Дәм сезу рецепциясының механизмі. Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі
Автор: Зауре Турсынкуль • Сентябрь 28, 2020 • Реферат • 627 Слов (3 Страниц) • 1,365 Просмотры
Жоспары:
• Кіріспе
• Дәм талдағыштары туралы түсінік
• Дәм сезуінің жіктелуі
• Дәм сезу механизмі
• Дәм талдағыштарының адаптациясы
• Дәм сезімталдығының аурулары
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Дәм сезу мүшесі – ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды.
Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.
Дәм талдағышы туралы түсінік
Дәм сезуінің жіктелуі
Перифериялық бөлім
Дәм сезу рецепторлары жұтқыншақтың артқы қабырғасында, жұмсақ таңдай,бадамшалар, көмей мен көмейүсті аймақтарында, әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы болады.Олардың әрбіреуі 8 – 12 қабылдағыш және тірек жасушаларынан тұрады. Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді ұзындығы мен ені шамамен 70 мкм, төбесінде тесігі болады.
Өткізгіш бөлігі
Дәм баданасынан 3-4 жүйке талшықтары шығып рецепторлы-афферентті синапсты құрайды. Ауыз қуысының әр аймағындағы дәм сезу баданалары әртүрлі жүйкелермен байланысқан:
Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі- бет жүйкесі
Тілдің артқы 1/3, жұмсақ және қатты таңдай, бадамшалар- тіл-жұтқыншақ жүйкесімен
Жұтқыншақ тілше бөлімдері- кезеген жүйкемен нервтендіріледі. Осы жүйке талшықтары дәм сезу анализаторының бірінші нейронын құрайды. Содан сопақша мидың жалғыз будасына келіп, ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетіп екінші нейронды құрайды.
Орталық бөлім
Таламустан жүйке талшықтары үлкен ми қыртысындағы үшінші нейронға барады.
Дәм сезу анализаторының қыртыстық бөлімі ми қыртысының соматосенсорлық аймағының төменгі бөлімінде орналасқан.
Дәм сезу механизмі
Дәмді сезу үшін тітіркендіргіш зат еріген жағдайда болу қажет. Тәтті және ащы заттар сілекейде молекулаға дейін ыдырап дәм сезу пиязшықтарының
...