Малдарды ферменттермен емдеу
Автор: Bereke Sultanov • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 1,144 Слов (5 Страниц) • 292 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ “ Ветеринариялық клиникалық диагностика ”
кафедрасы
[pic 1]
[pic 2]
ТАҚЫРЫБЫ: Малдарды ферменттермен емдеу
ОРЫНДАҒАН: Сұлтан Балнұр
ҚАБЫЛДАҒАН: Нуралиев С
2020-2021ЖЖ
Жоспар:
Кіріспе: Малдарды емдеу жолдарымен танысу
Негізгі бөлім:
а)Жалпы емдеу негіздері
в) Малдәрігерлік терапевтердің негізгі сүйенетін зандылықтары
Қорытынды: Малдарды емдеуде емдік препараттарды қолдану
Ауру малды тексергенде тексеруші малдәрігеріне ешқандай кедергі болмауы керек (айғай-шу, мотордың жұмысы, басқа да стресс тудыратын жағдайлар). Әрбір малды ұстамас бұрын кісінің келе жатқанын білдіріп барып жақындау керек. Малдарды жуасыту үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Ол әдістерді сөйлей жүріп іске асырған жөн, Мысалы: астыңғы жақ сүйектерінің аралығын, жылқылардың жалының астын, жауырын-жанбас тұстарын, иттер мен шощқалардың әр жерлерін сипалау, мысықтардың құлақтарының арасын, арқасын қасу және т.б. әдістер.
Ауру малды тексеру барысында, тексергеннен кейін студент өз басының гигиенасын толық сақтауы керек. Ол ушін су, зарарсыздандыратыга ертінділер және т.б. керекті құжаттар кеңінен қолданылады.
ЖАЛПЫ ЕМДЕУ НЕГІЗДЕРІ
Жалпы терапия емдеу әдістері мен ережелерін оқылатын ілім. Жалпы емдеу биология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне, оның ішінде фармакология, физиология және зоогигиена ілімдерінің әдістеріне сүйенеді.
Малдәрігерлік терапевтердің негізгі сүйенетін зандылықтары:
- организм мен сыртқы ортаның бірлігі;
- организмнің біртұтастығы; » нервизм принципі.
Жалпы терапия ережелерінің негізі:
■ С.П.Боткиннің нерв жүйесінің аурудың дамуына әсері жөніндегі қағидасы;
■ И.М.Сеченовтың сыртқы ортасыз организмде тіршіліктің болуы мүмкін емес екендігі туралы қағидасы;
■ И.П.Павловтың өз зерттеулерінің натижелеріне сүйене отырып аурудың алдын алу жвне емдеу салаларында еңгізген физиологиялық негіздері жөніндегі қағидасы.
Сондықтан да "Жеке ауруды емес, ауру организмді емдеу керек" - деген С.П.Боткиннің қағидасы өте орынды.
Емдеудің ең негізгі ережелерінің бірі - емге физиологиялық тұрғыдан қарау. Ол үшін организмнің өзін-өзі қатерден қорғайтын және аурудан немесе басқа себептердің салдарынан бұзылған физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысу қабілеттілігін толық пайдалана отырып емдеу керек. Организмнің өзін-өзі қорғайтын күшті қабілеттіліктері бар. Оларға жататындар:
■ әртүрлі қорғаныс рефлекстері;
- фагоцитоз құбылысы;
- организмде иммунитеттің түзілуі;
- қайта құрылу - регенеративті процестер;
- ішек, бүйректер, тыныс алу жолдары, сүт бездері, тері арқылы улы заттарды бөліп шығару;
- улы заттарды қанда, тіндер мен ағзаларда, әсіресе бауырда усыздандыру;
- бөгде-зиянды заттардың бейтарапталынуы - қапталуы (капсульденуі, секвестрленуі), немесе организмде ұсақталып сорылып таралуы;
- нерв жүйесі мен гормондардың эсерлерінің арқасында ішкі ортаның белгілі бір тепе-теңдікте (гомеостаз) болуы.
Бұл күрделі жүйе малда ұзақ уақыт, филогенез процесі кезінде пайда болады. Ауырған малдың организмінде бірінші кезекте зат алмасу процесі бұзылатыны сөзсіз. Оны қалпына келтіру үшін организмге арнайы қорек, жақсы күтім керек.
Физиологиялық емдеуді жүзеге асыру үшін қолданылатын дәрі-дәрмек организмнің физиологиялық қорғану реакцияларын жоймай, керісінше үдетуі керек. Сондықтан да қолданылатын препараттардың мөлшерін, ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырған дұрыс. Бұл бағытта ауру малға қолайлы жағдай туғызу өте орынды:
...