Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару шешімдерге қойылатын талаптар

Автор:   •  Июнь 11, 2021  •  Эссе  •  1,326 Слов (6 Страниц)  •  1,453 Просмотры

Страница 1 из 6

Толағай Айсұлу  Қалдыбекқызы «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті. МЖБ-302

 

 «Басқару шешімдерін жасау» пәні бойынша жазылған эссе

Тақырыбы: Басқару шешімдерге қойылатын талаптар

      Шешім қабылдау процесінің маңызды екендігін адамзат баласы бірлесіп жұмыс жасау әрекеттері басталған кезден-ақ түсінді. Сондықтан басқару теориясының қалыптасып, дамуынан кейін-ақ шешім қабылдау теориясы пайда болып дамыды. Жалпы басқару туралы  ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болғаны белгілі. Ал басқару шешімдерін қабылдау теориясының тез дамуы ХХ ғ. 40-жылдарына сәйкес келеді екен. Бастапқыда басқару шешімдерін қабылдау теориясы әскери стратегия барысында пайда болып, кейіннен экономика саласына да таралған.       Қазірде басқару шешімдерін қабылдауда ғылыми базалар қарастырылған екен. Ол басқару шешімдері ұғымы пайда болғаннан бастап туындады.  Басқару шешімдері экономикалық, саяси, білім және де қарым- қатынастарды реттеуде қолданылады.      Жалпы басқару шешімдері дегеніміз – қажетті және міндетті қабылдау процессі болып келеді. Басқару шешімінде ең  басты белгісі өндіріс және басқару жүйесі болып келеді. Кәсіпорындарда, мемлекеттік және де өмірлік тәжірибеде шешім қабылдау орасан зор орын алады. Себебі шешім қабылдамай қандайда бір істі бастау қиындық туғызу мүмкін.       Басқару шешімінде қабылданған шешімдер алдынғы қабылданған шешімге байланысты. Себебі шешімді кезең-кезеңмен орындау өндірістік жүйені алға тартуы мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлер дәл сондай стратецияны қолданады.       Кәсіпкер шешім қабылдауда жауапкершілікті сезіну қажет. Басшының қате щещім қабылдауы жұмыс барысына ақау әкелеуі, жұмыс нәтижесіне теріс нәтиже көрсетуі және кері әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Басшы қалыптасқан және пайда болған шешімді жеті ұғыну қажет. Шешімді бағалау мақсатында бірінші кезеңдерден сүрінбеуі маңызды және міндетті. Шешімі 50 пайыздан жоғары болып оған қоса оны есептеуі қажет. Осы қарастырылса онда басшы шешім қабылдаудан сүрінбей өтеді.      Басқару шешімдерінің басқа шешімдердің айырмашылығы:  стратегия бойынша басқару  басқару кезеңінде бағыт беру  ұйымды қалаптастыруды ұйымдастыруды бағытталуда.

       Басқару шешімі заңдылық талаптарын қанағаттандыруы керек. Әрбір басшының қызметтік міндеттері берілген нәтижелерге қол жеткізу үшін еңбек, материалдық, ақшалай және басқа ресурстарды басқару мүмкіндігінен тұрады. Бұл заңдылықты бұзу, яғни құқықтарға сәйкес келмейтін шешімдер қабылдау, әдетте, бұл шешімдердің орындалмауына әкеледі. Басқарушылық шешімдер осы шешімдерді қабылдайтын желілік басшылардың, алқалы органдардың өкілеттіктеріне сәйкес әзірленеді. Осы талапты орындау басқару органдары, бөлімдер, лауазымдық нұсқаулықтар туралы ережелерді әзірлеумен қамтамасыз етіледі.       Әрбір шешім қабылдауда талаптар  қойылады және міндеттеледі. Кәсіпорында шешім қабылдауда құжаттама арқылы және нұсқаулық бойынша, заң бойынша тиісінше атқарылуы керек.       Басқарушылық шешімге бірқатар талаптар қойылады, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: - шешімнің жан-жақты негізділігі; - айқын мақсаттың болуы; - уақтылығы; - мазмұнның қажетті толықтығы, анықтығы, нақтылығы, түсініктілігі; - өкілеттілік; - бұрын қабылданған шешімдермен келісу; - тиімділігі. Шешімнің жан-жақты негізділігі, ең алдымен, оны ең толық және сенімді ақпарат негізінде қабылдау қажеттілігін білдіреді. Алайда, бұл жеткіліксіз. Ол барлық мәселелерді, басқарылатын жүйенің қажеттіліктерінің толықтығын қамтуы керек. Ол үшін басқарылатын, басқару жүйелері мен қоршаған ортаның ерекшеліктерін, даму жолдарын білу қажет. Ресурсты қамтамасыз етуді, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді, нысаналы даму функцияларын, кәсіпорынның, өңірдің, саланың, ұлттық және әлемдік экономиканың экономикалық және әлеуметтік перспективаларын мұқият талдау талап етіледі. Шешімдердің жан-жақты негізділігі ғылыми- техникалық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты өңдеудің жаңа нысандары мен жолдарын іздеуді, яғни озық кәсіби ойлауды қалыптастыруды, оның аналитикалық және синтетикалық функцияларын дамытуды талап етеді. Шешімнің нақты мақсатына қол жеткізу-бұл қажетті шарт, әйтпесе негізделген ұтымды шешімдер қабылдау мүмкін емес. Мақсатсыз шешім қабылдау қателікке алып келеді. Шешімнің нақты мақсатына:  -нақты қағида

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (84.8 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club