Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүйрек ұстамасы кезіндегі мейірбикелік көмек алгоритімі

Автор:   •  Ноябрь 24, 2018  •  Реферат  •  1,077 Слов (5 Страниц)  •  2,152 Просмотры

Страница 1 из 5

Қажа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

“Медицина”факультеті

«Жалпы хирургия» кафедрасы

                         

                         

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Бүйрек ұстамасы кезіндегі мейірбикелік көмек алгоритімі.

       

                                                     

                                                                    Қабылдаған: Тулежанов  Е. Н.

                                                                   Орындаған: Қанибай Н. Қ.

                                                                   Тобы: ЖМ-619

                       

Түркістан-2018

Зерттеу сұрағым.

Бүйрек ұстамасы кезіндегі мейірбикелік көмек алгоритімі.

Мақсатым.

Бүйрек ұстамасы кезіндегі алғашқы көмекті аудиторияға түсіндіру және оны талқылау.

Мазмұны.

   Бүйрек ұстамасы.

   Себептері.

   Клиникалық көрінісі.

   Диагностикасы.

   Бүйрек ұстамасы кезіндегі алғашқы көмек.

   Қорытынды.

   Қолданылған әдебиеттер.

Бүйрек ұстамасы

Бүйрек коликасы бүйрек тұсындағы жедел түрде пайда болатын ауырсыну ұстамасы, ол бүйректерде зәр ағысының және қан айналысының бұзылысынан пайда болады. Ауырсыну ақпайтын зәр арқылы бүйрек астаушасының керілуінен пайда болады.

Себептері:

  • Бүйрек тас ауруы;
  • Минералдар алмасуының бұзылыстары;
  • Пиеолонефрит;
  • Нефроптоз;
  • Гидронефроз;
  • Бүйрек тұсындағы ісіктік жағдайлар.

Барлық жағдайлардың ішінде 38% жағдайда себебі белгісіз болып келеді. Бірақ, жиі дамыған себептердің бірі бүйрек-тас ауруы, ол кезде зәр аққыш жолы таспен бітеліп қалуынан болады. Кей кезде себебі ауыр жағдайлар болуы мүмкін және дереу емді қажет етеді, мысалы ісіктер. Егер бүйректе тас болған жағдайда және соның соңында бүйрек коликасы пайда болса, алдымен ауырсыну, кейін зәрмен бірге қан ағысы пайда болады.

Бүйрек тасының пайда болуына әкелетін қауіп факторлары:

  •    Жақын туыстарда бүйрек-тас ауруының болуы.
  •    Бел тұсында ауырсыну сезімдерінің бұрынырақта болуы.
  •    Физикалық жүктеменің жоғарылауы.
  •    Ұзақ уақыт дене температурасының жоғары болуы, 2-3 ай.
  •    Бүйректе тас туындауына әкелетін аурулар тобы (дәнекер тіннің жүйелі аурулары, зәр шығару жолдарының инфекциясы).
  •    Сұйықтықты аз пайдалану.

Клиникалық  көрінісі.

Бүйрек коликасы оқыс, қалыпты жағдайдада пайда болуы мүмкін. Науқаста бүйрек тұсындағы жедел толғақ тәрізді ауырсыну пайда болады, ол пульсирленген түрде болады және белдің бір жағында немесе екі жағындада болып, дене қалпын өзгерту көмек бермейді. Ауырсыну шап аймағына, жыныс мүшелеріне беріледі. Науқас абыржыған күйде болады және ауырсыну шок сатысына дейін барады. Кей жағдайда бүйрек коликасы интоксикацияны көрсететін симптоматикамен көрінеді, ол айқын аяқ-қолдың треморы, жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік және есінің бұзылысы арқылы да көрінеді. Дене температурасы субфебрильдіге дейін жоғарылауы мүмкін. Жүрек соғуы жоғарылайды және аздаған қан қысымынң жоғарылауы. Зәр түсі қызыл немесе қызыл түске боялады, ол бүйрек немесе зәр жолдарының таспен зақымдалуынан болады.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (162.3 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club