Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инсулинге тәуелді қант диабеті

Автор:   •  Февраль 2, 2021  •  История болезни  •  2,421 Слов (10 Страниц)  •  693 Просмотры

Страница 1 из 10

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

       Ауру тарихы

Клиникалық диагнозы:  Инсулинге тәуелді қант диабеті, 1 ТИП, жеңіл ауырлық дәрежесі, субкомпенсация сатысы; асқынулары - көздің торлы қабатының диабеттік ангиопатиясы. Екі көздің бастапқы асқынған катарактасы.

Орындаған: Берікқызы Құралай

Тобы: 514 А

Тексерген: Қалжанова М.Ж

Паспорттық бөлімі:
1. Аты-жөні:  Бөкен Асқар
2. Жасы : 37 жаста;
3. Ұлты: қазақ ;
4. Отбасылық жағдайы: үйленген;
5. Жұмыс орны : Атырау облысы, ЖШС « Ақ-Бек-Жан»
6. Мамандығы: бас агроном;
7. Клиникаға түскен уақыты : 19 .09 .2019.

II. Шағымдары:
Күніне бірнеше рет болатын ауырсынуға,  жүктемеден кейін не ауа-райының өзгерісінен кейін болатын аяқ ұюйына , әлсіздікке, шөлдеуге, полиурияға, тез шаршағыштыққа, көрудің бұзылысына, естің жоғалуына, көзінің алдында шыбын-шіркей тұрғандай сезімге, кейде басының ауыруына шағымданады, анальгинмен басылады.

III. Anamnesis morbi
1995 жылдан бастап өзін ауру санайды. Осы кезде алғаш қант диабетінің 1 типі деген диагноз қойылған. Сол кезде шөлдеу, тәулігіне 4 литрге дейінгі полиурия, түнгі диурездің көбеюі мазалай бастаған. 1-2 жылда бір рет стационарда емделіп тұрған. Инсулин препараттарын, витаминді көз тамшыларын жүйелі қабылдап тұрған. 3 жыл бұрын қатты стресстік жағдайға байланысты науқаста диабеттік кома дамыған. Жалпы жағдайы лезде нашарлаған, симптомдары 1 аптада дамып, науқас реанимационды бөлімге түседі, сонда 6 күндей жатады. Соңғы 2 жылда аяқтарында ауырсыну және көруінің нашарлауы мазалайды. Эндокринологиялық  бөлімшеге жоспарлы стационарлы ем алу үшін түсті.

IV. Anamnesis vitae
1984 жылы, екінші бала болып , мерзімімен туылған. Бала кезіндегі жағдайлары қанағаттанарлық болған. Мектепке 8 жасынан бастап барған. Жақсы оқыған.  Физикалық дамуы жағынан қатарластарынан қалмаған. Бала кезінде жиі суық тиіп ауырған. Армиядан кейін каменщик болып жұмыс жасаған. Жиі күйзеліске түседі, жиі уайымдайды екен. Ретсіз тамақтанған, көбіне құрғақ заттармен тамақтанған. 15 жылдан бері темекі шегеді, ішімдік ішпейді.
2001 жылы аппендицинт бойынша операция жасалған.Үйленген, екі баласы бар. Әкесі қант диабетімен ауырған. Аллергиялық анамнезі таза. Венерологиялық, Боткин ауруымен, туберкулезмен ауырмаған. Гемотрансфузия, жарақат болмаған.

IV. Объективті қарау
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық , қалпы- активті. Дене бітімі – нормостениялық. Бойы 190 см, салмағы 90 кг. Дене температурасы қалыпты. Терісі бозғылт, сипағанда қалыпты, тургоры қанағаттанарлық , шелушение жоқ. Теріасты-май қабаты жәй дамыған, бірқалыпты таралған. Ісіну жоқ. Шырышты қабаттары қалыпты түсте , өзгеріссіз. Шүйделік, құлақалды, мойын, бұғана асты және үсті, қолтықасты, шап лимфатикалық түйіндері пальпацияланбайды.
Жақасты лимфотүйіндері пальпацияланады – қозғалысты, жұмсақ, бұршақ размеріндей. ауырсынусыз, терімен бірікпеген. Беті, аяқ- қолдары симметриялы, дененің басқа бөліктерімен салыстырмалы пропорциональды. Бұлшық етінің дамуы қанағаттанарлық.

Тыныс алу жүйесі: 

Мұрынмен тыныс алу еркін, ырғағы дұрыс. Тыныс алу қозғалысы минутына 18. Іштің тыныс алу түрі. Дауысы қатты, таза. Кеуде қуысының пішіні нормостеникалық, Луидің бұрышы орташа, үстіңгі және субклавиялық аймақтар тартылған, кеуде қуысының екі жартысы да симметриялы. Гипермаркет бұрышы түзу, интеркостальды кеңістіктер орташа төзімді. Кеуде тыныс алу кезінде симметриялы, қосымша бұлшықет тыныс алуға қатыспайды. Симметриялы жерлерде дауыстық діріл бірдей. Симметриялы аудандардағы перкуссиялық дыбыс бірдей, өкпе дыбысы айқын. Крениг өрістерінің ені-5 см. мойын омыртқасының VII спиналық процесінің деңгейінде артқы жағындағы өкпе шыңдарының биіктігі, алдыңғы жағында 3 см. клавикуланың ортасынан жоғары. Пальпация кезінде кеуде ауыртпалықсыз.

...

Скачать:   txt (34.9 Kb)   pdf (128.3 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club