Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гонококки на казахском

Автор:   •  Февраль 17, 2018  •  Реферат  •  417 Слов (2 Страниц)  •  1,055 Просмотры

Страница 1 из 2

Гонококктар

Гонорея қоздырғышы Neisseria gonorrhoeae анасы гонореямен ауыратын анадан туылған балада бленореяны (конъюнктиваның іріңді қабынуы), спецификалық уретритті, ерлерде көп молшерде көрініс табады, әйелдерде цервицит және сирек жағдайларда жұтқыншақтың шырышты қабаты мен тік ішектің қабынуын тудырады.

N. gonorrhoeae өлшемі 1,2 х 0,8 мкм, бұршақтәріздес екі жұп кокктан, екі жағы бір-біріне иілген болып келеді. Спора түзбейді, бірақ нәзік капсуласы бар. Қозғалыссыз. Грамтеріс.

Гонококктар – факультативті анаэробтар, жай қоректік ортада өспейді. Өсу үшін оптимальді температура 37оС. Гонококктардың биохимиялық қасиеттері әлсіз байқалады. Менингококктарға қарағанда, гонококктар қышқыл пайда болғанша дейін глюказаны ферменттейді. Гонококктардың маңызды қасиеті – оксидаза ферментінің болуы.

Жіті гонореяның микробиологиялық дианостикасы үшін созылмалы гонореяда қолданылатын бактериоскопиялық әдісті қолдану жеткілікті болады. Серологиялық әдістің ( Борде – Жангу реакциясы) көмекші қосымша мағынасы бар.

Зерттеу үшін алынатын материал: ерлерде –  уретра бөлінісі, қуықалды бездің шырыны, сперма; әйелдерде – қынап,  уретра және цервикальді канал бөлінісі.  Сонымен қатар қырындыны басқа да мүмкін болған жарақаттанған ошақтаың шырышын алуға болады (тік ішек, жұтқыншақ, көз конъюнктивасы). Материалды стерильді ілмекпен, мақта тампонмен немесе қасықшамен (соңғы несеп шыққаннан кейін 2 сағаттан кейін емес) не спринцевания арқылы алуға болады.

Микроскопиялық зерттеу үшін зерттелетін материалдан екі жағынды дайындайды, оны 96% спиртпен немесе суық ацетонмен 3 минут аралығында фиксациялайды. Екі жағындының біреуін -метилен көгімен, ал екіншісін – Грам әдісі бойынша бояйды. Метилен көк гонококкты жақсы контрастылайды, оның формасын, өлшемін, микроорганизм клеткаларымен қарым-қатынас сипатын айқын анықтауға көмектеседі. Грам әдісі бойынша боялған жағынды, анықталған кокктардың қорытынды түрдегі дифференциациясы үшін қажет. Оң нәтиже берген жағындыларда лейкоцит ішінде орналасқан грамтеріс бұршақтәрізді диплококктар кездеседі.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (244.4 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club