Аллергияғақарсыдәрі – дәрмектер. Қабынуғақарсыдәрі – дәрмектер
Автор: nurq • Июнь 18, 2020 • Лекция • 1,595 Слов (7 Страниц) • 422 Просмотры
Лекция тақырыбы. Аллергияғақарсыдәрі – дәрмектер. Қабынуғақарсыдәрі – дәрмектер.
АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ДӘРІ -ДӘРМЕКТЕР
Сенсиблизацияланған макроорганизм тіндерінін зақымдануын шакыратын, антигенге патологиялык жогарылаган иммунды реакциялар аллергиялык (жогары сезімталдык реакциясы) деген атқа ие болды. Олар өте жиі пайда болады.
Аллергиялык реакииялардың әр түрінің дамуында иммуногенездің екі механизмі катысады - антидене түзілуімен жүретін гуморалдық және жүзеге асуына көптеген иммунокомпоненетті жасушалар катысатын жасушалық. Иммунды жауап фагоциттердің, реттеуші лимфоцитгердің (Т-хелпер және Т-супрессор), эффекторлық лимфоциттердің (цитотоксикалык Т- жасушаның және антидене өндіретін В-жасушалардың) жэне бірқатар баска жасушалардың (соның ішінде мес) әсерлесуінен түзілетіні белгілі. Антигенмен белссндендірілген лимфоцттер және де моноциттер, макрофагтар
иммунды жауапты реттейтін және күшейтетін биологиялыкбелсенді пепгидті косылыстарды өндіреді.
Қосылыстардың бұл тобы цитокиндер' деп аталады. Лимфоциттер өндіретін цитокиндерді кейде пимфокиндер деп те атайды.
Цитокиндер иммунокомпонентті жасушалардың әсерлесуін реттеуде және иммунды реакция дамуында маңызды рөл аткарады. Олар қабыну үрдісінің агьшына да үлкен эсер көрсетеді және де антипролиферативті, микробқа карсы жэне катерлі ісікке карсы әсерлері бар.
Жогары сезімталдык реакциялары келесі түрлерге бөлінеді:
1. Дереу дамитын реакция (антигенмен кайталап қатынас болғанда
бірнеше минуттан немесе саг2 кейін көрінеді).
2. Баяу реакциялар (2-3 тәуліктен кейін және кеш дамиды).
Дереу дамитын реакция түріантиген мен антидененің әсерлесуіне байланысты. Плазмоциттер антиденені өндірушілер болып табылады. Цктофилді антиденелер бірқатар жасушалардың (мес жасушалар, базофилдер және т.б.) жогары аффинді рецепторларына жабысады. Аллергеннің антиденемен әсерлесуі тіндердің әртүрлі дәрежеде айқындалган (кайтымды функционалды өзгерістерден лизиске жэне некрозға дейін) закымдануына әкеледі.Көптегендереудамитыналлергиялыкреакциялардыңдамуындамес жасушалар мен базофиддерден гистамин, "анафилаксияныңбаяу эсерлесетін субстанциясы", брадикинин, серотонин, простагландиндер, тромбоциттерді активтеуші фактор және т.с.с. биологиялык белсенді заттардың босап шығуы үлкен рөл аткарады. Дереу дамитын жоғары сезімталдык реакцияларына аллергиялык бронхоспазм, ринит, конъюнктивит, есекжем, анафилаксиялык шок, дәрілік тромбоцитопениялык пурпура, сарысу ауруыжатады.
Баяу дамитын реакциялар түріжасушалык иммунитетпен байланысты және сенсиблизацияланган Т-лимфоциттердің катысуына тәуелді.
Соңғысының беткейінде макрофагтарда орналасқан (моноциттерде және антигенді танытатын баска да жасушаларда) антигенді танитын арнайы рецепторлар бар және солармен әсерлеседі. Тимуста Т-лимфоциттердің прекурзорынын жетілуін, жетілген Т-лимфоциттердің пролиферациясын және дифференцировкасын ретгейтін гормондар топтары (соның ішінде тимозин) өндірілетінін ескерген жөн. Баяу дамитын аллергияда оның медиаторы біркатар цитокиндер: интерлейкин-2, лимфотоксин, макрофагтар миграциясын тежейтін фактор (МІҒ1) және т.б. болып табылады. Баяу дамитын жогары сезімталдык реакцияларына туберкулиндік сынама, жанасқан дерматит, трансплантатты кері итеру реакциясы, аутоиммунды закымданудың кейбіртүрлері1 жатады.
Аллергиялық ауруларды емдеуді аллергеннің табиғатын анықтаудан (өсімдіктер тозаңы, медикамент, белгілі бір тағам және т.б.) бастаған жөн. Аллергенмен жанасуды токтату жақсы нәтиже береді.
Егер әртүрлі себептер салдарынан аллергенніңәсерінен корғану мүмкін болмаса және оның табиғаты анықталмаса, арнайы гипосенсиблизацияны қолдануға болады: анықталған
...