1 типті қант диабеті, декомпенсация сатысы, аурудың ұзақтығы 1 жыл
Автор: kuralaisatybaldy • Апрель 24, 2023 • История болезни • 1,899 Слов (8 Страниц) • 366 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
«Пульмонология және нефрология курстарымен балалар аурулары» кафедрасы
Ауру тарихы
Науқас: Айдарова Аяжан Саматқызы
Клиникалық диагноз: 1 типті қант диабеті, декомпенсация сатысы, аурудың ұзақтығы 1 жыл.
Асқынуы:жоқ
Ілеспелі ауруы: жоқ
Оқытушы:
Орындаған
Топ:
Нұр-Сұлтан- 2022 жыл
I.Төлқұжаттық бөлімі:
1.Науқастың аты жөні: Айдарова Аяжан Саматқызы
2.Науқастың жасы: 20.11.2014, 8жаста
3.Жынысы: қыз
4.Мекен-жайы:Нұр-Сұлтан қаласы
5.Әлеуметтік статусы: 2-ші сынып оқушысы
6..Клиникаға түскен күні және уақыты: 16.12.22ж; 11:11
II.Науқастың шағымдары
Науқас ауыздың құрғауына,шөлдеу, жиі зәр шығаруға, тәбеттің жоғарылауына, тамақты көп қабылдауына қарамастан салмақ жоғалтуға, әлсіздікке, зейіннің төмендеуіне шағымданады.
III.Шынайы аурудың тарихы(Anamnesis morbi)
Бала соңғы бір жылда ауырып бастаған.Ата-анасы үнемі баланыңы ауызынын құрғайтынын,шөлдеу, жиі зәр шығару, дене салмағының төмендеуін байқаған. Одан бөлек жүрек айну, құсу, әлсіздік пайда болған. Осы шағымдар бойынша 2021 жылы тұрғылықты мекен –жай бойынша қалалық №9 поликлиникаға қаралған.Ол жерден қалалық ауруханаға жолдама беріп, онда тексеру негізінде қант диабеті 1типі диагнозы қойылған. Қандағы глюкоза деңгейі 16ммоль/л көрсеткен. Әрі қарай Лантус және Новорпид препараттарымен ем жүргізілген.Бала әрі қарай амбулаторлық емдеу және диетатерапияны сақтау бойынша нұсқаулықпен ауруханадан шығарылған. Соңғы екі аптада бала жағдайы нашарлауына байланысты, тексеру және одан әрі емдеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша ауруханаға жоспарлы тексеруге жіберілді.
IV.Өмір анамнезі
Бала бірінші жүктіліктен, бірінші туылған. Жүктілік асқынусыз өткен.Бірінші күннен омырауға жабысып, емшекті өз еркімен алған. Бір жылға дейін емшек сүтін емген.
Бала жасына сай өсіп, дамыған.
Өмірінің бірінші жылында жиі ЖРВИ ауырған.
Психикалық және физикалық дамуы:қалыпты
Тұрмыстық жағдайы:орташа,қанағаттанарлық
Отбасылық жағдайы: алғашқы бала, ата-анасымен, әжесімен, інісімен тұрады.
Тұқымқуалайтын аурулары: Әкесі мен анасы сау. Бірақ әкесі мен анасы жақтан 1типті қант диабетімен ауыратын әпкелері бар.
Эпидемиологиялық анамнезі: Соңғы 3 аптада тұрғылықты жерден тыс жерлерге шықпаған, жұқпалы науқастармен байланыста болмаған, отбасында ішек аурулары анықталмады. Вирусты гепатитпен ауырмаған. Отбасында туберкулез және жыныстық жолмен берілетін аурулар жоққа шығарылды.
Қан мен плазма құйылмады.
Екпелері:жасына сай егілген
Аллергоанамнезі: әртүрлі азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия, шаңдарға аллергиясы жоқ.
Хирургиялық оталар:болмаған
V.Науқастың қазіргі жағдайы (Status presens)
Жалпы қарау
- Сана сезімі: анық.
- Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық.
- Төсектегі қалпы: активті.
- Салмағы:26кг; Бойы:134см
Дене температурасы: 36.2о С.
- Объективті қарау:
- Дене бітімі: нормостеникалық.
- Көзге көрінетін кілегей қабаттары: түсі- ақшыл қызыл; таза; әлсіз құрғақ.
- Тері жабыны: ашық қоңыр, құрғақ, тургоры төмендеген.
- Шаштары: шаш түсуі жоқ; патологиялық сынғыштық және күңгірттену жоқ.
- Тырнақтары: түсі ақшыл; патологиялық сынғыштық жоқ.
- Тері асты шел майы:бірдей тараған,жергілікті ісінулер байқалады;
- Лимфа түйіндері:шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Олар: шүйде; құлақ маңы; мойын алды; мойын арты; бұғана үсті; бұғана асты; қолтық асты; шынтақ; шап; тізе шұңқыры; тобық маңы.
- Бұлшық ет: бұлшық ет тонусы мен күші қанағаттанарлық.
- Сүйек жүйесі:деформациясы анықталмайды.
- Буын жүйесі: деформация және дефигурация анықталмайды;
Тыныс алу жүйесі
Кеуде клеткасын қарау:
- Кеуде клеткасының пішіні- астеникалық.
- Кеуде клеткасы симметриялы.
- Екі өкпе тыныс алуға бірдей қатысады.
- Тыныс алу типі: кеуделік.
- Тыныс алу жиілігі: 18.
Кеуде клеткасының пальпациясы:
- Ауырсыну сезімі жоқ.
- Серпімділігі сақталған.
- Дауыс дірілі екі өкпесінде бірдей.
Өкпенің салыстырмалы перкуссия:
Салыстырмалы перкуссияда өкпеде ашық перкураторлық дыбыс.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Төменгі шекарасы:
Топографиялық сызықтар | Сол өкпе | Оң өкпе |
Төс маңы сызығы l. parasternalis | - | 5 қабырға |
Бұғана орта сызығы l. mediaclavicularis | - | 6 қабырға |
Қолтық алды сызығы l. axillaris anterior | 7 қабырға | 7 қабырға |
Қолтық орта сызығы l. axillaris media | 8 қабырға | 8 қабырға |
Қолтық арты сызығы l. axillaris posterior | 9 қабырға | 9 қабырға |
Жауырын сызығы l. scapularis | 10 қабырға | 10 қабырға |
Омыртқа маңы сызығы l. paravertebralis | 11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі | 11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі |
...