Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  2,104 Слов (9 Страниц)  •  327 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

Инженерлік-технологиялық факультет

(факультет атауы)

Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология 

(кафедраның аталуы)

5В070100 – «Биотехнология»

(шифр, мамандықтың аталуы)

БӨЖ№1

(жұмыс түрі)

Ашыту өндірісінің микроорганизмдері 

(пән аты)

Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні (тақырыбы)

                                                                         Орындаған: Жанбай Д.Н

                                                                         Тобы: БТ - 805

                                                                         Тексерген: Бейсембаева Г.Ш

Семей

2021 ж


Жоспары:

  1. Фермент түсінігі
  2. Ферментердің қасиеттері
  3. Ферменттік препараттарды алу
  4. Ферменттердің халық шаруашылығында пайдаланылуы
  5. Пайдаланылған әдебиеттер


Фермент түсінігі

Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы жасушаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих ферменттер жасушалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол жасушада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассейна (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Жасушаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтерін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кейбір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.

Ферментердің қасиеттері

Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. 2-суретте көрсетілгендей, реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады. б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді. в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.

...

Скачать:   txt (28.5 Kb)   pdf (93.4 Kb)   docx (153.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club