Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зәр шығару жолдарының аfзаларынын аурулары

Автор:   •  Март 22, 2022  •  Реферат  •  4,022 Слов (17 Страниц)  •  327 Просмотры

Страница 1 из 17

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АҒЗАЛАРЫНЫҢ  АУРУЛАРЫ

Нефрологиялық патологияның құрамы келесідей:

•       бүйрек және зәр шығару жолдарының инфекциялары:

-    жедел пиелонефриттер;

-    созылмалы пиелонефриттер;

-    жедел циститтер;

-    созылмалы циститтер;

-    зәр шығару жолдарының инфекциясы.

•       нефриттер:

-    жедел постстрепкоккты гломерулонефрит;

-    біріншілік созылмалы гломерулонефрит;

-    липоидты нефроз (дебют);

-    интерстициальды нефрит:

-    Берже ауруы.

•       заттек бұзылыстары:

-    заттек алмасу нефропатялар;

-    зәртас аурулары;

•       толық анықталмаған жағдайлар:

-    түсініксіз этиологиялы протеинурия;

-    түсініксіз этиологиялы гематурия.

•       басқа аурулар (туа біткен ақаулар, гидронефроз, ісіктер және басқалар).

Негізгі этиологиялық және/немесе патогенетикалық тұрғыдан зәр шығару жолдарының келесі ауру топтары бөлінеді (120 кесте ).

120  КЕСТЕ

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНЫҢ  ЖОБАСЫ

Туа  біткен  аурулар

Пайда  болған  аурулар

Этиопато-

генетикалық факторлар

Нозологиялық  топтар

Этиогенетикалық  факторлар

Нозологиялық топтар

Хромосомды

Аномалиялар

Моногенді мутациялар

Полигенділер (мультифакториаль-дылар

Эмбриофетопатияға байланысты туабіткен, тератогенді  аурулар

               -

21 трисомиядағы, Тернер синдромы, 13q -синдромындағы зәр шығару жүйесі мүшелерінің ақауы.

Тұқым қуалайтын нефрит, поликостозды ауру, тубулопатиялар, Фанкони нефронофтизі, Фабри  ангиокератома

Дисметаболикалық нефропатиялар (интерстициальды нефрит, зәр тас ауруы, және басқалар)

Анатомиялық аномалиялар, бүйрек дисплазиясы

Микробты-қабынулы

Токсико-токсиккоаллергиялық

Атопиялық

  Нейрогенді

Пиелонефрит,  зәр шығару жүйесінің инфекциясы

Тубулуоинтерстициальды

Нефрит

Атопиялық нефротикалық синдром

Гломерулонефрит, жүйелік васкулиттердегі

Нефрит, гемолитикалықуремиялық синдром

Зәр қбының нейрогенді дисфукнциясы

13.1.1.  ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ-ҚАБЫНУЛЫ АРУРЛАРЫ

Зәр шығару жүйесінің инфекциялық-қабынулы арурлары балалар зәр шығару жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кезедесетін ауруларға жатады. Бұл топқа жедел пиелонефрит, созылмалы пиелонефрит, зәр жолдарының инфекциялары, цистит жатады. Ерте жаста қыз балалар мен ер балалар бірдей ауырады, одан кейін қыз балалардың ауруы ер балалармен салыстырғанда 10 есеге дейін арытады.

13.1.1.1. Пиелонефрит – бүйректің табақша-түбекше жүйесінің және түтікті-интерстициальды тіндерінің бейарнамалы жұқпалы (инфекциялы) қабынуы.

Пиелонефрит ғылыми мәліметтер бойынша – жедел жұқпалы респираторлы инфекциядан кейінгі өте жиі таралған ауру.

Ауру 20% жағдайда – ол емшек жасындағы сәбилерде, 50% – 4 жасқа дейінгі  балаларда басталады.  Ер балалардан қыз балалар 5-6 есе жиі ауырады.

Пиелонефриттің дамуына баланың осы дертке бейімділігі де ықпал етеді. Бейімділік факторларын жасына байланысты қарау қажет: мысалы, жаңа туған кезеңде жүктілік кезіндегі анасының, туу кезіндегі патологиялардың, асфиксияның, сепсистің, тұқым қуа-лау бейімділігінің, бүйрек пен несеп жолдарының морфологиялық және функциональдық толық дамымауының маңызы бар /шумақ фильтрациялық, концентрациялық қабілетінің физиологиялық нашарлығы, капиллярлар торының дұрыс жетілмеуі, шумақтардың куб тәрізді эпителийінің нашар жетілуі. Генле тұзағының және өзекшелердің дистальды бөлі-гінің қысқа болуы, нефрондардың ферменттік активтілігінің толық жетілмеуі және т.б./

...

Скачать:   txt (62.3 Kb)   pdf (424.6 Kb)   docx (263.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club