Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бунақденелілер түрлерінің саналуандылығы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2022  •  Реферат  •  1,013 Слов (5 Страниц)  •  297 Просмотры

Страница 1 из 5

Бунақденелілер түрлерінің саналуандылығы

  • Бунақденелілер – құрлықты ежелден мекендеген жәндіктер. Олардың тастағы таңбасы осыдан 300 млн жыл бұрынғы девон және таскөмір кезеңдеріндегі құмтас және тақтатас беттерінен табылған.
  • Бір қызығы: бунақденелілердің дене құрылысы сол кезде де дәл қазіргісіндегідей – алты аяқты, қанаты, үлкен көздері  мен мұрттары бар айқын бунақталған басы болған.
  • Бунақденелілер 1 секунд ішінде қанаттарын бірнеше рет қағып үлгереді.

Мысалы: орамжапырақ ақкөбелегі – 8-10 рет; инелік-30-50рет; әрене – 110 рет; бөлмелік шыбын – 115-127 рет, ал кәдімгі маса -500 ге жуық қанатын қағады.

  • Термит, балара, құмырсқа тәрізді бунақденелілер  ұрпақтарына қамқорлық көрсетеді.
  • Бунақденелілер тек теңіздер мен мұхиттарда сирек кездеседі
  • Түкті балара -  маңызды малазықтық дақылдар – жоңышқаны жіне бедені тозаңдандырады.
  • Сымырлар – тұрақты табиғи бояу алуға, кармин – қызыл бояу өндіруге пайдаланады
  • Көкқасқа шегіртке, қызылша бізтұмсығы, колорад қоңызы – астық және алқа тұқымдастарына, жеміс бағындағы өсімдіктерге орасан зор зиян келтіреді
  • Қасақы жалпаймалардың ересектері мен дернәсілдері астықтың түсімін төмендетеді.
  • Колорад қоңызы – картоптың жапырағын жеп, оның түсімін кемітеді.
  • Ауыл шаруашылығы жануарларына бөгелек және сона паразиттік әрекет етіп, зиян келтіреді.

Бөгелектің дернәсілдерінің даму ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.

  • Егер дернәсіл сиырдың терісінде дамитын болса, ол оқыра деп аталады. Оқыраның ересек күйінде аузы жетілмегендіктен, қоректене алмайды.
  • Егер дернәсіл жылқының және есектің қарнында дамыса, бұл бөгелек деп аталады.  Жылқы мен есек тістелеп, қасынған кезде жүніндегі бөгелектің жұмыртқаын жұтады. Қарын қабырғасына бекінген дернәсілдер қарынның сілемейлі  қабықшасын қабындырады. Дернәсілдер одан әрі жылқы мен есектің тезегімен бірге топыраққа түседі.
  • Ал, қойдың кеңсірігінде дамыса – осқырма деп аталады. Осқырманың дернәсілі сиыр жүніндегі жұмыртқадан дамып, теріге енеді. Одан әрі паразиттік жолмен тіршілігін жалғастырады. Дернәсілдің мазалауынан  қой ауруға ұшырайды.
  • Сона – қан сорғыш бунақденелі. Ол – жануарларды шағып, тынышсыздандырумен бірге ірі малда қарасан ауруын тудырады.  

Сонаның аналығы ғана қан сорады, аталығы гүл шірнесі, ағаш  шырынымен қоректенеді.

Сонада сорғыш тұмсық болмайды. Ерін мен жақтың бірігіп созылуынан пайда болған түтікпен шағады. аналық сона бір сорғанда 200 мг шамасында қан сорады.

  • Бөртпе сүзекті адамға таратушы нағыз паразит – бит
  • Бүрге – бөртпе сүзекті де, оба ауруын да таратады.

Зиянкестерді алдын – алу шаралары

  • Арамшөптерді отау , жерді өңдеу – зиянкестердің алдын – алудың ең тиімді әдісі.

Зиянкес бунақденелілермен күрестегі биологиялық әдіс

Табиғатта бір-біріне жау бунақденелілер де тіршілік етеді. олар ауыл шаруашылығына зиян келтіретін басқа бунақденелілерді құртады. Соларды зиянкестерге қарсы пайдалану биологиялық әдіс деп аталады.  Әсіресе, трихограмма және теленомус зиянкестерге қарсы биологиялық әдіске жиі пайдаланылады.  Трихограмма – көбелектердің 80 түрінің жұмыртқасына, ал теленомус – қасақы жалпайманың  жұмыртқасына жұмыртқалайды.

  • Шаншарлар зиянды орамжапырақ ақкөбелегінің жұлдызқұрты мен қуыршығына жұмыртқалап, оларды жояды.
  • Жәндіктермен қоректенетін құрбақа, бақа, кесіртке, құстарды да зиянды бунақденелілерді құртуға пайдалануға болады.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (138.9 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club