Балалар аурулары. Мешел. Спазмофилия
Автор: A1zok • Октябрь 2, 2022 • Реферат • 2,201 Слов (9 Страниц) • 740 Просмотры
Балалар аурулары.
Мешел. Спазмофилия. Конституция аномалиялары. Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың жедел бұзылыстары. Диареялар. Ішек инфекциялары.
РАХИТ (МЕШЕЛ)
- Рахит – негізінен Д витамині жетіспеуінен организмде фосфор-кальций алмасуы бұзылып, сүйек түзу мен сүйектің минерализациялану процессінің өзгерістерімен сипаталатын ерте жастағы балалар ауруы.
- Этилогиясы. Мешел ауруының пайда болу негшізгі себебі Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витамин тағамда аз болуына немесе ультракүлгін сәулесінің әсерінен терісінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Аурудың пайда болуына ас қорыту жолдарында Д витаминін сіңіру мен оны белсенді метоболитка айналдырудың бұзылуы, белок, А, С, В витаминдері, минералдар, әсіресе кальцидің дефициті әсер етеді.
- Ауруға бейімдеуші факторлар: анасының созылмалы аурулары, шала туу, көп ұрықты жүктілік, жасанды тамақтандыру, баланың аурушаңдығы, тұрмыстық жағдайының, гигиеналық жағдайдың нашар болуы, жағымсыз климаттық факторлар.
ЖІКТЕЛУІ
Процестің ауырлығы | Ауру кезеңі | Ағым сипаты |
І дәреже - жеңіл | Бастапқы | Қатты (жедел) |
ІІ дәреже - орташа | өршу кезі | баяулау |
ІІІ дәреже - ауыр | Айығу қалдық көріністер | рецидивті |
КЛИНИКА
- Ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөлінеді.
- І дәреже (жеңіл) 2 – 3 айлық балада үлкен еңбегінің мөлшері үлкейіп, шеттері жұмсарады. Желке сүйегінің жұмсаруы, «Каранио табес», шүйдесі тегістеліп, басының пішіні өзгереді. Балада тершеңдік байқалады. Сәби жастыққа басын шайқап, үйкелей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық шошу сияқты өзгерістер байқалады.
ІІ дәреже (орташа)
- Сүйек жүйесіндегі өзгерістермен сипатталады. Төбе мен маңдайдың дөнестігі, 5 – 8 қабырғаларда рахиттік «таспих», «білезік», саусақ фалангаларында «інжу жіптер» белгілері пайда болады. Ол қабырға шеміршектерінің түйінделуі қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеудесінің төменгі апертурасы ұлғаяды. Көк еттің бекіттілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Оны «гаррисонов сайы» деп атайды. Тістердің шығу мерзімі мен реті бұзылады.
ІІІ дәреже (ауыр)
- Сүйектегі өзгерістер айқын көрінеді. Бас сүйік деформациясы байқалады. Сәбидің басы төртбұрыш тәрізденеді. «Олимпиялық маңдай», кеуде клеткасы алдына қарай шығып «құс төс» немесе ішіне қарай түсіп «етікші төсі» белгілері пайда болады. Омыртқалар доғаланып иіліп мешелдік, бүкірлік қисаюлар пайда болады. Түтікше сүйектердің қисаюынан аяқатары «О» немесе «Х» тәрізді қисаяды. 1-2 дәрежесінде бұлшық ет тонусы төмендейді, сәбидің іші үлкейеді «бақа іш», отыруы, тұруы, жүруі кешігеді. Бауыр, талағы ұлғаяды, ішкі ағзалардың функциясы бұзылады. Анемия болады. Пневманияға биімділік туғызады.
- Айығу кезеңі – нерв жүйесінің зақымдалу белгілері жойылады. Сәбидің сүйегі қатайып тістері шығады. Тұру және жүру қалпына келеді.
- Қалдық өзгерістер кезеңі – рахит процесі аяқталып. Мүлдем жойылуы, кейбіреулері із қалдыруы мүмкін.
Алдын алу
- Әдейленген және әдейленбеген, антинатальды және постанатальды болып бөлінеді.
- Антенатальды әдейленбеген алдын алу–жүкті әйелдің режимін сақтау таза ауада күніне 2-4 сағат серуендеу, рационалды тамақтану (сүзбе, сыр, жеміс –жидек, ет балық, сүт тағамдары). Антенатальды әдейленген алдын алу витамин Д күніне 500 ХБ-тен жүктіліктің соңғы екі айында беріледі. 35 жастан асқан әйелдерге әдейленген алдын-алу жүргізілмейді.
Постнатальды әдейленбеген алдын алу – дұрыс күтім, анасының рациональды тамақтануы, баланы табиғи тамақтандыру, қосымша тамақты уақытында беру. Таза ауа, күн, массаж, гимнастика. Постнатальды әдейленген алдын алу - 3-4 аптадан бастап, Д3 витамин 500ХБ – 1 тамшы күніне, күз, қыс , көктем айларында 1-2 жасқа дейін жүргізіледі. Жаз айларында жүргізілмейді.
СПАЗМОФИЛИЯ
- Спазмофилия - организмнің минеральдық алмасудың бұзылуына байланысты ерекше жағдайы; баланың нерв-бұлшық еті қозуының артуымен, клонустық және тонустық құрысып-тырысуға бейімділікпен сипатталады.
- Этиология: 3 айдан 2 жасқа дейінгі рахитпен ауыратын және жасанды тамақтанудырудағы балаларда кездеседі. Ауру Д витаминін көп дозада қабылдағанда немесе ерте көктем айларында ультракүлгін сәуле әсерінен теріде Д витаминінің гиперпродукциясынан болады
КЛИНИКА
- Латенттік (жасырын) және айқын формалары болады. Латенттік формасына тән сиптомдар: Хвостек симптомы - шықшыт пен езудің аралығын сәл түрткенде мимикалық бұшық еттердің жиырлуы, Труссо сиптомы - қардың төменгі үштен бір бөлігін қысқанда қол басының құрысуы, Люст симптомы- кәр жіліктің басын соққанда аяқ басының құрысуы.
АЙҚЫН ФОРМАСЫ
- дауыс желбезектерінің спазмы және экламсиялық құрысып-тырысумен байқалады. Ларингоспазм кенеттен болып, дыбыс желбезектерінің жартылай немесе толық жабылуымен жүреді. Тынысы алуы қиндайды, дауы «Әтештің шақырғаны» сияқты болады. Бала көгеріп, біраз уақытқа тынысы тоқтап қалып, есін жоғалтады. Біраз уақыттан соң шулы тыныс алу болып, тыныс алуы біртіндеп қалыпқа келеді. Ауыр жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Карпопедальды спазм қол басы мен аяқ басының бұлшық еттерінің тоникалық құрысуы. Эклампсия ауыр түрі, есін жоғалтады. Барлық бұлшық еттердің клоникалық тоникалық құрысып-тұрысуымен сипаталады.
ЕМІ
- жалпы клоникалық тоникалық құрысып-тырысулар, апноэмен болатын ларингоспазмдар реанимациялық шараларды қажет етеді. Құрысып-тырысу ұстамасын жою үшін седуксен (диазепам), 10% кальций глюканат ертіндісін көк тамырға егеді.
Ларингоспазм кезінде таза ауамен қамтамасыз етіп, салқын су бетіне шашып, тілдің түбірін шпательмен тітіркендіріп, қажет жағдайда жасанды тыныс алдыру жасалады.
...