Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Орнитологии"

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Шпаргалка  •  5,480 Слов (22 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 22
  1. Тіршіліктің тəуліктік жəне маусымдық кезектілігінің құстар үшін маңызы қандай?

Жалпы тіршілік барысы мен оның кейбір көріністеріндегі ыр ғақтылық барлық жануарларға тəн құбылыс. Оның негізіне тіршіліктің мəнін құрайтын арнайы биохимиялық жəне фи зиологиялық реакциялар жатады. Тəуліктің əртүрлі кезеңдеріндегі экологиялық жағдайлардың біркелкі болмауы жəне Жер шарының көптеген аудандарына тəн сыртқы орта факторларының маусым бойынша өзгеруі эволюция процесінде биологиялық ырғақтардың қоршаған ортаның тəуліктік жəне маусымдық өзгерістеріне сəйкес келуіне алып келді. Ол тіршіліктің əртүрлі фор маларының уақыт бойынша оларға сыртқы орта жағдайларында сəйкес келетін қолайлы уақыттарында жүзеге асуына жол ашты. Тіршіліктің тəуліктік жəне маусымдық кезектілігі құстар үшін де өте маңызды. Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардағыдай, суық жəне қо ңыржай климатты ендіктерде жыл маусымы бойынша күрт өзгерістерге ұшырайтын жағдайда өтеді. Маусымдық үлкен өзгерістерге температура, күннің ұзақтығы мен жарықтың қарқындылығы, қоректің молдығы мен сапасы жəне оның табу жағдайлары, т.б. жатады. Құстар класы үшін өте жоғарғы деңгейдегі биологиялық бел сенділік жəне оны тəулік ішіндегі уақыттар бойынша нақты бөлінуі тəн. Осы өзгерістердің əсерлерінен əрбір популяцияда жəне жеке түрде оларға тəн тұқым қуалайтын тіршіліктің жылдық режимі қалыптасады. Биологиялық кезеңдер белгілі бір тəртіп бойынша алмасады, бұлар белгілі маусымдық жағдайларға тура келеді. Əр түрде жылдық циклді құрайтын биологиялық құбылыстар белгілі бір кезеңдерде организм мен орта жағдайларының қарымқатынастық сипатына қарай жүзеге асады. Орта факторларының маусымдық өзгерістерінің барысы əртүрлі ендіктерде түрліше жүзеге асатын болғандықтан бір түрдің əртүрлі популяцияларында биологиялық құбылыстардың мерзімі де түрліше жүреді.

  1. Тəуліктік ырғақтарға əсер ететін факторлар?

Əртүрлі құстарда болатын тəуліктік ырғақтардың эволюция барысында қалыптасуын анықтайтын бірнеше басты факторлар бар. Олар: 1) қоректік нысандардың белсенділігі; 2) қоректі аулаудың ең тиімді жағдайлары; 3) класс ішіндегі қоректік бəсекелестік. Бірінші топқа жататын факторлар күндіз белсенділік тіршілік ететін насекомқоректі жəне балыққоректі құстардың, сол сияқты күндізгі жыртқыштардың пайда болуының басты себебі болып табылады. Қорегін табуда көру анализаторлары маңызды орын алатын көптеген басқа құстар да (дəнқоректілер, жемісқоректілер, шырынқоректілер жəне т.б.) күндіз белсенді тіршілік етуге көшкен. Қоректік бəсекелестік түнгі формалардың қалыптасуына негіз болады, өйткені бұл құстардың белсенділігі қоректік бəсекелестері дем алып жатқанда артады. Түнде белсенді тіршілік етуге көшкен құстарда көру органдарының құрылысы мен қызметі, сол сияқты құстар мінез-құлқындағы əртүрлі анализаторлардың атқаратын рөлі де өзгерген.

  1. Циркадтық ырғақ жəне оның мəні?

Қазіргі кезде құстардың белсенділігінің тəуліктік ырғақ тарының негізіне тұқым қуалайтын физиологиялық процестердің эндогенді циклдердің 24 сағатқа жақын кезеңі жататыны белгілі. Мұндай циклдік процестер циркадтық (лат. сirca-маңы жəне diesкүн) ырғақтар деп атайды. Циркадтық ырғақтар таза күйінде тек жануарларды сыртқы ортаның тұрақты жағдайларында ұстағанда ғана жүзеге асады. Мысалы, құстарды ұзақ уақыт қараңғыда немесе жарықта ұстағанда белсенділіктік циклдік өзгеруі қалыпты жағдайдан біршама ауытқиды.

  1. Маусымдық циклдердің фотопериодикалық реттелуі, оның мəні?

Жарықтың маусымдық өзгеруі тек тəуліктік белсенділікке ғана емес, сонымен қатар құстардың тіршілігіндегі маусымдық кезеңдерінің өзгеруінде де үлкен рөл атқарады. Жарық ұзақтығының маусым бойынша өзгеруі жыныс клеткаларының өсуі мен көбею, көбею алды мен көбею соңындағы түлеу, миграцияалды жағдайы мен миграция басталу процестерін реттейді. Осындай маусымдық құбылыстарға дайындық пен олардың өтуі күрделі нервтік-гуморалдық тетіктер жəне олардың жылға жуық эндогенді циклдері арқылы анықталады. Фотопериодтың маусымдық өзгеруі уақыттың сыртқы тітіргенгіштіктері ретінде əсер етеді, яғни маусымдық процестердің түсу мерзімін сыртқы жағдайлардың жылдық циклдерімен сəйкестенеді. Маусымдық циклдердің фотопериодтық реттелуі өте күрделі əрі уақыт бойынша тұрақты болмайды. Мысалы, жыныстық цикл дің алғашқы «дайындық» фазасы табиғатта қысқа фотокез еңдермен, ал гонадалардың дамуы ұзын фотокезеңдермен реттелетіні белгілі.

...

Скачать:   txt (80 Kb)   pdf (242 Kb)   docx (29.7 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club