Бөлме өсімдіктерінен оттегінің бөлінуі
Автор: nuray0303 • Декабрь 21, 2023 • Курсовая работа • 3,412 Слов (14 Страниц) • 159 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
[pic 1]
Студенттің аты – жөні: Ғалымжан Нұрай Бауыржанқызы
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАПЫРАҚТАРЫНАН ОТТЕГІНІҢ БӨЛІНУІ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ
Студенттің тобы: ЖБИ-011
Жетекшісі: Бабаева Гульмира
Түркістан 2023
АҢДАТПА
Бұл зерттеу жұмысында бөлме өсімдіктерінің жапырақтарынан оттегінің бөлінуі турасында жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңдағы осы тақырыпқа байланысты проблематикалық мәселелер талданып, жүйеленіп берілді. Сонымен қатар, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарынан оттегінің бөліну жолдары, оның туындау себептері мен адамзатқа әсері турасында толыққанды зерттеу жүргізілді. Жобада осы мәселелерді жан-жақты зерттей отырып, нәтижесінде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарынан оттегінің бөлінуі сараланды. Өсімдіктердің бойынан оттегінің бөлінуіне, фотосинтез процессі жақсы жүретін түрлеріне талдау жасалды. Бөлме өсімдіктерінің түрлік құрамы, олардың адам денсаулығына әсері талданды. Зерттеу нысаны ретінде бес түрлі бөлме өсімдігіне (спатифиллум, замиокулькас, каланхоэ, хлорофитум, герань) талдау жасалды.Үй жағдайындағы өсімдіктерге зерттеу эскперименттері жасалып, қорытындыланды. Эксперимент нәтижесінде өсімдіктің бойынан оттегінің бөліну уақыты анықталды. Адам ағзасына пайдалы, пәтерлерге орналастыруға ұсынылған өсімдік түрлеріне мысал келтірілді.
АННОТАЦИЯ
В данной исследовательской работе был проведен всесторонний анализ выделения кислорода из листьев комнатных растений. В настоящее время проанализированы и систематизированы проблемные вопросы, связанные с данной темой. Кроме того, было проведено полноценное исследование путей выделения кислорода из листьев комнатных растений, причин его возникновения и влияния на человечество. Всесторонне изучив эти вопросы в проекте, в результате было дифференцировано выделение кислорода из листьев комнатных растений. Проведен анализ выделения кислорода растениями, видов, в которых процесс фотосинтеза протекает хорошо. Проанализирован видовой состав комнатных растений, их влияние на здоровье человека. Были разработаны и обобщены исследовательские эскперименты растений в домашних условиях.В качестве объекта исследования были проанализированы пять различных (спатифиллум, замиокулькас, каланхоэ, хлорофитум, герань) комнатных растений. В результате эксперимента было определено время выделения кислорода из растения. Приведен пример видов растений, полезных для человеческого организма, рекомендуемых для размещения в квартирах.
ABSTRACT
In this research work, a comprehensive analysis of oxygen release from the leaves of indoor plants was carried out. Currently, the problematic issues related to this topic have been analyzed and systematized. In addition, a full-fledged study was conducted on the ways oxygen is released from the leaves of indoor plants, the causes of its occurrence and its impact on humanity. Having comprehensively studied these issues in the project, as a result, the oxygen release from the leaves of indoor plants was differentiated. The analysis of oxygen release by plants, species in which the photosynthesis process proceeds well, has been carried out. The species composition of indoor plants and their impact on human health are analyzed. Research experiments of plants at home have been developed and generalized.Five different (Spathiphyllum, Zamioculcas, Kalanchoe, Chlorophytum, Geranium) indoor plants were analyzed as the object of the study. As a result of the experiment, the time of oxygen release from the plant was determined. An example of plant species that are useful is given.
Денсаулық – біздің өміріміздегі ең маңызды байлық болып саналады. Сонымен қатар, бұл мәселені қазіргі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай тағы да дәлелдеуде. Сондай-ақ, соңғы жылдары орман өрттері мәселесі өршіп тұр, нәтижесінде атмосферадағы зиянды газдардың шекті рұқсат етілген концентрациясы бірнеше есе артып жатыр. Мұндай жағдайларда адамдарға оттегімен байытылған таза ауа қажет екені сөзсіз.
Қазіргі әлемде кәсіптердің көпшілігі отырықшы өмір салтымен байланысты, онда адамдар күні бойы компьютерлерде, кеңселерде отырады. Дәл осындай жағдай мектепте де қалыптасқан десе де болады, әсіресе бір сыныпта 30 адам отыратын қалалық жерлерде бұл мәселені айқын көреміз. Осыған байланысты байқаусызда ингаляциялық ауаның сапасы туралы сұрақ туындайды, яғни «жабық кеңістікте барлығына оттегі жеткілікті ме?»
...