Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Профессиональный казахский язык

Автор:   •  Май 28, 2018  •  Реферат  •  11,001 Слов (45 Страниц)  •  1,197 Просмотры

Страница 1 из 45

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кәсіби қазақ тілі

Профессиональный казахский язык

Professional'nyy kazakhskiy yazyk

(Агрономия мамандығына арналған қосымша мәтіндер жинағы)

Джумагулов М.К.

Бұл қосымша құралда лексика мен грамматикалық материалдар кәсіби бағдардағы ауызша тіл дамытумен қатар жүргізіледі және «Агрономия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес.  Мәтіндерден грамматикалық  талдау жасату студенттердің логикалық ойлауын жетілдірудің, грамматиканы қайталаудың, дұрыс сөйлеу дәрежесін меңгерудің негізгі құралы болып табылады.

Студенттердің жазбаша кәсіби тілін дамыту мақсатында әр түрлі жазбаша жұмыстар жүргізіледі.Осыған орай қосымша құралда мәтіндерден кейін жазба жұмыстарына жататын тапсырмалар берілген.

Мәтіндер жинағы кәсіптік оқу орындарының ауыл шаруашылық мамандық студенттеріне арналған.

                                                           Кіріспе

Қазақстан Республикасы негізінен аграрлық мемлекет , сондықтан  оның халық шаруашылығының ең басты және маңызды саласы – аграрлык сектор.

Ол өзінің даму жолында талай өзгерістерге ұшырап келеді. Кезінде Қазақстанда үш мыңға жуық  ірі шаруашылықтар ,олардың  ішінде екі мың бес жүздей кеңшарлар және төрт жүзден астам ұжымдық шаруашылықтар болған.Қазір нарық талабына сай ауыл шаруашылықтар таратылып, олардың орындарына жүз отыз мыңнан астам қожалық, фермерлік ,ұжымдық , жеке меншік  шаруашылық түрлері, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестер  және басқа шаруашылықтар құрылды.

Ауылда қандай шаруашылық түрі жүмыс істемесін, олардың алдында тұрған негізгі мақсат – республика халқын жеткілікті мөлшерде сапасы жоғары азық- түлікпен қамтамасыз ету, малдарға мол жемшөп қорын дайындау.Осы қойылған мақсаттарды орындау үшін өсірілетін дақылдардың әр гектарынан алынатын өнімді арттыру керек. Ол үшін білікті мамандар мен механизатор  кадрлары асырады.Олардың  ішінде бастапқы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген механизаторлардың  алатын орны ерекше, ойткені олар барлық егістік жұмыстарды орындауға тікелей қатысады, сондықтан жұмыстың орындалу сапасы осы агрономдар және тікелей жермен жұмыс істейтін кадрлардың біліктілігіне байланысты.Сондықтан оларға агрономия негіздерінен білім беру жоғарыда көрсетілген мақсаттарды орындаудың кепілі.

Еліміздегі  кәсіби  білім беру мекемелерінде   кәсіптік  қазақ  тілі пәнін  оқыту  басты мәселелердің  бірі  болып  отыр. Кәсіби  білім беру  мамандық салалары  бойынша  жүйелеу,  әр мамандыққа қатысты тақырыптар мен мәтінді  дұрыс пайдалана білу керек. Мемлекеттік  тілді оқыту, оның  ішінде – іс-қағаздарын дұрыс жазу ережелері,  дұрыс сөйлей білу, мамандық бойынша  терминдер мен сөздерді дұрыс қолданыла  білу студенттердің  міндеті болып табылады.

Қазақ тілі – мемлекеттік  тіл ретінде  заңға енгеннен бастап, орыс аудиторияларында  пән  ретінде жүргізіліп  келе жатқаны белгілі. Кәсіби  білім беру мекемелерінде   әр түрлі мамандық негізінде тілді оқыту  мәселесі бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан, қазақ тілінің  оқылым, жазылым, сөйлесім мәдениетімен бірге  мамандық  салаларына қатысты  атаулар мен терминдерді қарастыру. Алайда   кәсіп  салаларына  қатысты  қолданылатын  тілдік ерекшеліктер мен  кәсіби терминдерді, құжат үлгілерін, сөйлеу мәдениетін  дұрыс қалыптастыра білу болып табылады.

      Студент кәсіби  сөйлеу  бағытында  оқылым, тыңдалым,  сөйлесім  ерекшеліктерін, тәсілдерін  игереді. Қай мамандық  саласы  болмасын,  мемлекеттік  тілді  меңгеру   Қазақстан  Республикасының  әрбір азаматына  міндетті  болып  табылады.

«Агрономия»мамандығы бойынша кәсіптік қазақ тілі оқулығы болмағандықтан, осы мамандыққа қатысты « Қосымша мәтіндер жинағын»құрастырдым.

  Кәсіптік  қазақ  тілі пәнінде,  оқу  материалдарының  тақырыбы  мамандыққа  қатысты  болып  табылады.  Мәтін  бойынша,  студент  жұмыс  жасай  отырып,    сөз  тіркестері  құрылымын, омоним, антоним,  синоним,  тұрақты сөз тіркестерінің  сөйлемде  қалай  қолданылуын анықтайды.  Берілген   мамандыққа  қатысты    мәтін  бойынша    терминдер мен  жалпылама    қолданылатын  сөздердің   сөйлемдегі  орнын,  қызметін  анықтау  студенттің    тіл ерекшеліктерін  аңғаруға  мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (147.2 Kb)   pdf (405.6 Kb)   docx (87.3 Kb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club