Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары
Автор: Алмас Акатаев • Октябрь 5, 2021 • Контрольная работа • 5,403 Слов (22 Страниц) • 508 Просмотры
4- апта (2 сағат дәріс)
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Қолдан сұрыптау.
Жоспары:
- Үй жағдайындағы өзгергіштік. Методикалық қолдан сұрыптау.
- Белгілердің дивергенциясы және конвергенциясы қолдан сұрыптаудың нәтижесі.
- Табиғи сұрыптау. Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайдағы өзгергіштігі.
- Тіршілік үшін күрес.
- Дарвин іліміне баға.
Үй жағдайындағы өзгергіштік. Дарвин теориясының негізгі қағидасы адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктер мен жануарлардың елеулі өзгерістерге ұшырауы деп тану. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған сүт қоректілер мен құстардың көптеген тұқымдарымен, сондай-ақ өсімдік сорттарынан көреміз.
Солтүстік Африканың шөлдерінде финик пальмасынан 38 түрше шығарылған. Полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және сонша банан түрлері егіледі. Қытайда әр түрлі бұйымдар жасау үшін бамбуктың 63 сорты пайдаланылады. Жануарлар мен өсімдіктердің қай түрін алсақта, сондай-ақ мәдени тұқым немесе сорт көлемінде әрбір особь бір-біріне ұқсамайды. Солтүстіктегі бұғы өсірушілер үйірдегі бұғыларды түстеп таниды деген болатын Линней. Германияда койшылар бәсекелескенде кой қорасында екі апта бұрын, бірақ рет көрген қойын, әр жүз қойдың ішінен танып бәсекеде жеңіп шыққаны белгілі, бағбандар да жеке особьтарды ажырату қабілеті бұдан да жақсы дамыған. Сүмбіл гүлдің 1200-ден астам түрін иеленген голландиялық гүл маманы Верхульем ешбір қатесіз бір ғана жуашығына қарап өсімдіктің қай сортқа жататынын ажыратады екен. Демек өсімдіктердің басқа органдары сияқты тәжірибесіз көзге бірдей болып көріне тұрса да, сүмбіл гүлінің жуашықтары, шынында бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. Өзгергіштіктің себептері жайында әдебиетте әр түрлі пікірлер болып келді. Бір авторлар өзгергіштік көбеюдің шарасыз серігі деп танып, өсу немесе тұқым қуалау сияқты өзгергіштікті де негізгі, заң деп санады. Басқа авторлар, мысалы Паллас және оны жақтаушылар әр түрлі белгілері бар екі форманың шағылысуынан ғана өзгергіштік пайда болады деп таныды. Үшінші авторлар өзгергіштік қоректің молдығынан немесе климат жағдайларының әсерінен деп таныды. Ең ақырында, өзгергіштіктің себебі органдардың жаттығуы және жаттықпауы деген де пікір айтылды.
Жануарлар мен өсімліктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайларындағы өзгерістердің қандайы болса да организмде өзгеріс туғызады, мұндағы әрқилы өзгерістер әр түрлі организмдерге түрліше әсер етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан, жоғарыда аталып кеткен пікірлерде шындықтың үлесі бола тұрса да, тұтасынан алғанда онда мәселені бір жақты қарайды. Бірнеше ұрпақ бойы қоршап тұрған жағдайларындағы өзгерістің қандайының болса да талқысында болған тірі организмдер-өзгере алады деу дұрысырақ болған болар еді деп жазады Дарвин. Мұндай өзгеру қабілеті барлық организмдерге тән қасиет.
Үй жағдайында, тіршілік жағдайының өзгерістері организмге елеулі өзгерістер енгізетінін байқаймыз. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады, оның қандай да бір себебі бола тұрса да, бізге өздігінен болған өзгеріс сияқты көрініп, себебі белгісіз болып қалып отырады. Осыған байланысты Дарвин өзгергіштікті екі түрге бөледі: айқын (топтық) өзгеріс және айқын емес (жеке) өзгеріс.
Методикалық қолдан сұрыптау. Селекционер белгілі бір бағалы қажетті жануарлардың немесе өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруды мақсат етеді.
Методикалық сұрыптаудың элементі ерте замандада болған. Ертедегі гректер мен римдіктер жылқы, ит және баска үй жануарларының таза қанды түрлерін өсіру үшін малды асылдандыру жұмысына үлкен мән берген. Плинийдің айтуынша, Пирр патшаның өте кұнды асыл тұқымды ірі қара малдары болған, ол сол тұқымның қасиеттерінің сақталуын қатал қадағалап отырған.
Виргилий асыл малдардың шежіресін жазып, ұрпақтарын таңбалап отыруды және қойлардың таза ақ түстілерін іріктеп отыруды т. с. с. ұсынған. Римдіктер кептерлердің шежіресін жазып отырды, олар да тауық өсіру ережесі болды.
...