтыланған таксономиясына шолу жасасақ:[pic 2]

Патшалығы:

Бактерия

Типі:

Протеобактерия

Класс:

Гамма-протеобактерия

Тұқымдастығы:

Энтеробактерия

Туыстастығы:

Клебсиелла

Түрі: Klebsiella pneumoniae, K. oxytoca, K.mobilis, K. terrigena.

    Адамға патогенді түрі Klebsiella pneumoniaе, үш түрастына бөлінеді:

-Klebsiella pneumoniaе subsp. pneumoniae;

-Klebsiella pneumonia subsp. ozaenae;

-Klebsiella pneumoniaе subsp. rhinoscleromatis.

   Соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған (K. oxytoca, K.mobilis, K. terrigena). Олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumonia – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Негізгі бөлім:

Морфологиясы.

   Клебсиеллалар – грам теріс, шеттері жұмырланған, қысқа таяқшалар, мөлдір өте құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі – капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар, қозғалмайды. Көбінесе қалың полисахаридті капсуласын көруге болады. Жағындыда бір – біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады. Ұзындығы орташа, масақ шығармайды, бірақ in vivo және in vitro кезінде қабыршағын пайда етеді.  Бури-Гинс бояуы бойынша сұлбасы анық көрінетін қабыршақ жасайды.

Дақылдық қасиеті.

Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37 С, pH 7,2-7,4. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлыңғыр, кілегейлі колониялар түзеді, сонымен қатар, ЕПС-да клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлі қабықша пайда болады; жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көрінеді. Ет пептонды агарда ірі, сұр түсті кілегейлі колониялар құрайды.

[pic 3]

Клебсиеллалар культивациялану кезінде өте қарапайым. Дифференциалды-диагностикалық Эндо ортасында ірі, майлы, кілегейлі, консистенциалы әлсіз лактоза колонияларын құрайды. В.Н.Покровский редакциялауымен шыққан еңбегінде клебсиеллаларды культивациялау ортасы көрсетілген:

- К-1 ортасы;

- К-2 ортасы;

- Ворфель – Фергюсон ортасы.

К-1 ортасы. Сұйық жинақтаушы орта  клебсиеллалардың өсуіне жақсы жағдай жасайды, олар өсе келе орта түсін көктен сарыға ауыстырады.

К-2 ортасы. Жасыл (шиша түсті) түсті тығыз азықтық орта. Бұл азықтық ортада клебсиеллалар орташа көлемде, сары түсті, майлы-кілегейлі консистенцияда болады.[pic 4]

...

Скачать:   txt (23.4 Kb)   pdf (357.2 Kb)   docx (465.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club