Бүйрек амилоидозы
Автор: Аяна Оразова • Февраль 23, 2020 • Тест • 357 Слов (2 Страниц) • 333 Просмотры
төмендеген
27 Тамыз 2018, 14:52 1385 0
2018 жылдың 6 айында нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 8,2%-ды құрады. Бұл жайында Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік экономикалық өмірін жақсартуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің бастамалары арқасында соңғы он жылда нәрестелер өлімінің көрсеткіші төмендеп отыр.
Жиын барысында ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша 2016-2020 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатқандығы айтылды.
«2018 жылдың 6 айында нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп 8,2%-ды құраған, ал 2017 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 8,4‰ болған», -дейді орталық директоры.
Көрсеткіштері республикалық мәннен жоғары деңгейде қалып отырған өңірлер қатарында мына аймақтар бар: Қостанай облысы-13,0%, Солтүстік-Қазақстан – 12,3%, Ақтөбе облысы – 10,0%, Атырау облысы – 9,8%, Маңғыстау облысы - 9,6%, Алматы облысы – 9,4%, Шығыс-Қазақстан - 9,4% және Оңтүстік-Қазақстан облысы – 8,7%.
«Балалар өлім-жітімінің жас ерекшеліктеріне тоқталсақ, 1 жасқа дейін өлгендер 84,0%, 1-ден 2 жасқа дейінгілер 7,3%, 2-ден 5 жасқа дейінгі өлім-жітім 8,7% құрап отыр», - дейді ол.
Нәрестелер өлім-жітімінің жас ерекшеліктері бойынша жасалған талдауда ерте неонатальдық өлім-жітімнің көрсеткіші 32,6% құраған, кеш неонатальдық өлім-жітім 23,5%-ды және постнеонатальдық өлім-жітім 43,9%-ды құраған.
«Нәрестелер өлім-жітімінің себептері жайында айтсақ, өлген балалардың 53,4% перинатальдық кезеңде туындағандар, 20,8% туа біткен даму ақауынан, 5,4% инфекциялық-паразитарлық аурулардан, 4,8% тыныс алу органдарының ауруларынан және 4,2% жазатайым оқиғалардан көз жұмған», -дейді орталық директоры.
Сонымен қатар ол, босанудан алған жарақаттан нәрестелер өлім-жітімінің 1,4 есеге өсуі алаңдатып отырғандығын жеткізді.
«Босанудан алған жарақат салдарынан нәрестелер өлім-жітімі келесі өңірлерде тіркелді: Оңтүстік-Қазақстан облысында 2 бала, Астана қаласында 1 бала, Қарағанды облысында 1 бала және Алматы облысында
...