Қаладағы газ тарату желілері. Қалалық газ құбырларының бөлінуі
Автор: perizzat • Октябрь 6, 2021 • Реферат • 1,652 Слов (7 Страниц) • 737 Просмотры
2 дәріс. Қаладағы газ тарату желілері. Қалалық газ құбырларының
бөлінуі. Газ құбырларын жүргізу шарттары.
Жерге көмілген газ құбырларындағы тетіктер.
Табиғи газды өндірілген орнынан қалаларға құбырлармен тасымалдайды. Газ скважиналардан (СК) іріктеу орындарына (ІО) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан тазартылған газ құбырлармен өндірістік газ тарату станцияларына (ӨГТС) жеткізіледі.Мұнда газды қайта тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын төмендетеді.
Газдың өз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен өндіру барысында төмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы станциялар қолданылады.
Қосалқы компрессорлы станциялар әрбір 150 км сайын орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем дегенде әрбір 25км сайын ажыратқыш тетіктері орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу үшін желілер санын екі немесе онан да көп етіп қабылдайды. Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі өндіріс топтарынының ГТС-мен шектеледі. 1-суретте газдың қалаларға дейінгі тасымалдау шарттары көрсетілген.
[pic 1]
К-скважиналар; І0-іріктеу орындары; ӨҚ-өндірістік құбырлар;
ӨГТС-өндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистраьды құбырлар; ҚКС-қосалқы компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары;
ЖҚ – жер асты қоймалары;
ҚТ-қосалқы тұтынушылар.
1-сурет. Газды қалаға дейін тасымалдау сұлбасы
Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді. Қолдануына байланысты газ құбырларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері. Төменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық және тұйық болып орындалады.
2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ тасымалдайтын тармақтар.
3. Ғимараттың ішіндегі орнатылған аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар.
- Қаладағы табиғи газды тасымалдаушы газ құбырларындағы қысымдарына байланысты газ желілері төмендегідей бөлінеді:
- 5 кПа-ға дейінгі төменгі қысымды;
- 5кПа-дан 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымды;
- 0,3 - 0,6 МПа аралықтарында жоғарғы
II- дәрежелі қысымды;
- 0,6 - 1,2 МПа аралықтарында жоғарғы
I- дәрежелі қысымды.
Ал сұйытылған газдағы желілерде қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін.
Төменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне тартылады.
Тұрғын үйлердегі құбырлардағы қысым 3кПа-дан аспауы қажет.
Орташа және II- дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары (ГРО) арқылы қалалық газ тарату желілерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ жергілікті реттеу орындары (ЖРО) арқылы өнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады.
I-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер ірі қалаларды газбен жабдықтаудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Олар орташа және жоғары қысымдағы желілері мен 0,6 МПа-дан жоғарғы қысымдағы өнеркәсіп мекемелерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл желілерді көбінесе айнала жабық немесе жартылай жабық етіп орындайды.
Газбен жабдықтау жүйелері желілердегі қысымдарға байланысты мынадай болып бөлінеді:
1. Екі сатылы төменгі және орташа немесе төменгі және II- дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.
2. Үш сатылы төменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер.
3. Көп сатылы барлық қысым салдарындағы желілерден құралады.
Ірі қалаларда үш және көп сатылы газ жүйелері ғана қолданылады.
Газ құбырлары көбінесе жер астымен, ал сәулет талаптарына сәйкес жағдайларда жер бетімен жүргізіледі. Жерге көмілген, құбырлардың төмендігі түскен салмақтың әсер етпеу шамасымен анықталады. Сонымен қатар жер асты құбырлары жақсы жылу ажыратқыш болып табылады. Тереңдік өскен сайын жұмсалатын қаржы да өсе түседі. Газ құбырларын жүргізу шарттары СНиП 2.04.08-87* көрсетілген.
...